• Преподавателю
  • Другое
  • Тақырыбы. ИПОТЕКА, ОНЫҢ МӘНІ, ҚАҒИДАЛАРЫ, ТҮРЛЕРІ. ИПОТЕКАЛЫҚ КЕЛІСМ-ШАРТТЫ РӘСІМДЕУ

Тақырыбы. ИПОТЕКА, ОНЫҢ МӘНІ, ҚАҒИДАЛАРЫ, ТҮРЛЕРІ. ИПОТЕКАЛЫҚ КЕЛІСМ-ШАРТТЫ РӘСІМДЕУ

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ИПОТЕКА, ОНЫҢ МӘНІ, ҚАҒИДАЛАРЫ, ТҮРЛЕРІ. ИПОТЕКАЛЫҚ КЕЛІСМ-ШАРТТЫ РӘСІМДЕУ» БОЙЫНША ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН қолдана отырып «БАНК ІСІ» ПӘНІНЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН АРАЛАС САБАҒЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ


Сейдахметова Г.А. -

Алматы экономикалық колледжі

«Банк ісі» пәнінің оқытушысы


Қазіргі уақытта экономика пәнін жете меңгеру өте маңызды. Себебі, экономика салаларының жедел дамуы қоғам тарапынан да қарқынды дамуды және өркендеуді талап етеді. «Банк ісі» пәні оқушылардың экономика туралы алғашқы әрі негізгі түсініктері мен ойларын, көзқарастарын қалыптастырады. Берілген пәнді толығымен игере отырып, студент арнайы экономикалық пәндерді терең әрі жеңіл меңгере алады.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды студенттің жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым - қатынастарға беімдеу болып отыр. Демек, студент білімді дайын күйінді оқытушы түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесін арқылы танымдық

Оқу үрдісінде оқытудың интербелсенді пікірталас, жеңілдетілген анықтама, шығу парағы т.б.әдістері қолданылды. Себебі, интербелсенді оқытудың тиімділігі сол, барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

«Банк ісі» сабағы нақты ғылым болғандықтан сабақ интербелсенді оқыту және ойын технологиясының элементтерін қолдану арқылы жүргізіледі.

Бұл аралас сабақ «Ипотека, оның мәні, қағидалары, түрлері. Ипотекалық келісім-шартты рәсімдеу» тақырыбының теориялық білімдерін қорыту болып саналады және білімгерлердің өз ойларын еркін жеткізуге және ой - қабілеттерін тереңдету. Осы аралас сабақты интербелсенді әдістерінің элементтерін, соның ішінде топпен жұмыс жасау арқылы өткізу.
































САБАҚ БАРЫСЫ


I.Ұйымдастыру кезеңі: Дәрісхананың сабақ өткізуге дайындығын және студенттердің қатысуын тексеру.

II.Өткен тақырыпты қайталау:

  • Сайыс өткізу.

Бүгінгі аралас сабағымызды «Ипотека, оның мәні, қағидалары, түрлері. Ипотекалық келісім-шартты рәсімдеу» бойынша білімгерлерді жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіру және өз ойларын еркін жеткізу тақырыбына арналған және қабылданған теориялық білімдеріңді тәжірибеде қолдана білуге бейімдеу және белгілі бір дағдыны қалыптастыру мақсатында тәжірибелік сабақ өткізгелі отырмыз. Сабақ интербелсенді әдістерінің элементтерін қолдану арқылы жүргізіледі.


  • 1Тақырыбы. ИПОТЕКА, ОНЫҢ МӘНІ, ҚАҒИДАЛАРЫ, ТҮРЛЕРІ. ИПОТЕКАЛЫҚ КЕЛІСМ-ШАРТТЫ РӘСІМДЕУ-ші кезең «Жеңілдетілген анықтама» (әр топқа берілетін сөзге анықтама беріп және де мысал келтіру).

1.Несие түйіні

2.Корпоративтік клиент

3.Несиелік желінің түрлері

4.Овердрафт

5.Маусымдық несие

6.Лизингтік несие

7.Сенім несиесі

8.Консорциалдық несие

9.Инвестициялық несиелер

10.Рамбурстық несие

11.Ломбардтық

12.Форфейтингтік несие

13.Факторингтік

14.Экспорттық


  • 2 - ші кезең:

Жаңа тақырыпты түсіндіру: Ипотека, оның мәні, қағидалары, түрлері. Ипотекалық келісімшартты рәсімдеу.

Дәріс жоспар:

1.Ипотека оның мәні, түрлері

2.Ипотека бойынша келісімшарт

3.Ипотека жөніндегі тіркеу жазбасы.

I.Ипотека кепілдік берушінің сатуына болатын немесе басқаша жолмен төте алатын кезкелген жылжымайтын мүлкіне қойылуы мүмкін. Ипотека мыналарға қойылуы ықтимал:

  • жер учаскесі;

  • кәсіпорын, үй - ғимарат, құрылғы және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын кез-келген жылжымайтын мүлік;

  • тұрғын үйлер мен пәтер;

  • саяжай, бау-бақша үйі, гараж және тұтынылатын өзге де құрылыстар;

  • басқадай жылжымайтын мүліктер.

Ипотека заттары кепілдік берушінің меншігі болуы керек немесе толық шаруашылық жүргізуде пайдаланылатын жалпы меншіктегі мүлік (әрбір меншіктеушінің ондағы үлесі белгілі болмайды). Барлық меншік иелерінің жазбаша келісімі болмаса, ипотека қойылмайды.

Меншіктің жалпы үлесіне қатысушы өз үлесін басқа меншік иелерінің келісімінсіз баршаға ортақ мүліктің құқығына сала алады. Жылжымайтын мүлікті кепілге салу туралы негізгі ереже ипотека жөніндегі келісімшарттың кепілхат түрінде бекітілуін қарастырады.

Мұндай келісімшарттың нақты заңды күші болуы үшін оны тиісті дәрежеде рәсімдеп (яғни, ол реквизиттердің қажетті тізбесін қамтуы тиіс), нотариалдық тұрғыдан растау қажет.

ҚХБ АҚ жеке тұлғаларды тұтынушылық мақсаттарға несиелендіруін сипаттайтын көрсеткіштерді 1-кестеден көруге болады.



1-кесте. Ипотекалық несиелендіруді сипаттайтын көрсеткіштер

Тұтынушылық несиелердің түрлері

АҚШ долларындағы несие сомасы

Несиенің айлардағы мерзімі

Орташа есептелген проценттік мөлшерлеме

Қамсыздандырудың түрі

Ипотека

100000 дейін

240 дейін

11 %

Жылжымайтын мүлік

2-кестеге қарағанда, тұтынушылық несиелердің басым бөлігі ипотекалық несиелендіруге келеді.

2-кесте. 2012 - 2015 жылдары аралығында берілген несиелдердің көлемі, мың теңгеде.

Көрсеткіштер

2012

2013

2014

2015

Берілген несиелердің жалпы сомасы

336116

896034

3570254

5673483

Тұтынушылық несиелердің сомасы, барлығы

128893

306559

3077446

4825179

Оның ішінде:





Ипотекалық несиелендіру

118250

220564

2856414

4563215

II.Ипотека бойынша келісімшарт мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.

Ипотека мемлекеттік тіркеуден өтуі үшін кепілзатты ұспаушының мемлекеттік Бажды төлегенін растайтын кепілхат пен құжаттар ұсынылған жағдайда оның (кепілзат ұстаушының) өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Ипотека тірекуді жүзеге асыратын органға осыған қажетті құжаттар түскеннен күннен бастап, 15 күннің ішінде тіркелуі керек.Бұл арада тіркеу күніне құжаттардың тіркелуіне түскен күні жатады. Тіркеу жазбасы мына мәліметтерді қамтиды:

  • кепілдік беруші жөніндегі мәлімет,

  • ипотеканың заты туралы мәлімет, өткен ипотеканың болғанын және ипотекалық міндеттеменің әрекет ету мерзімін көрсету.

Ипотеканың тіркелгені жөніндегі мәлімет кепілхатқа енгізіледі. Онда ипотеканы тіркеген органның толық атауы, ипотеканың тіркелген күні мен орны, тіркеу номері көрсетіледі. Бұл мәліметтер тіркеуді жүзеге асырған ұйымның лауазымды қызметкерлерінің қол қоюымен және мөрімен расталады.

Ипотека тіркеуі міндетті шарт болып табылады: кез келген тұлға тіркеуді ипотека объектісіне сәйкес жүзеге асыратын органан тіркеу жазбасының көшімесін (немесе одан расталған үзінді көшімені) алуға құқылы.

III. Ипотека жөніндегі тіркеу жазбасы кепілдік берушінің және кепілзат ұстаушының өтінішімен бірге кепілхатты ұстаушының өтініші бойынша немесе ипотеканы тоқтату туралысот шешіімі бойынша өшіріледі.

Кепілзат ұстаушы кепілхат бойынша өзінің құқығын басқа тұлғаға бере алады, алайда құқықты бұлайша беру сол тұлғаға несие келісімшартымен қамтамасыз етілген ипотека бойынша құқықты бір мезгілде табыс ету арқылы жүзеге асырылады.

Кепілхат бойынша құқықты кепілзат ұстаушы жаңа кепілзат ұстаушының пайдасына оған кепілхатта нотариалдық тұрғыдан расталған атаулы табыстама жазбаны орындау жолымен табыс етеді.

Кепілзат ұстаушы ипотекамен қамтамасыз етілген несие келісіпшарты бойынша борышқорға кепілхат жөніндегі құқықты табыс еткені жөнінде жазбаша түрде хабарлауы қажет. Борышкер осының негізінде жаңа кепілзат ұстаушының алдында өзінің келісім шартын орындауға міндетті.

Кепілзат ұстаушы өзіндегі кепілхатты басқа тұлғаға онымен бекітілген несие келісімшартын қамтамасыз етіде кепілге сала алады. Кепілхаттың кепілдігімен қамтамасыз етілген несие келісімшарты орындалмаған жағдайда ипотекалық кепілзатты ұстаушы кепілхатты кепілге ұстаушының талабы бойынша өз құқығын ипотекалық кепілзатты берушіге табыс етуге міндетті.Бұл құқықты қайта табыстаудан бас тартқан жағдайда кепілхатты кепілге ұстаушы бұл құқықты сот тәртібімен өзіне аударуын талап ете алады.

Кепілзат беруші кепілзат ұстаушымен келісе отырып ипотека затын басқа тұлғаға, оның меншігіне, жалға немесе өтеусіз негізде уақытша пайдалануына беруге құқылы.


  • 3 - ші кезең:

Ипотека, оның мәні, қағидалары, түрлеріне есептер шығару.

№ 1 есеп

Берілгені:

Жинақ банкі 48 пайыз мөлшерлемесімен талап еткенге дейін салымдар қабылдайды. Пайыздары жай. Бір жылда- 365 күн.

Шарты: Салым пайызы - 48%.

Салым сомасы - 4,5 млн тг.

Есептеу керек: Қанша күннен кейін 4,5 млн теңгелік салым 5 млн теңгеге дейін жетеді?

№ 2 есеп

Берілгені:

Салымшы 5 жылға жылдық 50%- бен банкке 2 мың теңге салды. Пайыздары күрделі.

Шарты: Салым мерзімі - 5 жыл.

Пайызы - 50%.

Салым көлемі - 2 мың тг.

Есептеу керек:

Мерзім өткеннен кейін салымшы қаражатының сомасы қанша?

№ 3 есеп

Ағайдарова М.А. ханым 3 жылдан кейін 700 000 тенгеге пәтер сатып алмақшы. Қазір ол ақшасын 18 % жылдыққа депозитке салмақ. Оған 3 жылдан кейін пәтер алу үшін қанша салым салу керек?

Есептеу керек:

Мерзім өткеннен кейін салымшы қаражатының сомасы қанша?

№ 4 есеп

Берілгені:

Депозиттің алғашқы сомасы 100 мың тенге. Мөлшерлемесі жылдық 30%. Бірқатар кезеңдерге қарапайым және күрделі пайыздар бойынша көбейген құнды анықтаңдар. Нәтижесін кестеде келтіру.

Пайыздар

180 күн

1 жыл

2 жыл

5 жыл

10 жыл

Қарапайым

Күрделі


Есептерді жинақтап қортынды жасаңдар.

Шарты: Салым сомасы - 100мың тг.

Пайызы - 30%.


  • 4 - ші кезең:

«Өндірістік жағдайлар» - топтық зерттеу ойыны, АҚ «Халық банкі», «Тұрғын үй Жинақ Банкі» және АО «БанкЦентрКредит» командалары арасында өткізіледі. Бұл ойынның шарты студенттер шағын топтарға бөлініп, аталмыш проблеманы шешу жолдарын талқылау және тиімділігін анықтау, уақыт (15-20) минут.

III. Сабақ нәтижесін қорытындылау: сабаққа белсенді қатысқан студентті және топ жеңімпаздарын анықтау.

IV.Бағалау.

V. Үй тапсырмасы: осы сабақта шығарылған есептердің пайыздарын салыстырып, диаграмма құру.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. С.Құлпыбаев, Қ. Қ. Ілиясов; Қаржы оқулығы 2009 жыл.

  2. С.Б.Мақыш «Банк ісі» Алматы «Жеті жарғы» 2009 жыл.

  3. Н.Н. Хамитов «Банк ісі» Алматы экономика 2006 жыл.

  4. Р.Ж.Қалғұлова «Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы, 2005 жыл.



© 2010-2022