Бақытым да, байлығым да – денсаулығым

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Бақытым да, байлығым да - денсаулығым.

Мақсаты: «Қазақстан - 2050» бағдарламасында көрсетілгендей елдің

әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы

болу үшін зиянды әдет - ішімдік, нашақорлық, шылым шегуші-

ліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа зиян екенін түсіндіру,

гигиена талаптарын сақтай білетін азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер: «Дені саудың - жаны сау»,

«Денсаулық кепілі - салауаттылық», сыра, арақ- шарап

туралы баяндама.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Денсаулық - ең қасиетті де, құнды, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазына. Ішімдік, нашақорлық - адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Барлық байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді. Сол себепті бүгінгі «Бақытым да, байлығым да - денсаулығым» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Олай болса, егеменді еліміздің тұтқасы болар болашақ жас ұрпақты қол соғып ортаға шақырайық.

«Болашақ» тобы мен «Салауаттылық» тобы ортаға шақырылып, әділқазылар алқасы таныстырылады.

Сайысымызды бастамас бұрын «Денсаулық - зор байлық» атты баяндама тыңдалады.

Сайыс шарттары:

  1. Таныстыру (әрбір топ өздерін таныстырады, атына, ұранына тоқталады)

  2. «Салауаттылық - өмір салты» (жалпы денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдер айту)

  3. «Өнерім - алтын діңгегім» (денсаулық тақырыбында өлеңдер, тақпақтар айту)

  4. «Тазалық - саулық негізі» («Шша күтімі», «Тіс күтімі» тақырыптарына топ капитандары шағын анықтама беру)

  5. «Тәні саудың - жаны сау» (сұрақтарға жауап)

Сайысымызды бастайық!

І. Таныстыру .

Тобымыздың аты - «Болашақ», өйткені бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Денсаулық дегеніміз - адам жаны мен тәнінің амалдығы.

Топтың ұраны: «Денсаулығы ғаламның - денсаулығы адамның», біз үлкендерден үлгі алып, өсіп келе жатқан болашақпыз, сондықтан салауатты өмір салтын ұстанамыз, болашаққа өміріміз гүлді болады деген сеніммен қараймыз.

Тобымыздың аты- «Саалуаттылық», себебі денсаулық кепілі - ұқыптылық, тазалық. Біз спортпен шұғылдануды, жаман қылықтардан аулақ болуды қолдаймыз.

Топтың ұраны: «Еліміздің болашағы - дені сау азаматтардың қолында». Еліміздің жалғасы - біздер, өсіп келе жатқан жас жеткіншектер, сондықтан да біз еліміздің салауатты болашағы болғымыз келеді.

ІІ. Салауаттылық - өмір салты. (денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдер айту).

  1. Сақ жүрсең - сау жүресің.

  2. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

  3. Денің сау болса, жарлымын деме. Жолдасын көп болса, жалғызбын деме.

  4. Тыста ұзақ жүргенің - ұзақ өмір сүргенің.

  5. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі.

  6. Елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман.

  7. Іздеп алған аурудың - емі табылмас.

  8. Демі бардың - емі бар.

  9. Сырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы.

  10. Жағымсыз иістен аулақ бол, жақсы іске жақын бол, темекімен жау болып, адамдыққа асық бол.

  11. Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі.

  12. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса , аузыңды тый.

  13. Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады.

  14. Аурудың жақсысы, дәрінің тәттісі жоқ.

  15. Жарлының байлығы - денінің саулығы.

ІІІ. «Өнерім - алтын діңгегім» (денсаулық тақырыбында тақпақ, өлең)

  1. Денсаулық ол - шыныққан

Барлық денең мүшесі

Денсаулық ол - тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол -жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

  1. Өмір тәтті бал екен,

Ұрпағы балғын тал екен

Денсаулық бұл пәниде

Алтыннан қымбат-ақ екен

Біз өмірді таңдаймыз,

Біз өмірді қалаймыз.

Әрқашан бар ынтамен

Салауатты қолдаймыз.

ІV. «Тазалық - саулық негізі» (капитандар сайысы)

Бірінші топ тапсырмасы: Тіс күтудің жолдары қандай.

Екінші топ тапсырмасы: Шаш гигиенасы туралы.

V. «Тәні саудың - жаны сау». (сұрақ - жауап)

«Болашақ» тобы:

  1. Шылымның зияны тиетін мүше?

  2. Салуатты өмір салты деген не ?

  3. Құрамында этил спирті бар. Ол не?

  4. 2002 жылды Елбасы қандай жыл деп жариялады?

  5. Шашты қалай күту керек?

«Салауаттылық» тобы:

  1. Темекі құрамындағы улы зат?

  2. Алкогольдың зияны тиетін мүше?

  3. Денсаулыққа зиян келтіретін не ?

  4. Туберкулезге қарсы күрес күні?

  5. Тісті қалай күту керек?

V. Қорытынды.

- «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, естіп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау - көрегенділіктің белгісі. Салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ болып өсе берейік.

Женген топ марапаттау қағазымен марапатталады.

  • Осымен сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар!



© 2010-2022