7 класс жамбыл

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Байғанин ауданы

Жарқамыс селосы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қалиева Әсел Нұрлыбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Аттандыру» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, өлеңдерінің мәнін ашып меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру. Теориялық ұғымдарды меңгерту.
2. Тәрбиелік мақсаты: Патриотизмге, Отанды сүюге, адамгершілікке баулу. Поэзия, сөз өнері, көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру.
3. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сын тұрғысынан ойлау әдісі: әңгімелесу, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, тестік сауалдар, мәнерлеп жатқа оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнежазбалар, Ж. Жабаев суреттері, шығармалары, кітап көрмесі.
Пән аралық байланыс: тарих, бейнелеу, қазақ тілі

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) түгендеу

б)Топқа бөлу: 1. Жетішатыр қаласы

2. Әнші Әмірқан

3. Ақтамақ хикаясы
в) сабаққа назар аударту мақсатында: Мұғалімнің сөзі.
Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның - деп жырлаған Жамбыл ақынның асқақ үні ұрпағына деген аталық зор махаббаты, ақ пейілдің куәсіндей.

II. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Ендеше, үйге берілген Әмірқанға мінездеме және шығармашылық жұмысымыз туралы баяндаймыз.

2.Иә,жоқ жауабы арқылы тапсырмалармен үй тапсырмасын қорытындылаймыз.

1. Жүсіпбек Аймауытовтың туған жері- Жетішатыр қаласы - жоқ

2. Жүсіпбек 1889 жылы өмірге келген ия

3. "Бір адамға", "Шәкірт ойы"-Жүсіпбектің өлеңдері - жоқ

4. Қашаба - жеңіл арба - ия

5. Жетішатыр - жақсы қала - ия

6. Бұл қала қазақтың оқыған балаларын сыйлайды - ия

7. Бержабай - адам аты - жоқ

8. Әмірқанның асыл бұйымы - күйтабақ - жоқ

9. Ормамбет деген жерде Ақтамақ атты тамаша қыз тұрады - ия

10. Ұрылар үшін Әмірқан ән салмады - жоқ

11. Ақтамақ - Әмірқанның үйіндегі әйелі - жоқ

12. «Әнші» - Міржақып Дулатовтың әңгімесі - жоқ

13. Әңгіме проза жанрына жатады - ия

14. Жүсіпбек алғаш талантын өлең шығару арқылы шыңдаған - ия

15.Әмірқанның отбасында қарт шешесі мен қоңыр ғана келіншегі бар екен - ия

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің сөзі.
Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл - жүз жасаған ақын. Балалар тақтадағы бүгінгі күн мен жаңа тақырыптың атауын дәптерлеріңе түсіріп алыңыздар.

Жамбыл туралы бейне сюжетке назар аударамыз

* 1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл дүниеге келді.Туған жері- Жамбыл тауы.
* Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей-көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

* Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.
Жаңа сабақты оқушылардың терең ұғынуы үшін ақынның бір шумақ өлеңін оқимын:
Көктей түс Отанымның шаттық бағы
Кел ұшып, сайрай түсші бұлбұл тағы
Бұлбұлдай шаттық жырын ақтарыңдар,
От жүрек еркіндіктің адамдары.
Бұл өлең 1938жылы жазылған. "Күн толғауынан" үзінді. Ол кез бейбіт өмір болатын. Содан кейін Ұлы Отан соғысы басталып кетті.
Сұрақ: 1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды және қашан аяқталды? Осы сияқты Ұлы Отан соғысы жылдарында да халық майданға аттандырған әке, аға, бала, жақындарына арнап қоштасу өлеңдерін шығарған. Соның бірі - Жамбылдың "Аттандыру" өлеңі. Өлеңді мәнерлеп бір оқушы оқиды

Өлең кімге арналған?Бұл қандай өлең?

Әдебиет теориясы:
Халық поэзиясының шағын түрлері:
Тұрмыс - салт жырлары
(жар - жар, беташар, сынсу, бесік жыры),
Мұң - шер өлеңдер
(қоштасу, естірту, жоқтау, бата) Осы жырларға қатысты не білеміз? Қандай мысалдар келтіруге болады?
Батаның бүгіні мен болашағы туралы ойларын тыңдау.Бата айту.
I. Жәкеңнің өз белінен алты ұл болған: Қожамберді, Қожаш, Аққұл, Ізтілеу, Алғадай, Тезекбай. Алдыңғы екеуі ертерек өліпті. Ізтілеумен Алғадай армия қатарына алынады. Алғадайдың көрсеткен ерліктерін айтып, бөлім бастығы хат жазғанда, Жәкең қатты қуанды. 1942 жылдың күзінде Алғадайдың өзі әкесіне хат жазып, ерлік істерімен таныстырады. Баласына қайтарған жауабында ақын:
Хатыңды, балам, оқыдым,
Қалыңды білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын.
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді
Болыпсың, балам, қаһарман...
Есіңде, балам, бар шығар.
Айтқаным Отан әмірін,
Шегінбе жаудан, жанды сал,
Шешілмек содан тағдырың! - деп баласына рух бере түсіп,
Достарыңа сәлем айт!
Жауларыңды жеңіп қайт!- деп тілек білдіреді.
Жәкең ақын Алғадайды жақсы көріп, "Өзге баларым бір төбе, бұл бір төбе" деп отырады екен. Сұрақ: тағы қандай ақынды білесіңдер, баласына өлең шығарған?
Жауап: Абай "Әбдірахманға"


IV. Бекіту Әр топқа сұрақ

  1. Жамбыл Жабаев кім? Өлеңнің мазмұны қандай?

  2. Өлең құрылысына талдау

  3. Өлең мағынасын ашатын сурет салу

Балалар, өлеңді талдай отырып, ақынның өлеңдеріне ортақ кейіпкер "Алғадайға" мінездеме жасайық.

Алғадай

әке көрген
әкесінің сүйікті ұлы
арманшыл
адал
ақылды
ер жүрек
ибалы
сыйлы


1943 ж. баласы Алғадайдың Ұлы Отан соғысында ерлікпен қайтыс болғанын, Ғали Орманов (сол кездегі хатшысы), Әбділдә Тәжібаевтар естірткенде осы жырын шығарған?
Сұрақтар: 1. Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?
Жамбыл қандай ақын? (Ассоциация әдісімен)
Жамбыл - айтыскер ақын, абыз жырау, эпик ақын, жауынгер ақын.

V. Қорытынды: 1. Тестік сауалдар

Тестік сауалдар
1. Ж. Жабаев қай жылы туды?
А) 1839ж.
Ә) 1843ж.
Б) 1846ж.
В) 1849ж.
2. Жамбылдың әкесінің аты?
А) Ыстыбай
Ә) Жабай (Жапа)
Б) Сүіндік
В) Көкім
3. Жамбылдың шешесінің аты?
А) Ұлдан
Ә) Құртқа
Б) Ләсиман
В) Сара
4. Жамбылдың шыққан жері?
А) Арғын - Ақжол
Ә) Албан - Айт
Б) Шапырашты - Екей
В) Найман
5. Ақынның ең алғашқы өлеңі?
А) Шағым
Ә) Көкімге
Б) Өсиет
6. Жамбылдың өзіне пір тұтқан ұстазы
А) Кенен
Ә) Ыбырай
Б) Сүйінбай
В) Шоқан
8. Жамбылдың шәкірті
А) Нұрила
Ә) Кенен
Б) Айкүміс
В) Сара
9. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ұлы
А) Тезекбай
Ә) Қанан
Б) Тәйті
В) Алғадай

2. Шығармашылық жұмыс
"Біз соғысты көрген жоқпыз", "Соғыс болмасын!"


Мұғалімнің сөзі:
Сағаттың суреті. Жамбылдың соңғы өмірі.
22-маусым. Жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта Жамбыл дүниеден өтті. Балалар! Жамбыл атамыз өлсе де аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбылдың сағаты әр қайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.

Соңғы сөз.....

Сөндің бе жарқыраған шам-шырағым,

Қалдың ба тас бітеліп қос құлағым.

Жатсам да төсек тартып дәрменім жоқ

Сеп болып,сөйлетесің жалғыз жағым.

Қалыппын ие болмай өзіме-өзім,

Әлім жоқ күш-қайратты өтті кезім.

Балалар өлгеніңше болысыңдар,

Сендерге сол-ақ айтар соңғы сөзім. Жамбыл

Оқушыларды бағалау: Бір ауыз сөзбен бір-біріне баға береді
Үйге тапсырма: өлеңді жатқа айту.





© 2010-2022