Ұлттық тәрбие (5 класс)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс шараларда оқушылардың ұлттық дүниетанымын халық тағылымдары арқылы қалыптастыру тәжірибемнен.

Жоспары:
І. Кіріспе
Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру өмір талабы.
ІІ. Негізгі бөлім
Оқушылардың ұлттық дүние танымын дамыту өлшемдері мен көрсеткіштері.

Сыныптан тыс шарада оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру тәжірибемнен.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Нәтижелерге сараптама.

І. Кіріспе
Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру өмір талабы.

- Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің қалыптасуына да қоғамның рухани - мәдениетінің даму деңгейі мен салт-санасы ықпал етеді. Жеке тұлғаны жан-жақты қалыптасудағы ауқымды орын алатын компоненттердің бірі - дүниетаным. [1.2.]
- Профессор С.Қалиев өзінің ұсынған өз зерттеулерінде ұлттық ерекшеліктердің этностардың арасында әлеуметтік тұрғыда көрініс алуына өзіндік пайымдаулар жасайды.
- Профессор С.Қалиевтің тәрбиелеушілік - халық ауыз әдебиеті жанрларындағы тәлімдік ойлар, халық шығармашылығының озық үлгілерінен заман ағымына сай жаңғырып, тұрмыста қолдана білу бейімділігі. Тәрбиелік шараларды жоспарлауда халықтық педагогиканың ғылыми педагогикамен байланысы негізінде халық қағидаларының ғылыми педагогикалық талаптарды ұсынады.[3.2].

1. Жас мөлшерін есепке алу.
2. Болмыс ерекшелігін ескеру.
3. Бала тәрбиесінің ортаға, отбасына байланыстылығы.
4. Баланың жеке басын қадірлеу.
5. Жасына сай ақыл - ойын дамыту.
6. Тәрбие мазмұның бір тұтастылығы.
7. Тәрбиенің үзіліссіздігі.
8. Ұжымдық тәлім-тәрбие.

Міне, осы бағыттарды ұстана отырып өзімнің ізденіс үстіндегі іс-тәжірибелік жұмысымды пайдаға асыру мақсатында ұлттық тәрбиенің негізін басшылыққа ала отырып, жұмысымды ұсынамын. Менің, өткізген тәрбиелік шараларда жоғарыда айтылған талаптар оқушы дүниетанымын дамытудың негізі болды деп білемін.
- Адамның дүниетанымының мазмұны психологиялық болмысында.
- Дүниетаным тұтастығы мен көз жеткізу деңгейі қоғамдағы түрлі қызығушылықтардың қарама - қайшылықтарынан көрініс алады.
- Адамның қоғамдағы орнындағы саналық сапасы.
- Қажеттілікпен қызығушылық сипаты мен мазмұны.
- Жеке қасиеттердің түрліше көрініс алуы.
Зерттеудің болжамы: Аталған сипаттамалардың өмірде көрініс алуынан жеке тұлға қалыптасуының факторлары анықталады. Жеке тұлға қалыптасуының факторларын сызба түрінде бейнелесек. Оқушылардың дүниетанымын дамытуда олардың эмоционалдық өрісін ескеру қажет.

Жеке тұлға
Жеке тұқым қуалаушылық Тәрбиелік орта Болмыс Еңбек әрекеті Қарым - қатынас
Кемелденген жеке тұлға Әлеуметтік фактор Жоғары нерв жүйесінің физиологиясы
Кеңістік орта Анатомо - физиологиялық ерекшелік Іс - әрекет орта

ІІ. Негізгі бөлім
Оқушылардың дүниетанымын дамыту өлшемдері мен көрсеткіштер
Себебі эмоционалдық қарым - қатынас арқылы жоғарыда айтылған білім қоры оқушылардың идеялық көзқарастарын, адамгершілік сапалары халық қағидалары негізінде қалыптасады. Бұл сапаларды қалыптастыруға «Атадан қалған асыл сөз», «Ұлдан ұлағат, қыздан қылық», «Ата мен әже ісі бізге өнеге» тақырыбында іске асырылды. Аталған интеллектуалды және эмоционалды саналар оқушылардың дүниетанымын дамытуда іс - әрекет - тәжірибе арқылы көрініс береді. Б.Өтешова [2]
Оны біз оқушылардың қалыптасқан дүниетанымдық бағыты, оның азаматтық бейнесі арқылы бағдарлай аламыз. Әрине, іс - әрекетке - тәжірибелік сапалары.
қалыптасу үшін міндетті түрде оқушыларды іс - әрекетке, интергративтік түрде ұйымдастырылған шаралар арқылы жүзеге асырамыз. Мысалы , пікір алысу, іскерлік рөлдік ойындар өткізу, көзқарас сабақтары, педагогикалық жағдаяттар шешу, танымдық сайыстар өткізу
(қосымша схема) арқылы көрсетсем төмендегідей алуға болады.

Ұлттық дүниетаным құрылымы:
1. Ойлау
2. Сенім
3. Қатынас
4. Көзқарас
5. Білім
6. Әрекет
7. Парасат
8. Ұлттық сана
9. Ұлттық болмыс
10. Ұлттық мораль
11. Ұлттық ойлау

Себебі, тек қана іс - әрекет жүзінде баланың ішкі позициясы, дүниетанымдық бағыты айқын көрініс бере алады. Оларды мен арнайы ұйымдастырған сыныптан тыс шарамда байқадым. Олар «Тағылымы мол - Наурыз мейрамы», «Көргені жақсы көш бастайды» т.б. [1.6.]
Жоғарыда айтылған оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, іс - әрекет - тәжірибелік сапаларының қалыптасқандығы мен төменде көрсетілген бағалау өлшемдері арқылы айқындадым. Қосымша схема арқылы былай алуға болады.

Дүниетаным:
1. Экологиялық көзқарастар
2. Эстетикалық көзқарастар
3. Саяси көзқарас
4. Құқықтық көзқарас
5. Діни көзқарас
6. Педагогикалық
7. Этикалық
8. Әлеуметтік психологиялық
9. Философиялық

Сонымен бірге бағалау өлшемдері төмендегіше:
- Дүниеге философиялық, ғылыми көзқарастары.
- Мінез-құлығындағы көрініс, моральдық - этикалық талаптарды орындалуы, қабылдауы.
- Іс - әрекетінде пайдалануы.
Зерттеу барысында аталған өлшемдердің үш деңгейін есепке алдым. Олар: жоғары, орта, төмен.

Жоғары деңгей - халық тағылымдарын қызығушылықпен қабылдап, оның әлеуметтік түрлерін іс жүзінде пайдалану дағдылары біршама қалыптасқан және тәрбиелік мүмкіндіктерін түсініп бағалай алуы.

Орта деңгей - халық тағылымдарының танымдық, тәрбиелік мәнін түсінуге құлшынысы бар, бірақ тұрмыс - тіршілікте пайдалануы жүйелі қалыптаспаған.

Төмен деңгей - халық тағылымдарының танымдық мәніне көңіл бөлмейді, тұрмыс - тіршілікте пайдалану дағдылары қалыптаспаған.

Аталған деңгейлердің нәтижесін шығаруда 8 - сынып оқушыларының арасында сауалнама жүргізген болатынмын. Сауалнама мақсаты - оқушылардың дүниетанымын анықтау бағытында таратылды. Оған 83 оқушы қатынастырылды. Соның ішінде менің 8 В сыныбымда 26 оқушы тапсырған болатын. Соның нәтижесіне көрсетілгені.
Нәтижесінде оқушылар дүниетанымын халық тағылымдары негізінде қалыптасудың мынадай олқылықтары байқалды.
- Қоғамда, отбасындағы тіршілікте баладан сұраныс болмауы, әрі тұтынуға деген қажеттіліктің туындамауы.

Сауалнама сұрақтары төмендегіше берілді. [6]
1. Әр халықтың сәлемдесу мәнерін қалай түсіндірер едің?
2. Отбасы туралы түсінігің?
3. Әке мен анаға байланысты туыстық атауларды ата?
4. Тыйым сөздер не үшін қажет?
5. Ырымдарға сенесің бе, неліктен?
6. Бата түрлерін ата, бата алу неге қажет?
7. Отбасыдағы перзенттің орнын ескерудің мәні неде?
8. Қара шаңырақ, отау шығару ұғымдарын қалай түсінесің?
9. Ұлттық қол өнер түрлерін ата?
10. Санаға байланысты халықтың ұғымдарынан не білесің?
11. Халықтың қарапайымдылық, көмектерін атап бер?
12. Маусымдық мерекелерді ата?
13. Бір мүшел (13 жас) жасқа байланысты рәсім, жоралғыларды білесің бе?
14. Той түрлерін ата?
15. Наурыз мейрамының ерекше белгілерін атап бер?

Халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, ырымдар мен тыйымдарды атап беруде, танымдық тәрбиелік мәндерін ашуда өзіндік пайымдаулары төмен көрінді. 26 оқушының 5 озаты ғана жауап берді. Нәтижесі сапа көрсеткіш пен көрсетсем 26 оқушыдан 19% пайыз болды.

Сыныптан тыс шарада оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру тәжірибемнен
Оқушылардың халық тағылымдарын қаншалықты меңгергені туралы сауалнама, тестік жұмыстар арқылы білім мен тәрбиенің бағытында деңгейі айқындалды. Кіріктіріле жоспарлаған халық тағылымдарының танымдық мәнін ұтымды пайдалануда теориялық және практикалық білім және тәрбие шаралары мазмұнды мағлұматтар сәйкес қосымша іс-шаралар жүргіздім.[3] Кіріктірле жоспарлаған шаралардың мазмұнды мағлұматтар оқушылар дүниетанымын қалыптастырудың маңызы да мүмкіндігі мол екенін дәлелдеді. Сол мақсатта мен 8-сыныптар арасында өткізген тәрбиелік шара тақырыбы «Атадан қалған асыл сөз» мақсатында - оқушылар бойына әдептілікпен алғырлық қасиеттерді қалыптастыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, ұлы ғұламалардың сөздерін жатқа айту қабілеттерін дамыту. Адам бойындағы ұнамды - ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу (қысқаша берілді, осы жерде тәрбие сағаты кетеді).

Тақырып: Атадан қалған асыл сөз

Мақсаты: Оқушылар бойына әдептілік пен алғырлық қасиеттерді қалыптастыру,ұлы ғұламалар сөздерін жатқа айту қабілетін дамыту, адам бойындағы ұнамды - ұнамсыз қылықтарды айыра отырып аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: - ұлттық дүниетанымды дамыту;
- атадан қалған асыл сөз жұмыстарын ескерту.

Ұйымдастыру кезеңінде:
Кіріспе.
Мұғалім: балалар, асыл сөздерге қандай сөздерді жатқызар едіңдер?
Оқушылар осы уақытта былай жауап береді: Мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, бата, аңыз-әңгімелер.
Ендеше бүгінгі біз шарамызда аталы сөздер мен балар өсиеттерімен толық танысатын боламыз.

І бөлім.
«Ескірмейтін есті сөз»деп аталады.
Оқушылар бұл бөлімде мақал-мәтелдер айтып шығады. Мақал-мәтелдер айтуға он оқушы қатыстырылады. Бұл бөлімнің негізгі міндеттері оқушылар халық тағылымдарын білім мазмұны арқылы адамзаттық тәрбиемен ұштастыру.
Нәтижесі: ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық сана ұғымдарының мәнін ұғынып, өзіне жетекші идея ретінде ұсынады.

ІІ бөлім.
Көрініс қойылады
Абылай хан мен батыр арасындағы шешендік тұрғыдағы айтылған мағыналы сөздерді айтып өтеді.
Мазмұнында: оқушылар шешендік сөздерді еске сақтау қажет. Адамзат бойындағы жақсы қасиеттерді тұту.
Міндеттері: Дүниетанымдық пайымдауларын ой елігінен өткізіп, ұлттық рух, намыс ұғымдарын ақиқатын ұғыну болып табылады.
Нәтижесі: Туыстық қатынастардың танымдық, әлеуметтік, тағылымдық мәндерінің сабақтастығын ажыратады, «үш жұрт» ұғымының қалыптасу мәнін түсінеді.

ІІІ бөлім.
Ырым - тыйымдар білеміз бе? деп аталады.
Бұл бөлімде қазақ халқының ырым - тыйымдарын кезек-кезек атап көрсетеді.
Міндеттері: Бұрынғы кезеңде ұғым болып қалыптасқан ұғымдардың танымдық мәніне үңілуге ұмтылдыру, ой салу. Оқушылар ырым-тыйымдар туралы түсінік алады.
Нәтижесі: Қазақ халқына тән жауапкершілікті, парызды толық мойындайды, ескереді.

ІV бөлім.
Асылдың сөзі - ақылдың кені деп аталды.
Бұл кезеңде оқушылар Абыз ата, Қазбек би, Марғасқа жырау, Тәттіқара ақындарды сомдап бабалар өсиетіне тоқталады. Рөлді сомдап жүрген оқушылар бойынан қазақ халқына тән жақсы ұғымдарды ұйғарғанын көрдім.
Нәтижесі: Бұл кезеңде оқушылар бойынан ұлттық намыс пен жігер қалыптасқанын байқадым.

V бөлім.
Деген екен...деп аталады.
Бұл бөлімде Абай, Әл-Фараби сынды ұлы ақындар мен философтардың сөздерін қысқаша айтып өтеді. Оқушылар бұл бөлімде ғұламалардың сөздерін жатқа айтып көрсетеді, сонымен бірге оқушы бойынан үлкен бір халқына деген жанашырлық сезім байқалады.
Шара соңында мұғалім қорытындылап аяқтайды,
Жалпы шара кезінде оқушылар өздерін тану - бұл ұлттық рухты бойға дарыту мен заман ағымына байланысты ұлттық намыс пен халықтың санасына сынға түсіп отырғандығын ескереді. Ұлттық сана, сенім, намыс, мінез-құлықтарын өзгертіп қарапайымдылық тұлға болады. Оқушылардың ұлттық дүниетанымы бірыңғай қалыптасады.

Ұлттық тәрбие (5 класс)Ұлттық тәрбие (5 класс)Ұлттық тәрбие (5 класс)Ұлттық тәрбие (5 класс)Ұлттық тәрбие (5 класс)Ұлттық тәрбие (5 класс)Ұлттық тәрбие (5 класс)Қазақ Ұлттық салт - дәстүрлер жинағы: Беташар Беташар - қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. Қазақ Ұлттық салт - дәстүрлер жинағы: БеташарШымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 - 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. "Келіннің бетін кім ашса - сол ыстық" деген мәтел де осыдан туған. Қазақ Ұлттық салт - дәстүрлер жинағы: БеташарБеташар айтылып болған соң сол үйге туыс жасы үлкендер, көрші-қолаңдар жас келіннің қолынан "шәй ішу" рәсімін өткізген. Бұл кезде жас келінге өзіне тетелес сол үйдегі не жақын абысыны көмекке келген. Абысын-ажын арасындағы болашақ татулық осы арадан басталған. Осы бірінші дастарқан үстінде келіннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, т.б. назар аударылып, ол алғашқы сыннан өткен. Соңынан жасы үлкен, халыққа қадірлі қария келінге бата берген. Қазақтың беташар салты жаңа заманға да бейімделіп, жалғасын табуда. Қазіргі кезде беташар салты той асының алдында өткізіліп жүр. Бұл туралы мақала Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деген зерттеуінің ішіне кірген тараулардың бірі. Зерттеуші салт өлеңдерінің құрамында беташардың алатын орнын, мазмұндық ерекшелігін анықтаған. Беташардың қандай жағдайда, қашан, қалай айтылатынын сөз ете келіп, Әуезов бұл өлеңнің танытқыштық, тәрбиелік және керкемдік мәнін ашқан; мұның тұрақты мәтіні (тек- сі) болатыны, онда Қазақ отбасында жаңа түскен келінге арналатын өсиет пен міндет іріктеліп керсетілетіні; жас келіннің жаңа келген елінде әдепті, еңбекшіл, өнегелі, үлкен мен кішіге ізетті болуға тиістілігі ғибрат, ескертпелерінде берілетіні айтылған («ел-жұртына жақ, келін, ата-енеңді бақ, келін, кісі келсе, үйіңе, киізіңді қақ келін... өзіңнен үлкен адамның, бетіне тіке қарама... сәлекет боп отырма, еркектей боп жүгініп, бір тізелеп жөн отыр, төмен қарап бүгіліп, қатты қылып сөйлеме, ақырын сөйлемңдіріп...»). Беташар өлеңінде отбасындағы ңлгілі ұйел қандай болуы керектігі туралы хапық- тыһ ғасырлар бойында қалыптасқан ұдеп норма- лары, өнеге тізбегі, адамгершілік дңниетанымы, ұйелдердіһ адам тұрбиесіндегі айрықша орны көрініс тапқан. Қазірге дейін айтылып, қажетке жарап келе жатқандығы бұл өлеңдердің өмір- теңдігін көрсетеді.

Ұлттық тәрбие (5 класс)Ұлттық тәрбие (5 класс)Ұлттық тәрбие (5 класс)Ұлттық тәрбие (5 класс)

Тәрбие сағаты «Наурыз - Ұлыстың ұлы күні»

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың
ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық
талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген
сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,
интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезені

- Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз -Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!
Мал біткеннің бал татыған ұызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.
- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!

ІІ. Әңгімелесу
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген
ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу)
- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
- Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.

ІІІ. Тақпақтар

1-ші бала: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
2-ші бала: Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (интерактивті тақтамен жұмыс)
3-ші бала: Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шықты ойнап.
4-ші бала: Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасың.
5-ші бала: Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.

6-шы бала: Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді,
Соны тойлар ел енді.
7 бала: Наурыз тойы - салтымыз,
«Көгерсін» - деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Тәрбиеші: Көктем - жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем - өте көңілді мезгіл. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету)
8 бала: Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
9 бала: Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп,
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
10 бала: Қар су болып жөңелді,
Қалды дала жалаңаш,
Күн нұрына кеңелді.
11 бала: Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.
12 бала: Сүті көп те, көмірі аз,
Болады ғой Наурыз!
13 бала: Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!
14 бала: Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.
15 бала: Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді - жыл басы.
Шуақ төкті жарық күні,
Мейрамында халықтың.

16 бала: Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.

ІV. Жұмбақ

- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(дастархан)
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы.
- Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді.

V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл -қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз.
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі.

VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс»

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс)
- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)
Рахмет! Отырамыз!

VII. Қорытындылау

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі - бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық.
Рахмет!
Тәрбиеші: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай,
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп.

- Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы - жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенің білесіндер ме? Дұрыс қоян! Жаңа жылдың иесін қарсы алайық!
Қоян: Қыс келеді ақ тонды ...
Оян бәрің! Орындалсын көксеген ой-арманың!
Қоян деген момақан мақұлық қой,
Ескер, бірақ «Ақтабан қоян» барын?!
Рахмет!
- Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған кішігірім концертімізді тамашаланыздар!

VIII. Ән, би, өлең.

Біздің оқушымыз Еркінова Диляраның өнерің ұсынамыз.
Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
1. Бай өлкеммен мақтанам,
Жырға қосып шаттанам.
Жерімнің бар байлығын,
Тәуелсіз ел сақтаған.
2. Абай атамыздың өлеңдері:
1. Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалаң.
2. Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға,
3. Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа.
Алдын-жалын, артын-мұз,
Барар едің қай жаққа?
0 «Ж» даярлық тобының оқушылардың орындауында «Қара жорға» биін қабылдаңыздар!
Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар!

© 2010-2022