Қазақ тілінен сабақтар жоспары

Қазіргі тәжірибеде қазақ тілі сабағында тестілеу әдісін қолдану тиімді, пайдалы, әрі нақты педагогикалық өлшемнің бірі болып тұр. Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде. Бұл әдіс арқылы мұғалім артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге мүмкіндік алады. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді.Абайдың шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мың бір мақал 8 сынып


Тақырыбы: «Мың бір мақал»
Мақсаты: Оқушының білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін тексеру.
Жоспары:
І тур: Мақал - мәтел сайысы. Тақырыбы: Туған жер, Отан, сөз өнері.
ІІ тур: мақал-мәтел табу. Тақырыбы: Еркін тақырып.
Көрермендер сайысы
ІІІ тур: Тұрақты сөз тіркестерін табу.

Барысы: Жүргізуші: біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, оқу деңгейін, оқуға деген ниетін тексеру.
Жүргізуші: Ал, енді оқушылар мен ұстаздар, ойын шартын таныстыра кетейік. Ойын 3турдан тұрады
І тур
Жүргізуші: Сіздің шарттарыңыз: (қатысушы оқушыларға қарап) «Туған жер», «Отан» тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер айту және бір ескере кететін жайт: біріңіздің мақалдарыңызды біріңіз қайталамауға тырысыңыздар. Ал, ойынымызды бастайық.
1-оқушы: Отан - елдің анасы,
Ел - ердің анасы.
2-оқушы: Отан үшін күрес -
Ерге тиген үлес.
3-оқушы: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
4-оқушы: Отансыз адам -
Ормансыз бұлбұл.
5-оқушы: Туған жердің қадірін,
Шетте жүргенде білесің.
6-оқушы: Туған жердің ауасы да шипа.
7-оқушы: Жат жердің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
8-оқушы: Орағың өткір болса,
Қолың талмайды
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
9-оқушы: Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен де жақсы.
10-оқушы: Ел іші алтын бесік.
Жүргізуші: Қандай керемет!
«Мақал - сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал-мәтелдерді жиі қолданған жөн. Сонымен екінші турға көшеміз.

ІІ тур Жүргізуші: Бұл турда мақалдың бірінші жартысы табуларың қажет.
1-оқушы: Бал тамған тілден,
... (у да тамар)
2-оқушы: Білімсіз өмір
... (сөнген көмір)
3-оқушы: Құлақтан кірген суық сөз,
... (жүрекке барып мұз болар)
4-оқушы: Өзбектің кигенін ал,
... (қазақтың мінгенін ал)
5-оқушы: Отансыз адам -
... (ормансыз бұлбұл)
6-оқушы: Еңбек адамның ... (екінші анасы)
7-оқушы: Туған жердің қадірін,
... шетте жүргенде білесің.
8-оқушы. Жас жемісті жұлма,
... (жас баланы ұрма)
9-оқушы: Армансыз адам,
... (алысқа бармас)
10-оқушы: Жүз күн жәннаттан,
... (бір күндік тірлік артық).
11-оқушы: Көктен тіле,
... (жерден өндір).
12-оқушы: Талап қылмай,
... (мұратқа жетпес).
13-оқушы: Есектің жүгі жеңіл болса,
... (жатаған болады).
14-оқушы: Білекті бірді жығар,
... (білімді мыңды жығар).
15-оқушы. Еңбек -
... (ер атандырады).
Жүргізуші: Ұлы афиналық ақын Демосфеннің айтуы бойынша, құр сөздің ғұмыры қысқа демекші сөз өнерін кең байытып, көркемдеп сөйлеу керек. Сонымен осыншама талаппен ІІІ турға жеттік.
Келесі турға өткен балаларды атап өтеді.
ІІІ тур
Жүргізуші: Бұл жерде сіздің қазір қазақ тілінен өтіп жүрген тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Мен оқыған осы тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашуларыңыз қажет. Ал, бастайық!
Тұрақты сөз тіркестері:
1. Иығынан су кетті. (жолы болмау)
2. тонның ішкі бауындай. (тату-тәтті дос)
3. сүт пісірім уақыт. (жылдамырақ)
4. Ат шаптырым жер. (алыс жер)
5. Таяқ тастам жер. (жақын жер)
6. Екі көзі төрт көз болды. (күтіп қалу)
7. Көз салды. (қарады)
8. құлақ түрді. (тыңдады)
9. Тайға таңба басқандай. (анық)
10. Қой жасы. 13-15 жас)
11. Қозы жасы. (7-10 жас)
12. Жылқы жасы. (20-22 жас)
Жеңімпазды марапаттау.
Жүргізуші: Осымен «Мың бір мақал» сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!

Сайыс: «Сөз мәйегі- мақал- мәтел» 6 сынып


Мақсаты: мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі, сурет.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер,флипчарт.
Түрі:сайыс
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік.
Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.»
Максим Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.»
Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.»
Махмұт Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.»
Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»
Ал енді сайысымызды бастайық.
І.Үй тапсырмасын тексеру
Шарты:Топтың атын және ұранын дайындап келу.
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын , үй тапсырмасын тексерейік.Әр топқа топтың атын , ұранын дайындап келу тапсырылған.
І топ «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!
ІІ топ «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу арманымыз,
Жетуге соған тырысамыз !
ІІІ топ «Тапқырлар». Ұраны : Тапқырмыз деп ұрандап,
Өмірде біз келеміз жарқылдап!
ІІ. Сұрақ-жауап сайысы.
Шарты: Қойылған сұрақтарға тез жауап беру.
- Мақал-мәтелдер деген не?
- Мақал-мәтелдердің адам тәрбиелеудегі ролі қандай?
- Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?
- Мақал-мәтелдер нені сынайды?
- Мақал-мәтелдердің көлемі қандай?
- Мақал-мәтелдер қалай айтылады?
- Мақал-мәтелдер қалай таралған?
- Мақал-мәтелдерді кім шығарады?

ІІІ. Білгіштер сайысы.
Шарты : Кім қанша мақал айтса , сонша фишка алады.

ІҮ.Аудармашылар сайысы.
Шарты: Берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудару. (Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Тазалық- денсаулық кепілі . (Чистота -залог здоровья.)
Еңбек оздырады. (Труд прославляет.)
Не ексең, соны орасың .( Что посеешь ,то и пожнешь.)
Отан - оттан да ыстық. (Родина -жарче огн
Оқу -білім бұлағы, білім- өмір шырағы. (Учение- родник знаний,знание - лучик жизни.)
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.(Человек без Родины, что соловей без леса.)

Ү.Мақалдың жалғасын тап:
Шарты: Көп нүктенің орнына керекті сөздің баламасын қазақ, орыс және ағылшын тілінде табу. (Әр дұрыс жауапқа екі фишка беріледі.)
………. - инемен құдық қазғандай. (оқу, учеба,study)
Оқусыз ……. жоқ , білімсіз күнің жоқ. (білім, знание,knowledge)
Ашу дұшпан, ақыл - ……… (дос,друг,friend)
Не имей сто рублей, а имей сто ………(друзей,досың, friends)
Білекті бірді жығады , білімді ….. жығады. .(мыңды,тысяч,thousand)
Учение -……. ,а не ученье- тьма. (свет,жарық,light)

ҮІ. Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру.
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Бұрысы
1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге.
2. Жерде, тіл ,жоқ ұлт, жоқ.
3. Тас жарады,тас, тіл жармаса, бас жарады
1.Тілін біл,жеті түрлі, жеті жұрттың, білім біл.
2.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе
3. Мектеп, білім- теңіз кеме .
1.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді.
2.Ыстық ,отан , оттан да.
3.Жау алмайды, досы көпті ,ақылы көпті дау алмайды.

Дұрысы
1.Тілге құрмет-елге құрмет.
2.Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.
3.Тіл тас жарады,тас жармаса, бас жарады.

1..Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.
2.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
3.Білім- теңіз, мектеп- кеме .

1.Білекті бірді жығады , білімді мыңды жығады
2.Отан - оттан да ыстық.
3.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.

ҮІІ. Сурет сайысы.
Шарты : 1.Берілген мақал-мәтелдер бойынша сурет салу.
2.Сурет бойынша мақал-мәтелдің мазмұнын ашу.
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.
Білім-өмір шырағы.
Білім- теңіз, мектеп- кеме.

Осымен сайысымыз аяқталады.Сөзді қазылар алқасына береміз.


Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар, жұмбақтар, 7 сынып



Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік:
Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлері: жаңылтпаш,жұмбақтармен таныстыру.
Ә) Дамытушылық:
Халық ауыз әдебиетінің бұл түрлерін бір-бірінен ажырата білуін,мәнін терең түсініп,мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.Шығармашылық жұмысқа баулу.
Б) Тәрбиелік:
Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық сезімін оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке,топпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі,орыс тілі,дүниетану.
Көрнекі құралдар:үлестірмелі қима қағаздар,тренинг ережелері жазылған,сабақтың тақырыбы жазылған плакат,топ ұпайларының көрсеткіштері,тест жұмыстары жазылған плакат,магнитофон.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
А) сәлемдесу Ә) топтарға бөлу
2.Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз тренинг- сабақ түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс жасауға баулу,ойларын бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру,бірлесіп,үндестікпен жұмыс жасауға үйрету.
Сыныпты үш топқа бөлеміз:
Тұлпарлар.
Достар.
Батырлар.
Әр топ жанына топ аттары жазылған табличкалар қойылады.
Сабақ ережесімен таныстыру.
1.Тыныштық сақтау 2.Ұжыммен жұмыс
3.Қол соғу 4.Ойын ашық айт
5.Ережені бұзбау.

ӘрбІр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Әр топ өздері арасынан:
1.Топ басшысын
2.бақылаушысын дайындайды.
Топ басшылары топ мүшелерімен таныстырып отырады,ал бақылаушылар топ мүшелерінің алған бағаларын жазып отырады.

1-бөлім.
«Білгенге маржан,білмегенге арзан».
Әр топқа тапсырма беріледі.Ойлануға 2 мин.
Тапсырмалар:
№1.жұмбақ деген не?
№2.жаңылтпашты қалай түсінесің?
Талданып болған соң ойын: «түсін мені».
Шарты:1-топтан 1-оқушы шығып,қима қағаз алады да ондағы жазу бойынша ерекшеліктерді бейнелеу.
Қалған екі топ қимылына қарап анықтайды.
Бағалау.
2-бөлім.
«Ойлан, тап» деп аталады.
А) Тапсырма магнитофоннан тыңдалады.
Әр топ айтылған жұмбақ жауабын үш тілде берулері керек.
№1. Өзі сондай қу,жүрген жері айқай шу.
№2. Маң-маң басқан маң басқан,шудаларын шаң басқан.
№3. Қыста ақ тон киемін,сәбізді сондай сүйемін.
Ә) Шығармашылық жұмыс.
Жаңа жұмбақ шештік,енді берілген тапсырмаларды алып,ойдан жұмбақ құраймыз. Қалған екі топ жауабын табады.

3-бөлім.
«Кім жаңылыспайды» ?
Магнитофоннан жаңылтпаш тыңдалып,жаңылыспай айтылуы керек.
№1. Дәу тау болады,тау дәу болады.
№2. Шүрегей сүңгігіш пе,сүңгуір сүңгігіш пе?
№3. Аңқау жалқауды жалқаусын дейді,жалқау аңқауды аңқаусын дейді.
Жеңімпаздарды марапаттау.









Төрт - түлігім ырысым. 5 сынып

«Төрт - түлігім ырысым».
Мақсаты:
1. Төрт түлік туралы толық мағлұмат беру, оларды жеке - жеке таныстыру.
2. Төрт түлік туралы мақал - мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар жаттату.
3. Оқушыларды төрт түлік малды қастерлеуге тәрбиелеу.

Барысы:
1. Кіріспе сөз.
- Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Мал олардың киімі, тамағы, көлігі. Бір сөзбен айтқанда бар -
лық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты болған. Сондық - тан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп - бағуды
көбейтіп, өсіруді ойдағыдай игеріп, отбасына қажетіне қарай
іріктеп сойып жеп отырған. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Халқымыз өздерінің тіршілік шаруашылық өмірін осы мал өсіруімен байланыстыра жасаған. Малдың етін, сүтін, терісін, тіпті
мүйізіне, сүйегіне дейін ұқсата білген. Сондықтан қасиетті
төрт - түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіспіз.

Жұмбақ: «Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.»
- Бұл қандай мал?
- Түйе.

1 - оқушы: «Төрт түліктің төресі - түйе» туралы мазмұнын айтып береді.
- Түйе төлі - ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.
«Бота» туралы тақпақ.

Жұмбақ: «Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім»
- Бұл қандай жануар екен?

2 - оқушы: «Жылқы - ер қанаты» туралы айтады.
- Жылқы төлі - құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.
Ән «Құлыншақ» орындайтын хор.

Жұмбақ: Төрт тағанда бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.
- Бұл қандай жануар?

3 - оқушы: «Қой - төрт түліктің момыны» туралы айтады.
- Қой төлі - қошақан,
Өріске қашқан қорадан.
Ән «Қошақан» орындайтын хор.
Жұмбақ: Асты пышақ, үсті істік
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп - секіріп түскен.
- Бұл қандай жануар?

4 - оқушы: «Ешкі - өсімтал мал» туралы айтады.
- Ешкі төлі - лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.

«Лақ» туралы тақпақ.
- Ал әр жануар және мал өз баласын қалай сүйеді екен?
Қазір біз «Малдың төлін сүюі» туралы өлеңді тыңдап білеміз.
- Мал бағу, оны мәпелеп өсіру - аса ардақты өнер.
Өлең « Малды құрметтеу»

Тыйым сөздер
1. Малды теппе, ақты төкпе.
2. Малды басынан ұрма.
3. Малға теріс мінбе.

Қорытынды: Бүгін балалар, біз төрт - түлік туралы көптеген мағлұмат алдық, оларды қадірлей білу керек.









Сабақтың тақырыбы: «Күнтізбе» туралы қысқаша мәлімет.

Септіктер

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, жаттығулар орындау, сөйлем құрастыру, септік жалғауларын дұрыс пайдалана білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Жаңа сөздерді қазақ тілде дұрыс айтып, жаза білуге, сөйлем құрастыру, тіл дамыту жұмыстарын орындауға дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік:Тақырып бойынша әңгімелесе білуге,ұқыптылыққа, мәдениетті болуға баулу.

Сабақтың түрі: біріктірілген сабақ

Сабақтың типі: жаңа білім,білік,дағдыларын дамыту.

Көрнекілік: күнтізбе, сағат, апта атаулары, ай атаулары.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.

Сабақ барысы.

Апта күндеріне саяхат сабағын бастаймыз. «Дүйсенбі» тапсырмасы.Ұйымдастыру: Кіріспе сұрақ-жауап. Кезекшімен әңгімелесу. Қазақша мұғаліммен амандасу.

1. Жаңа сабаққа кірістіру: «Сейсенбі» тапсырмасы- Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды атаңдар.

Қазақша ай аттарын ата, сөйлем құрастыр.

Грамматикалық сұрақтар: Септіктерді ата, сұрақтарын айт.

Сабақ тақырыбын анықтайық. Балалар мына слайдқа қараңдаршы: -Бұл ненің суреті?

-Күнтізбе деген не? Синоним сөзін кім айтады? (Календарь-күнпарақ).Синоним дегеніміз не? Бұл біріккен сөз, буын үндестігіне бағынбайды.

2. Жаңа сабақ-«Сәрсенбі» тапсырмасы.

Кітаппен жұмыс-46-бет Мәтінмен жұмыс. Мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңдар. Мәтін бойынша сұрақтар құраңдар.(жұптық жұмыс)

«Күнтізбе» туралы қысқаша мәлімет

«Күнтізбе» дегеніміз- ол күнпарақ. Күнпараққа ай аттары, күндер, апта атаулары, мереке күндер кіреді. Күнтізбе 365 күннен тұрады. Ай аттары: қаңтар, ақпан, наурыз, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан. Апта атаулары: дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі, сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.

Күнтізбелер әртүрлі болады. Мысалы: қабырға күнпарағы, үстел күнпарағы,қалта күнпарағы тағы басқа. («Ол не?Бұл кім?»кітабынан)

Тапсырма: ай,күн атауларын ата.

2-тапсырма Сызбаларды пайдалана отырып, сұрақтар құраңдар. Дұрыс жауабын айтыңдар. 46-бет

3. Сергіту сәті. Тіл дамыту жұмыстары- «Бейсенбі»

Қазақ тілінде оқушылар хормен апта күндері туралы ән салады. Қазақша жаңылтпаштар, өлеңдер айтады. Мақал құрастырады.

4. «Жұма» -жазбаша тапсырмалар орындау.

«Күнтізбе»-сөзін септеу. Зат есім дегеніміз не? Қазақ тілінде неше жалғау түрлері бар.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер, сетік жалғауларды белгілеп, анықтаңдар.

Бүгін кім кезекші? троллейбуспен

Мынау кімнің күнделігі? Айманда

Оқушылар қайда бара жатыр? кітапханадан

Мұғалім нені түсіндірді? Санжардың

Кезекшілер кестесі кімде? Болат

Кітапты қайдан алдың? театрға

Стадионға дейін немен баруға болады? сабақты

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жалғаңдар.

Күнпарақ.... ай аттары, күндер,апта атаулары, мереке күндер кіреді. Күнпарақ 365 күн... тұрады. Бір жыл.... он екі ай бар. Бір апта.... жеті күн бар. Сен мектеп... қашан барасың? Мен өз анам... жақсы көремін.

5. «Сенбі» -тапсырмасы: Сағатты дұрыс айт. Берілген суреттердегі уақытты екі тілде айту (ауызша орындалады).

(Септік жалғауын дұрыс қолдану мен сан есімді дұрыс айту дағдылары тексеріледі) Керекті сөздер: Кетті,қалды, жарым, тура.

Қазақстанда қандай мемлекеттік мерекелер тойланады?

30 тамыз, 1 қаңтар, 16 желтоқсан, 8 наурыз, 22 наурыз, 1 мамыр,

9 мамыр.

6. «Жексенбі» сабақты қорытындылап, үйге тапсырмалар беру және бағалау.

Бүгін сабақта не істедіңдер? Күнтізбе деген не? Сенде күнпарақ бар ма? Ол не үшін қажет?

Сабақ саған ұнады ма?

Сабақта кімдер жақсы жауап берді? Сен мерекеде досыңа немесе анаңа не сыйлайсың? Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы «Күнпарақ» болғандықтан, мен сендерге күнпарақ сыйлаймын.

Үйге тапсырма: «Күнтізбе» туралы қысқаша мәлімет 60-бет, септіктерді жаттау 61-бет,4 зат есім сөзді септеп келу.

Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар!



© 2010-2022