Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем ҰБТ дайындық

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы, Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылы.Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем ҰБТ дайындық

«Ескелді ауданы әкімдігінің Байысов атындағы орта мектебі МДШО» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Шарипкулова Камшат Аманжолқызы

Санаты: 1

Жұмыс өтілі: 9 жыл

Деңгейі: 2 (негізгі)



Сабақтың тақырыбы:

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.

Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу; Ана тілін сүюге, қадірлеуге; адамгершілңкке тәрбиелеу.

Сабақ түрі:

қайталау сабағы.

Негізгі идея

Оқу мен оқытуды жақсарту.

Көрнекіліктер:

слайд, үлестірмелі карточкалар, мәтіндер.

Ұйымдастыру кезеңі

Қима қағаздардағы тапсырмалар арқылы арқылы 3 топқа бөлу. (Слайд №1) Оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап, топқа дұрыс бөлінгендігін тексеру. (Слайд№2)

Сабақтың барысы

Салалас құрмалас сөйлемдер дегеніміз не?

Олар қаншаға бөлінеді.

1 тапсырма:

Қима қағаздардағы ережелер бойынша әр топ жеке жұмыс жасайды. Еске түсіреді. Әр топ қорғайды.

2 тапсырма: Сәйкестендіру

Берілген сөйлемдерді дұрыс орналастыруы қажет.(Слайд №3)

3 тапсырма: Баламалы тест (Иә, жоқ)

1. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.

2. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін.

3. Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы ешқашан қайталанбайды.

4. Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды.

5. Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады.

6. Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте қойылады.

7. Талғаулы салаласта екі жай сөйлем арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлем арасына үтір қойылады.

8. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.

9. Қарсылықты салаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге айналдыруға болады.

10. Аралас құрмалас кейде төрт жай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады.

Сабақты қорытындылау: Семантикалық картаны толтыру

Салалас түрі

жалғаулық-тар

Ыңғайлас

Қарсылық-ты

Себеп- салдар

Түсіндір

мелі

Талғаулы

Кезектес

Да, де, та, те, және, әрі.

Сондықтан, себебі, өйткені.

Бірақ, дегенмен, әйтсе де.

Сонша, сол, сондай.

Болмаса, әйтпесе, не.

Біресе, бірде, кейде.

І топқа тапсырма: шылауларды сәйкестендір

ІІ топқа тапсырма: салаластың тыныс белгілерін еске түсір де жаз

Салалас тыныс белгілері

Ыңғай

лас

Қарсы

лықты

Себеп-салдар

Түсіндірмелі

Талғаулы

Кезектес

,

, :

, -

: -

ІІІ топқа тапсырма: берілген кесте бойынша мысалдар жаз.



Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем ҰБТ дайындық

Кері байланыс:

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қима қағазға жазып, көңіл-күйлерін тақтадағы суреттерге байланысты қорытындылайды.

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем ҰБТ дайындық

Үйге тапсырма:

Салалас құрмалас сөйлемдерден жасалған мақал-мәтелдерді жазып келіңіздер.

ФОТОСУРЕТТЕР • ФОТОСЕССИЯ • PHOTOSHOOT

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем ҰБТ дайындық

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем ҰБТ дайындық

© 2010-2022