Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары 10 сынып «Шоқан Уәлиханов»

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Ахметбекова Бакыт Сериковна

10 «К» сыныбы.

Оқушылардың жалпы саны 11

Сабаққа қатысқандар саны 9

Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті С,Сейфуллин атындағы орта мектебі

9 Апта

28.10.2015

1 Сабақ. 10 : 55-11 40 № 22 дәрісхана

Сабақтың атауы

Шоқан Уәлиханов

Жалпы мақсаты

Оқушылар қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов тақырыбы бойынша білім деңгейлерін толықтырады, топ ішінде жұмыс істей отырып, өздігінен білім алуға бағытталады.

Күтілетін нәтиже

Жаңа тақырыпты өздері меңгеріп, Шоқан жайлы қосымша ақпарат алып, өз ойларын емін- еркін жеткізеді.

Көрнекіліктер

Бейнеролик, мәтін, қағаз қиындылары, презентация,бағалау парағы

Іс -әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекет

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Мұғалім сәлемдеседі.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар.

Шаттық шеңберін құру.

Бүгінгі ашық сабақта баршаларыңызға сәттілік тілеймін.

Мұғаліммен сәлемдеcеді.

Бір-біріне ізгі тілектер айтады.

Ұйымдастыру іздестіру


Топқа бөлу

Миға шабуыл



БББ сызбасын толтыру


Мәтінмен жұмыс



Бағалау парағын толтыру

Бейнеролик көру

Қағазға түсіру



Топтық қорғау


БББ сызбасы

Синквейн



Үй жұмысы

Бағалау

-Ортаға шығып әрбіреуіміз қағаз кесінділерін таңдап алайық.

-Айтылған пікірлер бойынша екі топқа бөлінейік.

-Қалай ойлайсыздар осы айтылған пікірлер қазақтың қандай ұлы перзентіне арналған?

-Дұрыс айтасыздар, ендеше «Құсмұрын бекеті» және «Сырымбет ауылы » деп екі топқа бөлінеміз.

-Қалай ойлайсыздар неліктен топ атаулары «Құсмұрын бекеті» және «Сырымбет ауылы » деп аталынған?

-Жақсы. Дұрыс айттыңыздар. Ендеше, қазір мен сіздерге білемін, білгім келеді , білдім деген сұраққа жауап беретін қағаз кесінділерін таратамын.

Екі минут уақыт ішінде Шоқан Уәлиханов туралы не білетінімізді жазайық.

Келесі тапсырма

Мәтін таратамын . Әрбіреуіңіз жеке дара зейін қоя оқып,тұшынып , ой елегінен өткізесіңіздер.

Соңсоң топ ішінде талқылайсыздар, түсіндіресіздер.

Содан кейін барып, кластер құрастырамыз.

Бағалау парағын толтыруды ұмытпаңыздар.

Уақыт шектеулі, мәтінмен жұмысты бастайық.

Енді мен сіздерге қосымша ақпарат көзін бейнебаян арқылы беремін. Бейнебаяннан алған білімдеріңізді қағаз бетіне түсіресіңіздер.

Жақсы енді қағаз бетіне түсірейік.

Тақтаға шығып әр топ өз жұмысын қорғайды.

Жақсы, бағалау парағын толтыруды ұмытпаңыздар.

Енді сабақ басында толтырылған қағазға көшіп, не білдік деген бағанды толтырайық.

Келесі тапсырма бес жолды өлең құрастыру.

Оқимыз.

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

«Шығыс әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етті» тақырыбында ойтолғам жазып келу.

Бағалау парағын негізге ала отырып оқушылардың білімін бағалаймын.

Оқушылар қағаз кесінділерінен тақтада жазылған сөйлемді құрастыра отырып, топ құрайды.

Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдап, сұраққа дұрыс жауап бере отырып сабақтың тақырыбын ашады.

- Қазақтың ұлы ғалымы, зерттеушісі Шоқан Уәлихановқа арналған.

Екі топтың бұлай аталу себебіне келетін болсақ, «Құсмұрын бекеті» ғалымның туған жері, «Сырымбет ауылы » балалық шағы өткен жері.

Оқушылар БББ кестесін толтырады.


Таратылған мәтінді оқушылар жеке - жеке оқиды, бір - біріне түсіндіреді.Топ болып, кластер құрастырады.


Бағалау парағын толтырады.


Бейнеролик көреді.Бейнероликтен алған ақпаратты қағаз бетіне түсіреді.



Топ болып қорғайды. Бірін- бірі толықтырады.

БББ сызбасын толтырады.

Бес жолды өлең құрастырады

Әр топтан бір оқушыдан оқиды.

Рефлексия

Екі жұлдыз бір тілек













© 2010-2022