Сабақтың тақырыбы Мен және менің досым «Көптік жалғау »

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы Мен және менің досым «Көптік жалғау »

Сабақтың мақсаттары:

* а) Білімділік - оқушыларға кесте арқылы көптік жалғауын түсіндіру. Менің досым туралы әңгіме, мысал арқылы түсінік беру, жасалу жолына тоқталу.

* ә) Тәрбиелік - пәнге деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау, тыңдай білу қабілеттерін дамыту.

* б) Дамытушылық - оқушылардың өз ойын еркі жеткізуге , тіл байлығын дамытуға,

Жаңа сөздер арқылы сөйлем құрап өзара сұқбатасуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, оқу құралдары, кеспе қағаздар.

Сабақтың түрі: Тіл дамыту сабағы:

Сабақтың барысы:Сәлемдесу, түгелдеу, оқу-құралдарын даярлау, сабаққа назарларын аудару.

С А Б А Қ Т Ы Ң Ж О С П А Р Ы :

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Үй тапсырмасын тексеру.

3)Жаңа сабақты түсіндіру.

4)Кестемен жұмыс.

5)Кітаппен жұмыс.

6) Қортындылау.

7) Үйге тапсырма.

8) Бағалау.

2.Үй тапсырмасын қайтала. Сұрақ-жауап.

Сұрақтар:

1. Түбір нешеге бөлінеді және ата?

2. Сөздерді аудар:

гранат -

слива -

клубника -

малина -

3.Жидектер,жемістер ,көкөністерді ата.

4. Күз айларын ата;

а) наурыз, сәуір, мамыр

ә)қыркүйек, қазан, қараша

б)көктем, күз, жаз

4. Сөздерді құрамына қарай талда;

3. Жаңа сабақ: Мен және менің досым «Көптік жалғау »

Кестенің көмегімен түсіндіру.


Сабақтың тақырыбы Мен және менің досым «Көптік жалғау »






Көптік жалғауы (Окончание множетвенного числа)

-Барлығымыз кестеге назар аударайық.

-Түбір сөзге көптік жалғауы жалғанады. -лар, -лер жалғауы, дауысты және үнді р, й, у дыбыстарынан кейін жалғанады. Мысалы: бала+лар, кісі+лер, қар+лар, үй+лер, тау+лар.

-дар, -дер жалғауы, ұяң з, ж және үнді л, м, н, ң дыбыстарынан кейін жалғанады. Мысалы: үлкен+дер, қалам+дар, үстел+дер, қағаз+дар, аң+дар.

-тар, -тер жалғауы, қатаң және ұяң б, в, г, ғ, д дыбыстардан кейін жалғанады. Мысалы: сынып+тар, мектеп+тер, дос+тар.

4. Кітаппен жұмыс.

-Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғандар.

Дос+тар, құрбы+лар, бала+лар, қыз+дар, кітап+тар, мұғалім+дер, мектеп+тер.

-Кім тақтаға шығып жазады?

-Жазғанынды оқи ғой

-Өте жақсы.

3 - тарсырмадағы мәтінді оқып, мазмұның айтындар. Көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазындар.

-Енді, мәтінді түсіну үшін жаңа сөздерді оқуымыз керек.

-Кім оқиды?

-Өте жақсы.

-Мәтінді мен оқып беремін, сендер мұқият тыңдандар.

-Кім оқиды және орыс тіліне аударады?

-Бірінші сөйлемді оқып аудара ғой.

-Мәтіннің ішінен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазындар.

-Кім тақтаға шығып жазады?

-Жазғанынды оқи ғой

-Өте жақсы.

Қортынды:

-Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік?

-лар, -лер жалғаулары, қандай дыбыстардан кейін жалғанады?

-тар, -тер, жалғаулары, қандай дыбыстардан кейін жалғанады?

-дар, -дер, жалғаулары, қандай дыбыстардан кейін жалғанады?

-Өте жақсы.

Үй тапсырмасы:

40 бет 1 тапсырма. Сызба бойынша әңгіме құра.

Оқушыларды мадақтау, білімдерін бағалау. Бағаларын журналға, күнделіктеріне қою.


© 2010-2022