Мақала Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа заман - мұғалімнің алдына жаңа талап қояды.

Заман талабына байланысты, мұғалімнің біліктілігі оның оқушыларды ҰБТ сапалы дайындауына байланысты таразыға салынады. Қазіргі таңда

мұғалімнің еңбегінің жемісі ҮБТ қорытындысына байланысты бағаланады..

Сондықтан оқушыларды ҰБТ сапалы түрде дайындау үшін көптеген әдіс -тәсіл қолданып, бүгін сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырған

тәсілге сүйенуді өз еңбегімнің нәтижесі бойынша ең ықтимал нұсқа деп таптым. Кейбір оқушы тест сұрақтарын жаттап алсақ, сол жеткілікті деп ойлайды. Бұл әрине-дұрыс емес, себебі барлық тест сұрақтарын жаттап алу мұмкін емес, және де механикалық жатталған нәрсе ойда көп уақыт сақталмайды да. Екіншіден, ҰБТ-ті сапалы тапсыру үшін базистік бағдарламадан басқа пән бойынша қосымша материалды қоса игеру өте қажет. Қазақ тілі пәні бойынша бағдарламада бекітілген грамматика, фонетика, лексикадан басқа , орта білім беру үрдісіне енгізілмеген материалды қоса игеру үшін үйірме жұмысына көп көңіл бөлу қажет..

Оқушылардың ҰБТ -ті сапалы тапсыруы үшін «Ұлттық бірыңғай тестке дайындық жұмысының жүйесін» өңдедім.

1. «Оқушы мақсаты» - пән бойынша түбегейлі білім деңгейін игеру

« Мұғалім мақсаты» - оқушыны сапалы түрде дайындау

2. « Оқушының мотиві» - ҰБТ -ті жақсы тапсыру

«Мұғалімнің мотиві» - өз жұмысының нәтижесін көру

3. «Мақсатқа жету жолдары» - оқушымен тығыз байланыс, ҰБТ -ға сапалы дайындауға ықпал ететін заманауи жаңа ақпараттық технологиялар қолдану.

4. « Білім деңгейін сапалы тексеру» - өткізілген тесттерді терең талдау, салыстырмалы кесте құру, талдау нәтижесі бойынша оқушымен жеке жұмыс жүргізу.

5. «Қорытынды жасау» - ҮБТ нәтижесі, білім деңгейінің сапасы бойынша мониторинг жасау.

Мақсатқа қол жеткізу үшін тақырыпты меңгеру жұмыстарын жан -жақты жүргізу қажет, ол үшін: 1) тек қана жаңа тақырып бойынша 10 сұрақтан тұратын мини -тест өткізу2) мини -тест толығынан меңгерілген жағдайда тек қана осы тақырып бойынша жаттығу жұмысын өткізу

1. Ыңғайлас салалас сөйлемнің жалғаулығы:

А) және, әрі, сондықтан, әйткенмен В) сол себепті, сонда да, сөйтсе де, да, де

С) және, әрі, да, де, та, те Д) бірде, біресе, кейде Е) не, немесе, я, яки,

2. Себеп - салдар салалас сөйлемнің жалғаулығы:

А) өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десеңіз, сол себепті В) сол себепті, сонда да, сөйтсе де, да, де С) және, әрі, да, де, та, те Д) бірде, біресе, кейде

Е) не, немесе, я, яки,

3. Қарсылықты салалас сөйлемнің жалғаулығы:

А) және, әрі, сондықтан, әйткенмен В) сол себепті, сонда да, сөйтсе де, да, де

С) және, әрі, да, де, та, те Д) бірде, біресе, кейде

Е) бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйтсе де, әйткенмен, алайда

4. Талғаулы с алалас сөйлемнің жалғаулығы:

А) және, әрі, сондықтан, әйткенмен В) сол себепті, сонда да, сөйтсе де, да, де

С) және, әрі, да, де, та, те Д) бірде, біресе, кейде Е) не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, әйтпесе

5. Түсіндірмелі салалас сөйлемнің жалғаулығы:

А) және, әрі, сондықтан, әйткенмен В) сол себепті, сонда да, сөйтсе де, да, де

С) және, әрі, да, де, та, те Д) жалғаулығы жоқЕ) не, немесе, я, яки,

6. Кезектес салалас сөйлемнің жалғаулығы:

А) және, әрі, сондықтан, әйткенмен В) сол себепті, сонда да, сөйтсе де, да, де

С) және, әрі, да, де, та, те Д) бірде, біресе, кейде Е) не, немесе, я, яки,

Оқушы мини -тест бойынша қате жіберсе, оның қателері кестеге тізіліп жазылады, кесте бойынша қатемен жұмыс жүргізіледі, өзі түзете алмаған жағдайда кеңес беріледі. Ауызша тапсыру жұмысынан кейін, сынақ тапсыру қажет, екінші рет тапсырған оқушыға мынадай кәртішке беріледі. Бұл мақсатқа қол жеткізудің екінші кезеңі

Түрлері

Мысалдар Ыңғайластық Қарсылықты Себеп-салдар Кезектес Талғаулы Түсіндірмелі

1 Мен кеттім, бірақ қайтып келетінімді білдім.

2 Күз келді және жаңбыр жауды

3 Алма жылады, себебі Айдар оған хат жазбады.

4 Бала далаға шығып еде, көңілі бірден жібіді.:

5 Достың бәрі бірдей емес: бірі жылатады,бірі күлдіреді.

6 Кейде қар жауады, кейде боран тұрады.

7 Келген екеу еді: бірі -шешем, бірі -әкем.

8 Ол біренсе далаға шығады, біресе үйге кіреді.

9 Ақша жоқ, дегенмен ұрлыққа бармаймын.

10 Сен оны әкет, болмаса өзің кетесің.

11 Көмір де осы, алтын да осы.

3) Кәртішкемен жүргізілетін жұмысты сапалы өткізген оқушыға 25-30 сұрақтан тұратын күрделі тест беріледі. Тест нәтижесі мына кестеге тіркеледі. Егер 1-2 оқушы қате жіберсе, меңгерілмеген сұрақтар бойынша олармен жеке жұмыс жүргізіледі, ал сұраққа үштен артық оқушы жауап бере алмаған жағдайда, өткізілген тақырып қайтадан түсіндіріледі.

Тест жұмыстарының нәтижесі бойынша оқушылармен бірге мынадай жауап картасын толтырамыз

Тест сұрағы Қате Оқушының аты-жөні

1 Жалғаулықсыз құрмалас сөйлемді тап

2 Себеп-салдар саласты белгіле

3 Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді тап

4 Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшілігі неде?

5 Құрамындағы жай сөйлемдері ешбір жалғаулық шылаусыз арқылы байланысатын салалас түрін тап

6 Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап

7 Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарларының жалғаулықтары

8 Жалғаулығы жоқ салалас түрін тап

9 Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тап

10 Жалғаулығы түсіп қалған қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді тап

11 Жай сөйлеміндегі тек біреуінің ғана жүзеге асатынын білдіретін салалас 1 Недочук

12 Төмендегілер қандай сөйлемде қолданылады?

Сөйткенмен, солай болғанмен,өйткенмен

13 «Мені жұмсаған жоқ, өзім кеттім» Қай салалас сөйлемнің түрі?

14 Сөйлемде түсіп қалған жағдайда орнына сызықша қойылатын жалғаулықты тап.

15 Жалғаулығы жоқ салалас түрін тап

16 Қай салалстың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы «сол, сонша, сондай» есімдіктерінен жасалады?

17 «Жаз жаңбырлы болып, егінге құрт түсті» Салаластың түрін анықта

18 « Сен жыладың, бірақ мен саған қарамадым» Салаластың түрін анықта

19 Қос нүкте қандай саластың белгісі? 2 Гапонова

20 Тек жалғаулықты болатын салалас құрмалас сөйлем

21 Және, әрі, да, де жұрнақтары арқылы салаластың түрін анықта

22 Сөйлемді толықтыр ...... ол кетеді, ......мен кетемін.

23 Ұласпалы интонация арқылы байланысатын салалас түрін тап 3 Гапонова Когзанова

24 Ақша жоқ, дегенмен ұрлыққа бармаймын. Саластың түрін анықта

25 Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап

Тақырыптық қайталауды үнемі, жүйелі түрде жүргізген дұрыс, «Повторение -мать учения» деген сөздерді жадымда ұстағанға тырысамын. Қайталауға арналған жұмыс түрлері ешқашан да артық болмайды, тек қана қайталау жұмыстары бір - біріне ұқсамау керек, Аудио -визуалды, көрнекті, көзге түсер , ойда қалар болса, тіпті нұр үстіне нұр. Бекіту сабақтарын дәстүрлі сабақ түрінде емес, басқалай өткізсе оқушының жадында сақталары айдын анық. Сондықтан бекіту сабақтарын көбінесе бірікен, жарыс, сайыс сабақтары ретінде өткізгенді жөн көремін. Мен үшін ойын технологиясын қолдану өте тиімді, әрі оқушының қызығуы арта түседі.Қазіргі таңда мен үшін ең маңызды мәселе - ол оқушыны ҰБТ -ға сапалы түрде дайындау жұмысы. Менің жұмыс жүйем: әр түрлі технология қолдану,жаңа тың жол іздеу, оқушымен тығыз байланыста болу .

Бірінші саты- - кесте бойынша өткізілген тестке талдау жасау. Тест нәтижесінің қорытындысын жазатын кестені өз бетіммен өңдеп, компьютермен басып, алдын ала шығарып қоямын. Кестеге жіберілген қателерді теріп жазып тіркеген соң, қанша оқушы қай саладан қате жібергінін санап, аты-жөндерін қасына жазамын. Бұл жұмыстан кейін қай оқушымен қандай тақырып бойынша жұмыс істеу керек, қандай жұмыс түрі болуы керек соны жоспарлаймын. Одан кейін, аты -жөні тіркелген оқушыға кеңес беретін уақытты, күнді анықтап, белгілеу жұмысын өткіземін. Қателерді жою жұмысын жеке, топтық, ұжымдық жұмыс ретінде өткіземіз, оның бәрі қате санына байланысты жүргізіледі. Міндетті түрде қатемен жұмысты қайталау сабағынан кейін тест емес, бақылау сабақ ретінде өткіземін. Бұл жұмыстың мақсаты: оқушының өзін өзі тексеруі, бақылау сұрақтары әр оқушыда әр түрлі болуы керек, сонда ол ешкімнен көшіре алмайды, өзі маңдай терін төгіп, білмесе жауабын кітаптан іздеп, бірқатар жұмыс атқарады. Нәтижесі - өз бетімен ізденіс тәсілін қолданады, өзі тер төккен нәрсе, дайын нәрседей емес, жадында жақсы сақталады.

Фонетика саласынан көп қате туғызатын тақырып - ашық, еріндік, езулік дыбыстар. Дауысты дыбыстардың жіктелу кестесі әр оқушының папкасында күнделікті жүруін талап етемін. Себебі: кез келген сабақта, бір бос минут пайда болса әр түрлі формада осы тақырыпты қайталауға тырысамын.

Қайталау кезінде оқушыларға дәл осындай кәртішкелер таратамын, тек қана олар басқаша толтырылады. Мысалы: кәртішкенің ішінде дыбыстар жазылған, оқушы оның түрін айту керек, ал келесі жолы дыбыстың түрі жазылады да, оқушы дыбыстарды атап шығуы керек.

Бекіту үшін ауызша мыныдай тест жұмысын жүргізуге болады.

1.Неше еріндік дауысты дыбыс бар?А) 6 в) 7 с)5 д) 8 е) 12

2. Езулік дауысты дыбыстарды анықта:А) а,э,ә,е,ы,і,и в) а,э,ә,е,ы,і,й с) а,э,ә,у,ұ,ү д) ө,о,ұ,ү,у, е) а,ә,э,о,ө,е

3. Ашық дауысты дыбыстардың қатары қайсы А) а,э,ә,е,ы,і,й в) с) ө,о,ұ,ү,у, д) а,о,ұ,ы е) а,ә,э,о,ө,е

4. қысаң дауысты дыбыстарды белгіле А) а,э,ә,е,ы,і,й в) ө,о,ұ,ү,у, с) а,ә,э,о,ө,е д) а,о,ұ,ы е)ұ,ү,у,ы,і,и

5.жуан дауысты дыбыстарды анықта

А) а,ә,э,о,ө,е в) ө,о,ұ,ү,у, с) а,э,ә,е,ы,і,й д) а,о,ұ,ы е)е,э, а,о

Оқушымен жеке жұмыс жүргізуге арналған кесте

Оқушының аты -жөні

Қателік жіберетін тақырып

Қатенің себебі

Қатені жою жұмысы

Жұмыс нәтижесі

Мерзімі

Фонетика ( буын түрі)

Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын жалғаулы сөзді көрсете алмаған

Ашық буын мен тұйық буынды алмастырады

Ереже

Жаттығу

кәртішкемен жұмыс

Сынақ 100%

1 апта

Лексика

(Синоним) Сөз мағынасын түсінбеген Сөздік жұмыс

Синонимдер

Кәртішкемен жұмыс Сынақ 30% 2 апта

Морфология

(Үстеу)

Салт -дәстүр Үстеу мен сын

есімді шатастырады

Бала мектепке алғашқы барғанда жасалатын той атауын белгіл

Ереже

Жаттығу

№ кәртішкемен жұмыс

Сынақ

100%

50%

1 апта

2 апта

Морфология ( оқшау сөздер)

Салт -дәстүр Қыстырма сөзді тапді таба алмаған

Бала мектепке алғашқы барғанда жасалатын той атауын белгіле

1 апта

Морфология ( оқшау сөздер)

Салт -дәстүр Қыстырма сөзді тапді т Бала мектепке алғашқы барғанда жасалатын той атауын белгіле

1 апта

Бұл салыстырмалы кесте маған оқушымен жеке жұмыс түрін жүргізу кезеңінде қандай тақырыпқа көңіл бөлу керек, оқушы нені білмейді, қандай көмек не кеңес беру керек екенін көрсетеді. Осы кесте арқылы кімнің қате жіберген материалын меңгергенін, ал кімге тағы да қосымша материал мен уақыт керек екенін көруге болады.

Арасына уақыт салып, оқушының қатесін түзетіп, меңгерген материал бойынша жұптық жұмыс өткіземін. Тақырып бойынша тест тапсырған кезінде қатесі болмаған оқушыға сол тақырып бойынша тест жұмысын жасаған оқушының жауабын тексеруге беремін. Егер тексеру жүргізген оқушы өзі қате жіберсе, онда ол да маған келісілген уақыттан кейін өзі де сынақ тапсыруы керек. Егер де барлық қатені тауып, қойған бағасын дұрыс түсіндіре алса ол оқушы автоматты түрде сол тақырып бойынша сынақ алады да, өзі сынақ тапсырмайды. Оқушылар үшін бұл жақсы «Стимуляция», мұғалімнің рөлін атқарып, өзі құралпас оқушыны тексеру, одан сынақ алу оқушының беделін көтереді. Өзіне артылған жауапкершілікті ондай оқушы тиянақты орындауға тырысады. Уақыт өте келе сол оқушы мұғалімнің оң қолына айналып, оның жарты жұмысын тыңдырып тастайды.

Ашық қайталау тестерін екінші, үшінші рет өткізгенде уақыт белгілеймін.Ең бірінші қатесіз тапсырған оқушыға «5», екіншісіне «4» ... қоямын. Бұл әдіс оқушыны жинақтыққа үйретеді, уақытын үнемдеуге тырысады, көңілін басқа жаққа аудармайды.

Әрбір алдын ала тапсырылған тест нәтижесі бойынша салыстырмалы кесте жасап, талдау жүргіземін.

Жіберілген қатеге талдау:

1. «көзі ашық» - фразеологизмді тап ( білімді адам) 2 оқушы қате жіберген

2. « Адай» кімнің шығармасы? ( Құрманғазы) 1

3. «Олар ұйқыға кетті» ( жалаң сөйлем) 1

4. « Қазыбек би қай жүздің биі?» 2

5. « шапшаң қимылдады» (қимыл үстеу) 2

6. «алайда, дегенмен» ( қарсылықты салалас құрмалас сөйлем) 1

ҰБТ қорытындысы бойынша келесі оқу жылына қойылатын міндет

1. Фразеологизмдерді орыс тіліндегі баламасымен оқу

2. композитор, ақын, жазушылардың шығармаларын білу

3. Фонетикалық тесттер өткізу

4. Лексика саласынан омоним, синоним сөздерге көп көңіл бөлу, жаттығу жұмыстарын күнделікті жүргізу

5. Морфология саласы бойынша

Б) тәуелдік жалғау

В) сөзжасам

6. Синтаксис саласы бойынша

а) сөйлем түрлері

б) жай сөйлем

в) құрмалас сөйлем

2014 жыл

ҰБТ тапсыруға 2 оқушы дайындадым, олардың біреуі ұлты қазақ, екіншісінің ұлты орыс. Бірақ, орыс ұлты нәсілінің де , қазақ ұлты нәсілінің ортасы, тілдік қатынасы тек қана орыс тілді. Қазақ тілін олар сабақта ғана қолданады, коммуникативтік орталары жоқ. Сондықтан орыс тілімен пәнаралық байланыстың ролі зор. Орыс тілінің грамматикасын, фонетикасын жақсы меңгерген оқушыға басқа тілде матеирал түсіндіру өте жеңіл. Жеңілден күрделіге көшеміз, бірінші ережені орыс тілінде талдап, содан кейін қазақ тілінде ереже оқуға көшеміз. Орыс тілінде мысал құрып, оны қазақ тіліне аударамыз. Тест тапсырған кезде оқушыларға көбінесі қиындық туғызатын жағдайлар: 1) тапсырманы түсінбеу 2) ереже білмеу 3) сөздік қоры аз

Тапсырманы түсінбеген оқушы, не істеу керек екенін білмейді, сондықтан ҰБТ -ғ а дайындық кезінде оқушылармен сөздік жұмыстарын күн сайын жүргізу қажет, сонымен қатар оқушы тест бойынша жауап бергенде одан неліктен ол А немесе В нұсқасын таңдады, қандай ережеге сүйенді, соған комментарий жасату керек. Басында бұл өте күрделі болып көрінуі мүмкін, себебі мұғалімнің де , оқушының да уақытын алады, бірақ түбінде нәтижесі болады

.Салыстырмалы карта жасап, мониторинг жүргізіп, жіберілген қателерді талдап келесі оқу жылында атқарылатын жұмыс тізімін жазып, оқушы мен өзіме міндет қоямын

Жіберілген қателер талдауы:

1. « Конституцияда неше тарау бар?» (9) 5 оқушы дұрыс жауап берген жоқ

2. « шешеңнің әкесі саған кім?» ( нағашы ата) 4 оқушы дұрыс жауап берген жоқ

3. «ы,і» әріптерінің жазылмай түсіп қалатын жағдайы ( көркім) 2 оқушы дұрыс жауап берген жоқ

4. мақалды дұрыс толықтыру 2 оқушы дұрыс жауап берген жоқ

5. 2001-2010 жылдарға арналған « ҚР Тіл туралы Заңына» байланысты сұраққа 4 оқушы дұрыс жауап берген жоқ

6. Қазақстанмен батыста шектесетін мемлекет 5 оқушы дұрыс жауап берген жоқ

7. өлеңнің авторы кім? 3 оқушы дұрыс жауап берген жоқ

8. ауыспалы мағынадағы сөз 1 оқушы дұрыс жауап берген жоқ

ҰБТ қорытындысы бойынша келесі оқу жылына қойылатын міндет

1. Пәндік байланысты күшейту ( география, тарих, орыс тілі, қазақ әдебиеті пәндерімен).

2. Мақал -мәтелдерді көбірек жаттау

3. ҚР барлық атаулы күндерін білу.

4. Ақын,,композитор, әншілердің шығармаларын білу.

5. фонетика саласын күнделікті қайталау.

6. Лексика саласынан омоним,синоним, антоним сөздерді жадында сақтау жаттығуларына көп көңіл бөлу.

7. Морфология саласынан:

а) сөз таптарын қайталауға арналған жатығулар жасау

б) жалғауларды жадында сақтауға арналған ауызша жаттығулар жүргізу

в) сабақ сайын сөздердің сөз құрамын талдау

8.Синтаксис саласы бойынша апта сайын

а) сөйлем түрлерін қайталау

б) жай сөйлем түрлеріне арналған жаттығулар жүргізу

в) құрмалас сөйлем тақырыбына арналған тестік тапсырмалар

орындау

Пайдаланған әдебиет

Ибрагимов Қ, Базарғалиева Б., «Қазақ тілі»Алматы,2007

Мырзабеков , «Фонетикка» Алматы,2004

М.Бектуров «Изучаем казахский язык»,Алматы,2004

Артықова Т., Немеренова Б., « Қаза тілі» Алматы,2004

Кобдикова Ж.У., «Пед.тех.уровней диф.обучения в средней школе, Алматы «Print» 2004



СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ

«№2 БУЛАЕВО ОРТА МЕКТЕБІ» КММ



МАҚАЛА

« ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ»





Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Кенжеболатова З.Г.

2016 жыл



© 2010-2022