Диктант Менің мектебім (4 сынып)

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы

Искра орталау мектебі

Менрембаева Гулюм Улубековна

4 cынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант Менің мектебім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық диктант

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: өз мектебі жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Біздің мектептегі спорт үйірмелері» мәтінін мазмұндау.

«шұғылдану, жұмыс жасайды, жер» сөздерінің синонимін табу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Менің мектебім» мәтінін оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

2 - тапсырма. Сөйлесуді жалғастырыңыз.

- Сенің мектебің қандай ?

- ...

- Сен қандай мектепте оқуды армандайсың?

- ... .

Шығармашылық диктант

Менің мектебім.

Менің атым Виктория. Мен төртінші сыныпта оқимын. Менің мектебім өте үлкен және екі қабатты. Мектеп жаңа, әдемі, жылы. Мектептің бірінші қабатында акт залы, асхана, спорт залы, кітапхана және шағын орталық орналасқан. Екінші қабатта оқу сыныптары бар.

Менің сынып жетекшім Шурупова Ирина Викторвна. Ол бізге сабақты қызықты береді. Сабақта біз оқимыз, жазамыз, сурет саламыз.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

«Менің мектебім» тақырыбында әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау


© 2010-2022