Урок на тему Сөз шынды табар

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9-сынып

Тақырып: Сөз шынды табар

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Сөз шынды табар» тақырыбы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру.

2.Дамытушылық: есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытып,тыңдай білу және ойымен бөлісу әрекеттерін ұштастыру,мәтін арқылы сөз қорын байытып,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: адамгершілікке,өз елін сүюге, қазақстандық патриот сезімін оқушылардың бойына сіңірту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,тапсырмалар орындау ,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі :оқулық

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Үй тапсырмасын сұрау

Дәптерлерін тексеру

  1. Жаңа сабақты өтуге даярлық

5.Жаңа сабақ

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тілдің ерекшеліктерін ауызша анықтаңдар.Қарамен жазылған сөздердің жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар. Мәтінге ат қойыңдар.

Газет,телевидение, радио бүгінде әрбір үйдің күнделікті қонағына айналды. Оның маңыздылығы сонда, ол таным құралы есебінде біздің радиоқұлағымыз бен экрандағы телекөзіміз бола отырып, әрі бізді өзге әлемнен алшақтатып тұрған жылтыр қабырға секілді көрінеді.Мұнда өз ісін терең білетін әрі жан-жақты ойлай білетін , әрі публицистикалық бар мүмкіндіктерін толық пайдаланатын , танымы биік аналитиктер ғана жұмыс істеуге құқылы.

ІІІ деңгей

1.Аударма сөздігінен берілген сөздердің мағынасын анықтап алып, мәтінде не туралы айтылғанын қысқаша айтып беріңдер.

Маңыздылығы

Таным құралы

Алшақтату

Жылтыр

Қабырға

Мүмкіндіктер

Құқылы

2. «Газет, телевидение және радиода өз ісін терең білетін әрі жан-жақты ойлай білетін, танымы биік аналитиктер ғана жұмыс істеуге құқылы» дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІ деңгей

1.Мәтіннен бірнеше сөз тіркесін теріп, өз сөйлемдеріңді құраңдар.

2.Мәтіндегі ойды ауызша әрі қарай жалғастырыңдар.

І деңгей

«Сіздің өміріңіздегі радио , телевидениенің орны» деген тақырыпқа мәтін дайындаңдар.

3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын анықтап, есте сақтаңдар.

  1. Артық сөйле,кем сөйле,

Таразылап тең сөйле.

  1. Таудай сөздің тарыдай түйіні бар.

  2. Орынсыз сөз өзіңе тиер.

ҮІ.Сабақты түсінгенін тексеру

5-тапсырма. Жоғарыда берілген бір мақал-мәтел бойынша шағын шығарма жазыңдар.

ҮІІ.Сабақты бекіту

Ақпарат құралдарына нелер жатады?

Радио,телевиденияда жұмыс атқаратын адамдар қандай болуы тиіс?

Болашақта қандай мамандық иесі боласыңдар?

ҮІІІ.Үйге тапсырма. 4-тапсырма.

© 2010-2022