• Преподавателю
  • Другое
  • Бастауыш сынып оқушыларын іс-әрекеттендіруде оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің әдістері. Баяндама

Бастауыш сынып оқушыларын іс-әрекеттендіруде оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің әдістері. Баяндама

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сынып оқушыларын іс-әрекеттендіруде оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің әдістері

Қазіргі жаһандану заманында білім мен техниканың қарыштап дамып жатқаны , күнделікті жер шарында ашылып жатқан жаңалықтар, адамзаттың түрлі қажеттілігі , ғылым мен техниканың еселеніп дамуы, Қазақстанның білім саласына құйып жатқан болашаққа деген инвестициясы, болашаққа нық сенімді қадам жасаудың өлшенбес игі ісі. Қазіргі мектептің деңгейлікті бітірген, бапталып жатқан мұғалімдердің әдіс-тәсілдеріне негізделген зертеулер мен жаңашыл әдістер болашақ мектептің кіріспесі. Себебі мемлекет қыруар қаржыны мұғалімнің өз тәжірибиесін түбегейлі өзгертіп қана қоймай , білім беруді де өзгертуге шешім қабылдап қойғалы қашан.

Білімді беру мен қатар оны бағалау қатар жүреді.Сыныпта бағалау тек баға қоюмен ғана шектелмейді. Бағалаудың артында нақты шешім ( 4 , 5 ,3 деген бағадан бөлек) баланы дамыту, оқуындағы ынтасын ашу, мұғалімнің білім берудегі нақты сатысы, білім алушының өзінің білімінің қай сатыда тұрғандығы, қабілеті, танымдық-эмоциялық, күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. 1989 жылы Ұлыбритания академиктерінен құралған бағалау Реформасының тобы өздерінің жариялаған ОүБ дербес тұжырымында бағалаудың формативтік (қалыптастырушы) және суммативті бағалау формаларыңың әдістерін зерттеген. Бағалаудың мақсаты оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткеннен кейінгі кері қайту, кері байланыс( алдыңғы білімді ой елегінен өткізу), уәж (мұғалімдер мен оқушылардың ойларын әрекет етуге итермелейді), болжау және сұрыптау (оқушының білімін , дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер оқушылардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды), стандарттарды бақылау және орындау (біліктілік дәрежесін, емтихан нәтижесі бойынша жоғарғы білім алу), оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау болып табылады.

«Оқытудағы әңгімелесу - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүре отырып, осының негізінде оқушының білім алуы жүретін өзара байланысты үдеріс» дейді Александер (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 40-бет). Александердің айтқанымен келісемін себебі диалогтық оқыту әдісін тәжірибеде қолдана отырып, алдағы уақытта бұл модульді өз сабақтарымда тиімді қолдана аламын деген ойдамын. Ол үшін осы модульдер жайлы білімімді жетілдіре түсуім керек екендігін түсіндім. Мектеп тәжірибемде өткізген тізбектелген төрт сабағымның барлығында мен осы диалогтық әдісті тиімді пайдалана алдым деп ойламаймын. Менің орташа , төмен деңгейде оқитын оқушыларым сабақта белсенділік таныта қоймады. Менің бір білгенім аз екен бұл әдістің санқырлылығы көптігі, бұл тәсілдерді бірден мұғалімге игеруге қиындық туғызады. Сондықтан бұл оқытудағы жаңа тәсілдерді мұғалім бір жүйеге келтіру үнемі ізденіс үстінде болып, аянбай еңбек еткенде ғана нәтиже беретіндігіне көз жеткіздім деген ой түйдім. Ендігі менің алдағы мақсатым осы оқытудағы жаңа әдістерді толығымен меңгеріп , оқушыны тыңдай отыра, оқушылармен жүйелі түрде жұмыс атқара отырып осы мұғалімге арналған әдістердің тиімді тұстарын өз сабақтарымда қолдансам жоғары нәтижеге жететінім сөзсіз.



© 2010-2022