Жеке авторлы басылымдарға библиографиялық сипаттама құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Жеке авторлы басылымдарға библиографиялық сипаттама құрастыру. Сабақтың түрі: Күнделікті сабақ Сабақтың мақсаты: Құжаттарға библиографиялық сипаттама беру арқылы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету қызметін жақсарту. Басқа пәндермен байланысы: Кітапханатану, библиография Көрнекілік: Плакаттар, Электрондық каталог, мерзімді және мерзімсіз басылымдар Сабақтың өту барысы: 1.     Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар жүргізу 2.     Жаңа тақырыпты түсіндіру. 3.     Жаңа тақырып пе...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жеке авторлы басылымдарға библиографиялық сипаттама құрастыру.

Сабақтың түрі: Күнделікті сабақ

Сабақтың мақсаты: Құжаттарға библиографиялық сипаттама беру арқылы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету қызметін жақсарту.

Басқа пәндермен байланысы: Кітапханатану, библиография

Көрнекілік: Плакаттар, Электрондық каталог, мерзімді және мерзімсіз басылымдар

Сабақтың өту барысы:

  1. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар жүргізу

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  3. Жаңа тақырып пен өткен тақырыпты байланыстыру.

  4. Үй тапсырмасын бағалау.

  5. Үйге тапсырма.

Бірнеше авторы жоқ кітаптарға библиографиялық сипаттама құрастыру.

Сабақтың өту барысы.

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпқа шолу жасайық (өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, жауап беру).

Екі топқа бөліп, бір - біріне сұрақтар қою.

Жаңа тақырып.

Библиографиялық сипаттама.

Библиографиялық жазбаның тақырыбы. Негізгі аты: Атына қатысты мәлімет / Жауаптыға қатысты мәлімет.- басылым туралы мәлімет.- басылым орны: баспагер, Басылым уақыты.- Көлемі: Иллюстрация; Өлшем+ (Серияның негізгі аты: серияға жауаптыға қатысты мәлімет; Серияның шығарылым нөмірі, Серияның негізгі атауы: Серияасты атына қатысты мәлімет; Серияастының шығарылым нөмірі) .- Ескерту.- ISBN .- Тираж.

Негізгі аты - басылымдардың негізгі атынан тұрады. Титулдық бетте жазылады, полиграфиялық құралмен (түсі, шрифтісі және т.б.) ерекшеленеді.

Атына жеке қысқарған сөздер жаылмайды. Егерде атында қысқарған сөздер болса, онда оны сипаттамаға жазады.

Мысалы: Русская элегия кон. ХVII - нач. ХХв.

Поредством слова творю я мир...

Негізгі аты тақырыптық және типтік (басылымның түрін көрсетеді) болуы мүмкін.

Мысалы: Атлас

Словарь - справочник учителя физики

Тапсырмалар мен жаттығулар

Негізгі аты балама атынан тұруы мүмкін. Ондай жағдайда арасында жалғаулық сөздер жазылады. Жалғаулық сөздердің алдына үтір қойылады.

Мысалы: Типология личности, или какие мы разные

Негізгі атына қатысты, бірақ грамматикалық байланыста емес конференциялардың, көрмелердің және т.б. өту орындары мен уақыты туралы мәлімет беріледі. Негізгі атынан кейін үтір қойылады.

Мысалы: Казахстанская книга рекордов, 1999.

Егерде басылымда дөңгелек жақшада берілсе немесе оның алдында басқа грамматикалық таңбалар болса, сонымен қатар олар атымен грамматикалық байланыста болған жағдайда мәліметтен кейін үтір қойылмайды.

Мысалы: Материалы научно - теоретической конференции

молодых ученых и студентов «право и общество: реалии и

перспективы» (27-28 апр. 2001г.)

Библиографиялық жазбада параллель аты болуы мүмкін. Мұнда негізгі аты басқа тілде болады.

Мысалы: Қазақша - орысша= Казахско -русской словарь

Английский грамматика= English grammar

Атына қатыфсты мәлімет - бұл басылым туралы түсіндіретін, нақтылайтын және толықтыратын негізгі аты туралы мәлімет

Мысалы: Сочинение: 100 лучших сочинений по литературе

Физика: Электромагнитные явления: 8-й кл.: Учебник для

общеобразов. Учеб. заведений.

Жауаптыға қатысты мәліметке автордың, құрастырушының, редактордың, аудармашылардың және басқа да басылымның шығуына ат салысқан адамдар, ұйымдардың, мекемелердің атауы беріледі.

Мысалы: Тулебаев Т. История древного мира: Учебник для 6 кл. общ.

шк. / Т. Тулебаев, Р. Кусайнова, М. Дакенов

Библиографический указатель поступлений отечественной и

зарубежной научно - технической литературы по проблемам

экологии / Каз.Гос. НИИ НТИ; Сост. Ш.Г. курмангалиева, Л.А.

Обревко, А.С. Алтекенова.- Алматы: КазгосНТИ, 1995.-56с.

Басылым туралы мәліметке басылымның қайта басылып шығуы т.б. мәліметтер беріледі.

Мысалы: 2-е изд.

4-е изд., испр. И доп.

Басылым орнында баспаның мекенжайы беріледі.

Мысалы: Москва - М.

Санкт - Петербург - СПб

Нижний Новгород - Н, Новгород

Егерде басылымда 2 басылым орны берілсе, екеуі де жазылады.

Мысалы: Алматы; Караганда

М.; СПб

М.; Киев

Баспа туралы мәліметке баспа туралы толық мәлімет беріледі.

Мысалы: Басылымда Сипаттама бергенде

Алматы Алматы: Наш мир

Издательский дом «Наш мир»

Москва

Издательство «Мир» М.: Мир

Сабақтың басқа сабақпен байланысы:

Бұл сабақ барлық «Кітапхана ісі» пәндерімен тығыз байланысты. Себебі құжаттарға библиографиялық сипаттама беру арқылы кітапхана қорын орналастырамыз, оқырмандарға қызмет көрсеткенде тиімді. Дұрыс берілген сипаттам оқырмандарға қызмет көрсетуде кітапханашының жұмысын жеңілдетеді.

Сабақты қорытындылау кезеңі.

Сабақты бағалау: Оқушыларды берген жауаптары бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма: Бірнеше авторы жоқ кітаптарға библиографиялық сипаттама құрастыру.Жеке авторлы басылымдарға библиографиялық сипаттама құрастыру

© 2010-2022