Көркем әдебиеттегі балалық бейне тақырыбындағы сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып Қазақ әдебиеті мұғалім: Нұрсейітова А.Қ. Тақырыбы: Көркем әдебиеттегі балалық бейне (Ш.Мұртаза «Тұтқын бала», С.Мұратбеков «Қылау» әңгімелері бойынша)

Мақсаты:1. Ш.Мұртаза мен С.Мұратбеков әңгімелерінің тақырыбын ашу, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс.істеулеріне ықпал ету.2. Мәтін бойынша өзіндік ой қорыта білу дағдыларын дамыту.3.Оқушыларды адами қасиеттерді тани білуге,балалық жауапкершілікті түсіне білуге, адамдық борышын сезіне білуге тәрбиелеу

Сабақтың нәтижесі: Екі шығармадағы і негізгі ойды әңгімелейді. Өлеңдерін тыңдау арқылы үйлесімдерін сәйкестендіреді. Әңгімелердегі ортақ ойларын айқындайды. Тіл айшықтарына , тәсіліне талдау жасап салыстырады. Адам қасиеттері туралы білімдерін жинақтайды. Кейіпкерлер бейнесіне баға береді

Сабақтың тегі: бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, интерактивті тақтамен жұмыс, Блум жүйесі, СТО.

Жұмыс түрі: Топтық, жұптық, ұжымдық.

1

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі

Психологиялық ахуалды реттеу

Топқа бөлу

Сұрақ қояды.Абай айтқан бес қасиетті атап,өз бойыңда қай қасиет басым деп ойласаң,сол топты таңда

Сұраққа жауап беріп,қалаған топқа отырады.

оқушы

Жаңа сабақ

І.Қызығушылықты ояту кезеңі

А.Еңсепов «Балалық»күйі

күй


ІІ. Мағынаны тану, ажырату кезеңі

-Екі жазушы шығармасындағы ортақ тақырып қандай?

- Осы туралы жазуға не себеп болды?

Білу, түсіну.

Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»,

С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесінің тақырыптыры

Ұқсастықтары, айырмасы

Ұқсас ойларды табады.

таныстырылым


Концептуалдық кесте

кейіпкер

әрекеті

қасиеті

Тұрар

«Әттең,Аркашаның орнында мен оқыр ма едім, кітаптан бас алмас едім»

Оқуға құштар

Сатайдың әкесі

Со жылы төсекте жатқан күйінде...не істеу керектігін түсіндіруде

жұмсауық

Рабиға

Математик ағай мені конкурсқа жіберемін деп жүр

алғыр

Сатай

Мен оны сол Бірлікке дейін неге апарып салмадым

жанашыр

Рысқұл

Күңей-күйрек болма бірақ.

қайсар

Иван Владимирович

Қазақ та өз атына ие болар,Тұрар

оптимист


Кесте беріп, сәйкестендіру жұмысын жүргізуді ұсынады.

Әр топ кестені бірлесіп толтырады

Сәйкестендіру кестесі



ІІІ. Ой толғаныс кезеңі



Талдау

Топтық тапсырмалар

1-топ Мәтін бойынша мінезін беретін үзіндіден көрініс құрастыру

Әр топқа бөлек сұрақ беріп бағыт-бағдар нұсқайды

«Ортада қаламсап» стратегиясы:

-Әңгімелерді оқыған соң қандай сезім туындады?

-Қай кейіпкер өзіңе жақын деп ойлайсың,неге?

-Т.Рысқұловтың қоғам қайраткері болып шығуына қандай қасеттері әсер етті деп ойлайсың?

-Қылау»әңгімесін басқаша атауға бола ма? Жазушы шешімімен келісесің бе?

Өздеріне берілген топтық тапсырманы бірлесе орындай отыра мәтінге талдау жасайды.

Оқушылар

Мәтін

Таблица

2- топ- екі әңгімеден мәтін мазмұнын ашатын 10 сөзден теріп жазу; 3-топ- «Сұхбат»-Тұрармен сұхбат жүргізу; 4-топ- «Ыстық орындық»- авторға не Сатайға сұрақ; 5-топ- «Екі жақты күнделік»

Үзінді

Оқушы көзқарасы

Мақал-мәтел

Болар-болмас қар қылаулап тұр.Түні бойы қылаулаған болу керек, кеше ғана айнадай сыпырып, күреп тастаған есік алдында жаздағы көк теректің басынан төгілген ақ үлпек сияқты болып жұлықтан асар-аспас қылау қар көлпілдеп жатыр.Жұп-жұмсақ боп ерекше үлпілдейді.

Сатай мен Рабиғаның достық сезімі жаңа қылаулап жауған қардай басталады.Әңгіменің «Қылау»аталуы да соған байланысты болып тұр.

Тәні сұлу - сұлу емес, жаны сұлу - сұлу

- Қанаты қатаймаған балапаным, қара дауылға қарсы ұша алармысың сен? Ығы жоқ селдір бұтаның басында жалғыз қалдың-ау сен!..Сұп-суық сұрғылт күлдің арасында сқнбй жатқан бір түйір шоқтай болып ,қалың бұлттың арасынан жылт етіп,анда-санда күн көрінер.Жүдеме

Жарлының жан серігі - жасымау.Жасыма

Әкесі Тұрар тағдырына алаңдайды.Оны жалғыз панасыз қалдырып бара жатқанына жаны ауырады,оны жігерлендіреді.Ол сөздер балаға демеу болады.

Ата-ананың ақылы сайрап жатқан жолмен тең

Жинақтау

Әр замандағы балалық шақтың қиындығын айтады

Тұрар заманындағы қиындық

Сатай заманындағы қиындық

Қазіргі замандағы қиындық

-жетімдік

- алыс ауылдан қатынап оқу

-компьютер

-әділетсіздік

-техниканың болмауы

-жалқаулық

-оқуға мүмкіндік болмауы

-енжарлық

-рухани мүгедектік



Топтың жұмысын қадағалайды.

Салыстырады, қайта анықтайды, тұжырымдайды.

Қазақ әдебиеті оқулығы

Таныстырылым

Бағалау

«Балалықтағы жауапкершілікті қалай түсінемін?»

-ауызша ой-толғау

Ашық сұрақтар және анықтаушы сұрақтар қояды

Баға береді.

Жауап береді.

Оқушы



IV.Бағалау

Табыс критерийлері



-ой жүйелілігі;-тіл көркемдігі;-ойын нақты жеткізе алуы;-топ мүшелерінің белсенділігі;-өзіндік ой қорытындысы

Критерийлер ұсынады

Әр топтты келесі топ критерий негізінде бағалайды

таныстырылым

Үйге тапсырма

«Балалығым - бақытым» эссе

Шығармашылық тапсырма

Шығарма, өлең, сурет

рефлекксия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Стикер таратады.

Рефлексия

Сабаққа оқушылар белсенді қатысты.Сабақ тақырыбы ашылды.Сабақ кезеңдері сақталды, жоспарға сәйкес жүргізілд.іПсихологиялық ахуалды реттеуде топқа бөлу әдісі тиімді жүргізілді.(Ақыл,қайрат,жүрек сөздерінің мәнін ашу арқылы).Сабақта Абайдың әнінің сазын тыңдау негізінде оқушылардың қызығушылығы оянды.Мағынаны танып, ажыратуда сабақ тақырыбына кіретін, ойға түрткі болатын ашық сұрақтар қойылды. Оқушылар жауабы ұтымды болды. Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге»,Шәкірімнің «Адамдық борышың» өлеңдері тыңдалды, ұқсас ойлар, өлең жолдары сәйкестендірілді.Мұнан соң дайын жауабы таныстырылым арқылы көрсетілді.Топ мүшелері таба алды, кейбір оқушылар белсенділік танытпағанмен, тапсырманы орындады.Мұнда топтық жұмыстант гөрі жекелеме,жұптық жұмыстар негізінен жүзеге асты.Қолдану кезеңінде Венн диаграммасы негізінде кесте толтырып, екі ақын өлеңдеріндегі ортақ ойлар мен өзгешеліктерін кестеге топта бірлесе отырып кестеге түсірді, постер қорғады.Топ мүшелері өз ойларын жатық әдеби тілмен жеткізе білді.Талдау кезеңінде өлеңдердің құрылысындағы, тіліндегі, тәсіліндегі ерекшеліктерді ашу үшін топтар өзара сұрақтар қойды,Мұғалім кейбір оқушыларға түсініксіз «үштік» ұйқас, шалыс ұйқастың қазақ поэзиясына келуі туралы қосымша түсінік берді. Жинақтау кезеңінде «Адам»сөзінентаратып онда қандай қасиеттер болуы керектігін ақындар өлеңдеріндегі оймен үндестіре отырып тұжырымдады. Бағалау кезеңінде ой-толғау жазуда да ойларын жекізе білді.Табыс критерийлері құрылып,топтық бағалау жүзеге асты. Оқушылар өзіндік ой қорытындысын жасай білді.Тақырып бойынша авторлар позициясын аша алды. Сабақ Блум таксономиясымен құрылып, сын тұрғысынан ойлау тәсілі қолданылды.Сабақта ашық,анықтауыш, жетек сұрақтар қойылды,Диалогтік оқытудың кумулятивтік, зерттеушілік әңгіме түрлері жүзеге асты. Оқушылар ізденді, сұрақ қоя білді, ой қорытындысын жасады. Сабақт 20 минутқа жоспарланғанмен, материалдың көптігін ескермегендіктен 45 минутқа созылды.Қайталанған ойлар болды. Алдағы уақытта уақыт үнемділігі,тапсырмалардың бір тектес болмауы, топтарға берілетін тапсырмалардың әр түрлі болуы ескерілуі тиіс. Талдықорған қаласы №14 гимназияКөркем әдебиеттегі балалық бейне тақырыбындағы сабақ жоспары



© 2010-2022