Ұлттық ойын - Тас қала

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Асық ойыны «Тас қала»
Мақсаты:

Балаларға асық ойнау ойыны арқылы ұлттық салтымызды дәріптеуге баулу. Ұлттық ойындарды ойнауға қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру. Ойын ережесін түсіндіру.Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту.
Балалардың білімдерін тексере отырып тілдерін дамыттыру.
Ойынның ережесі:
Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.Ойынға барлық топ балалары қатысады.Жалпы ойын түрін түсіндіріп, асықтың не екенің оны қалай жасайтыны жайында түсіндіріледі.Балалар асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды (балаларға өздігінен орындауға береміз) Оның қашықтығы 7 - 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады.

Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.
Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады,және де сол ойыншы қазақ тілінде тақпақ, не өлең айтып беру керек. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін атады. Ойын барысында балалар жатқа білетін тақпақ, өлеңдерін. Не сол жерде қазақ тілінде лексикалық тақырыптарға байланысты сөйлем құрап, айтулары тиіс.



© 2010-2022