Ашық сабақ. Шоқан Уалиханов

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 сынып. Қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Ш. Уәлиханов: «Қазақ халық поэзиясының түрлері»

Мақсаты: ғалым еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, мақтан етуге, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, білімге, өнерге, ізденімпаздыққа, өздік шығармашылыққа баулу, оқушылардың әдебиетке, жағрафияға қызығушылықтарын, туған өлкесіне сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ. Шоқанның өмір жолдары:

•арғы тегі, туып - өскен ортасы, балалық шағы;

•Шоқан - суретші, саятшы, Шоқан және музыка;

•білім алу кезеңі(Омбыда оқуда болған жылдары).

2-топ. Шоқанның ғылыми қызметі:

•Шоқан-әдебиет зерттеушісі;

•Шоқан - этнограф;

3-топ. Шоқан - саяхатшы, тарихшы.

•Шоқанның Ыстықкөл аймағына, Қашқарияға саяхаты;

•Шоқан өмірінің соңғы кезеңдері

ІІІ. Негізгі кезең.

- Шоқан алғашқы әдебиетке араласқан сәтінен бастап-ақ қазақтың бай ауыз әдебиетінен сусындап өсті, ары қарай әлемге танытушы да болды. «Қозы көрпеш - Баян сұлу» жыры, көптеген мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырларының үлгілерін жазып қалдыруы - Ш.Уәлиханов еңбектерінің бір саласы.

Осымен бірге зерттеуші «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» деген еңбегінде алғаш рет бөліп қарайды. Бұлай болуы қазақ әдебиетінің тіпті түркі әдебиетінің табысы деуге болады.

1.Аса ірі дастандарды ғалым «Жыр» дейді. Бұған «Қозы Көрпеш - «Баян сұлу», «Ортақ Батыр», «Ер Көкше» секілді шығармаларды кіргізеді. Яғни, қазақ әдебиетіндегі «Жыр» атты терминді алғаш енгізуші Ш.Уәлиханов деуге әбден болады.

2.Осыған қоса, Ш.Уәлиханов қазақтың жоқтауын «Жылау» деп атайды.

3.Жиын-тойда, қазақтардың мейрамында айтылатын шалт, қысқа да тапқыр сөзбен қағысар айтыс түрін «Айтыс» дейді.

4. 1853 жылы 18 жасында Кадет корпусын табысты аяқтаған Шоқан Омбыдағы генерал губернатор Г.Х.Гасфорттың адъютанты болып қызметке орналасады. Осы әскери қызметін атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының, әсіресе, Шығыс Түркістан елдерінің тарихын, қоғамдық құрылымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, географиясын зерттеуге ден қояды. 1854 жылдан бастап Шоқан Жетісу жерін, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін аралап шығады.Бұл сапарларында ол жергілікті халықтың тарихы, жер-су аттары, әдет-ғұрпы, діни сенім - нанымдарына байланысты мол материалдар жинайды. Кейіннен осы жинаған рухани дүниелері негізінде ол «Тәңірі»(Құдай), «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты зерттеу еңбектерін жазады.

ІV. Оқулық бойынша жұмыс.

V.Сабақты бекіту.

VІ.Қорытынды кезеңі. 1. «Шоқан кім?» деген сұраққа жауап беру үшін келесі кластерді толтырамыз.

2.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметі - егемен еліміздің жастары үшін тамаша улгі - өнеге.

VІІ. Үй тапсырмасы.

VІІІ. Бағалау.


© 2010-2022