1 сынып Үй жануарлары

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларымен таныстыру, үй жануарларына байланысты ертегі, ән, тақпақтар туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын меңгеру, үй жануарлары туралы ауыз әдебиеті үлгілері туралы түсінік алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру, байланыстыра сөйлеуге үйрену.

Тұлғалық: үй жануарларына, олардың төлдеріне сүйіспеншілікпен қарау.

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

III. Жаңа сабақ

1-тапсырмадағы суреттер бойынша үй жануарлары мен олардың төлдерінің атаулары аудиотаспадан тыңдалады. Сурет бойынша аталады.

жылқы-құлын түйе-бота

сиыр-бұзау қой-қозы ешкі-лақ

2-тапсырмадағы жұмбақ аудиотаспадан тыңдалады, оқытылады, оқушылар жауабын табады. Жұмбақтың жауабы: 31.

Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі.

Алты қозы, екі қой,

Бәрін санап, айты ғой.

11+5+2+5+6+2=31

3-тапсырмадағы сурет бойынша сөйлесу үлгісі тың-далады, қайталанады, рөлге бөлініп оқытылады. Оқушылар «туралы» сөзін үй жануарлары атауларымен байланыста қолдана алуға жаттығады.

Мен туралы ертегі бар.

Мен туралы ән бар.

Мен туралы не бар?

Бота туралы не бар?

4-тапсырмада лақ туралы ертегі, ал қозы туралы ән бар екені туралы түсінік беріледі. Оқушылар сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы бүл ақпаратты нақтылай түседі.

Лақ туралы ертегі бар. (жеті лақ)

Қошақаным туралы ән бар.

Қошақаным қайда екен?

Жазда атамның аулына

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнақтап жүгіріп.


5-тапсырмадағы сөйлесу үлгісін оқу арқылы оқушылар бота туралы тақпақ бар деген қорытынды жасап, 6-тапсырмада осы бота туралы тақпақты аудиотаспадан тыңдайды, мәнерлеп оқиды. Тақпақ хормен қайталату арқылы жатта-лады.

Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Бота туралы не бар?

Бота туралы тақпақ бар.

Боташым.

Айналайын жан ботам!

Кіп-кішкентай ақ ботам!

Айым, күнім, боташым,

Қуанады анашың.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.

V. Үй тапсырма: 6-тапсырма бет 41


© 2010-2022