Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі бала сүйкімді»Қасиеттер: таланттылық, зеректілік, өнерпаздық.Керекті құралдар: суреттер, интерактивті тақта, слайд, тарататын материалдар, қарындаштар.Сабақтың мақсаты:1.Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.2.Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.3. Өнерпаздықты, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.СлайдШаттық шеңбері:Армысың, шапағатты күніміз,...
Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Өзін - өзі тану

Сыныбы: 2

Оқушылар саны: 12

Мерзімі: 11.02.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі бала сүйкімді»

Қасиеттер: таланттылық, зеректілік, өнерпаздық.

Керекті құралдар: суреттер, интерактивті тақта, слайд, тарататын материалдар, қарындаштар.

Сабақтың мақсаты:

1.Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

2.Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.

3. Өнерпаздықты, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Слайд

Шаттық шеңбері:

Армысың, шапағатты күніміз,

Армысың, мейірімді жеріміз

Армысың, табиғат - анамыз

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.

Топқа бөлу:Оқушыларға

Суретшілер, ақындар, әншілер

1. Кел ойланайық, пікірлесейік

«Өнерлі өрге жүзер» оқушылардың ойларын еркін айтуға дағдыландыру

2. Оқушыларға тапсырма беріледі

• Суретшілер: сурет салады.

• Әншілер: ән айтады.

• Ақындар: өлең жолдарын оқиды.

3. Мәтінмен жұмыс : әр топ бөлімге бөліп мәтін оқиды.

«Құмға салған сурет» мәтіні бойынша

- Мазмұндау

- Сұрақ - жауап

4. Дәйек сөз: сөздің мағынасын ашу

Адамның сәні - өнер, білім, ақылы. (Жетес шешен)

Өнерге, білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал-мәтелдер білесіңдер?

Интерактивті тақтадан өнерлі адамдар туралы айту.

Кішкентай ақын Жамбыл, шахматшы Жансая, әнші Ермек және тағы басқа танымал өнерлі балалар туралы слайд

5. Дәптермен жұмыс:

Ребус шешу. Өнерлі бала сүйкімді

6. Ой жүгірту. Топтық жұмыс

Суретшілер тобы: өлеңді аяқтау

Алуан бояу іріктеп ........ (алды)

Асықпай, Мұрат ...........(суретті) салды.

Столға жайып .......(қағазды) аппақ

.......(Сарымен) сұлу жасады бақ-бақ

Ақындар тобы: мақалдарды аяқтау

1. Білім көкке жеткізер

Өнер көпке жеткізер.

2.Кітап - білім бұлағы,

Білім - өнер шырағы.

3.Шебердің қолы ортақ

Шешеннің тілі ортақ.

Әншілер тобына - Жұмбақ шешу

1.Түк білмей барасың

Төлімін аласың,

Есейіп кетсең де,

Қарыз боп қаласың. (мектеп)

2.Оң жағымда бес саусақ,

Сол жағымда бес саусақ. (Он саусақ)

Қортынды: Жүректен жүрекке

Тілек ағашына тілектер жазу

Бір-бірімізге мына күннің

нұры мен жылулығын

ұсына отырып жылы

тілектерімізді білдірейік!

Біліммен, өнермен алға самғаңдар -деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз

© 2010-2022