Разработка урока по казахскому языку на тему Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу түрлерін ажырата отырып, сөйлемнен тыс тұрған сөз тіркесінің құрылымын,байланысу заңдылықтарын меңгереді. Дамытушылық: қарапайым түсінікті күрделі түсініктермен астастырып танымдық-зерделеу, сауатты талдау мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға үйренеді, логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, танымдық тапсырмалар мен шығармашылық тапсырмалардың ара жігіндегі дамытушылық қызметтер, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әр...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақанбаева Пейзатхан Жақсыбайқызы

Текелі қаласы, №1ОМ МДШО-мен ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сыныбы: 7-сынып Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу түрлерін ажырата отырып, сөйлемнен тыс тұрған сөз тіркесінің құрылымын,байланысу заңдылықтарын меңгереді.

Дамытушылық: қарапайым түсінікті күрделі түсініктермен астастырып танымдық-зерделеу, сауатты талдау мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға үйренеді, логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, танымдық тапсырмалар мен шығармашылық тапсырмалардың ара жігіндегі дамытушылық қызметтер, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекеті артады.

Тәрбиелік: лексикалық тапсырмаларды орындау барысында оқушының тұлғалық болмысы қалыптасады, көркем әдебиетке қызығушылығын оятуға ықпал етеді.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,үлестірме топшамалар,көркем шығармалар,портреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет пәнімен байланыстыру,математика.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы (шығармашылық сабақ)

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Топқа бөлу. Топ көшбасшысын тағайындау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Ойын. «Грамматикалық терминді таңдау». Терминдер: сөз, сөйлем, сөз тіркесі, синтаксис.

Оқушылар берілген терминдерден сабаққа қатысты термин сөзді анықтайды және оның қажеттілігн дәлелдейді.

2. Сұрақ:

- Сөз тіркесі дегеніміз не?

- Сөз тіркесінің қандай айырықша белгілері бар?

- Сөздердің байланысу түрлерінің қандай тәсілдері бар?

3. Ой озғау.Сөздердің осындай тәсілдері арқылы байланысуы міндет пе, мақсат па?

4. «Қатені түзеу» ойыны. Шарты: сөздердің байланысу тәсілдерін дұрыс орналастыру.

Сөз тіркесі

Қатесі

Дұрысы

1. Адам арманы

Шылау арқылы

2. Көпір арқылы өту

Интонация арқылы

3. Бұл - мекеме

Орын тәртібі арқылы

4. Қызықты күндер

Жалғау арқылы

5. Жақсы лебіз

Орын тәртібі арқылы

6. Мақсатына жету

Жалғау арқылы

7. Білу үшін оқу

Жалғау арқылы

8. Ананың мейірімі

Шылау арқылы

9. Мұқағали - ақын

Орын тәртібі арқылы

10. Ғажайып әлем

Интонация арқылы

ІІІ. Жаңа сабақты игерту.

1. Мақсат қою кезеңі.«Бүгінгі тақырыпта нені білуіміз керек?»

Сұрақ барысында оқушылардың болжау пікірлерімен таныса отырып,сабақтың негізгі мақсаты слайд арқылы көрсетіледі.

1.Сөздердің байланысу түрлері.

2.Грамматикалық белгілері.

3.Сөздердің байланысу тәсілдерімен байланыс.

4.Заңдылық (ереже).

2. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдата отырып оқушылар пікірін тыңдау.

1. Қиысу. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. (Абай).

2. Матасу. Достық деген - адамның көрігі екен,

Достық деген - адамның серігі екен. (Мұқағали).

3. Меңгеру. Асқар белден күн нұры шашырады,

Шашырап ол да көлге бас ұрады. (Мұқағали)

4. Қабысу. Сұрғылт тұман дым бүркіп ... (Абай).

5. Жанасу. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. (М.Әуезов)

Балалар пікірін ортаға салып біткен соң, түсіндіру жұмысын жүргізу. Олардың пікірін ескере отырып, ереже шығару.

3. Жаттығу жұмыстары. Топпен жұмыс.

1-топ. «А» деңгейі - шығармашылық деңгей

Мәтінмен жұмыс.

Мен бақытты көрсем деуші едім.

Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.

Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: -Е,азаматтар,бақытты болыңдар, дейтін еді.

Менің бақытты көргім келді.

Мен сонан бері талай бақытты адамды көрдім.Талай бақытпен бетпе-бет кездестім,қазір өзім бақыттың құшағындамын.

Мен көруге құштар болған бақыт қазір мені де,менің жолдастарымды да көтеріп шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты.

Бақыт өмірмен қатар келмейді екен,өмірмен араласып,өмір болып келеді екен.Бақыт қолыңды алмайды екен,жүрегіңді алады екен.жүрегің бақытқа шомылып,сен өмірге өзімсініп кіріседі екенсің.Мен бақытты көрдім. (Саттар Ерубаев).

1-тапсырма. Мәтіннамалық (текстологиялық) жұмыс

а) Мәтінде не абзац бар? ә) Жаңа ой қанша?

б) Қосымша ой бар ма? в) Қандай сөйлемнің түрлері кездеседі?

2-тапсырма. Композициялық-мәтіндік талдау

Шығарма неше бөлімнен тұрады? Сөздердің байланысу түрлерін анықта.

а) Қиысудың мәтіндегі саны-

ә) Меңгерудің мәтіндегі саны-

б) Матасудың мәтіндегі саны-

в) Қабысудың мәтіндегі саны-

г) Жанасудың мәтіндегі саны-

4.Сөздердің байланысу тәсілдерінің санын анықтаңдар.

2-топ. «Ә» деңгейі - танымдық деңгей

1-тапсырма. Абай, Жамбыл, Мұқағали кім? Олардың әдебиеттегі орны қандай?

2-тапсырма. Абай, Жамбыл, Мұқағали шығармалары бойынша сөздердің байланысу түрлерін табу.

3-топ. «Б» деңгей - мақсатты деңгей.

1-тапсырма.Ойлану сұрағы. Грамматикалық құрылым қиысудан басқа байланысу тәсілдеріне тән бе? Неге? неліктен?

2-тапсырма. Қабысу мен жанасуды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

ІҮ. Білімді бекіту. Постермен жұмыс.

Ү. Үйге тапсырма. Мәтін жазып, байланысу түрлерін ажырату.

ҮІ. Бағалау. Топ лидерлері арқылы оқушылар бағаланады.

Тұжырым. Сабақ бойынша оқушыларға қорытынды жасату.

Кері байланыс.

Топқа бөлу

Разработка урока по казахскому языку на тему Сөздердің байланысу түрлері

Разработка урока по казахскому языку на тему Сөздердің байланысу түрлері

.

Топпен жұмыс

Разработка урока по казахскому языку на тему Сөздердің байланысу түрлеріРазработка урока по казахскому языку на тему Сөздердің байланысу түрлері



І топ ІІ топ

Разработка урока по казахскому языку на тему Сөздердің байланысу түрлеріРазработка урока по казахскому языку на тему Сөздердің байланысу түрлері



ІІІ топ Постер қорғау сәті





© 2010-2022