Сабақтыңтақырыбы: Ғабит Мүсірепов қазақ әдебиетінен 8 сынып

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С А Б А Қ №26

Тақырып: Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қазақстанның белгілі жазушысы Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыратын мағлұматтар алады;

2. Дамытушылық: өзінің ойын жүйелі түрде, дәлелді жеткізуге,сұрақтарға нақты жауап беру,бір-бірімен сұхбаттасуға дағдыландыру. Сөздік қорын молайту.

3.Тәрбиелік: Ғ. Мүсіреповтың шығармашылығына қызығушылық туғызуға баулу

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу,сын тұрғысынан оқу мен жазу технологиясының стратегияларын қолдану, баяндау.

Көрнеклік құралдар: Ғ.Мүсіреповтың суреті, жазушы туралы айтылған пікірлер, кітап

көрмесі, газет-жорналдар материалдары.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау,орындарына

отырғызу,сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.

2.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар, сіздер Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді 6 сыныпта алдыңдар. Кәнеки,кім айталады:

- 6 сынып оқулығында Ғ.Мүсіреповтың қандай әңгімесімен таныстық? («Тимка-Димка»)

Ал бүгінгі сабақ барысынды сендер Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығындағы тағы бір нақты тақырып орын алғандығын көресіңдер.

I. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын туғызу -побуждение.

«Инсерт» стратегиясы арқылы Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы

кестені толтырыңдар.

Білемін

Білдім

Білгім келеді


II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу - осмысление.

1 топ - 136-141 бетте берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аудару.

2 топ - мәтін бойынша 5-6 сұрақ құрастыру

III. Оқушылардың ой-пікірін білу - рефлексия.

Әр топтың оқушылары өздеріне берілген тапсырма бойынша жауап береді, тақтаға

шығып, тірек сызбаларын көрсетіп,әңгімелейді.

*Үйге тапсырма: «Қазақ солдаты» романнан үзіндіні оқып, мазмұнын айту.

*Бағалау. Топ спикерлері оқушыларға баға береді. Мұғалім түсінік беріп өз бағасын қояды.


© 2010-2022