Функцияның ең кіші және ең үлкен мәндері

Сабақтың тақырыбы:Функцияның ең кіші және ең үлкен мәндері Сабақтың мақсаты:Берілген аралықтағы функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмімен танысу,оны есеп шығаруға қолдана білу дағдыларын қалыптастыру Дамытушылығы:Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табуда туындының қолдана табуға дамыту Тәрбиелігі:Оқушыларды ұжыммен жұмыс жасай білуге және өз білімін тиімді пайдалана отырып,нақтылыққа тәрбиелеу Көрнекілігі:кесте ,деңгейлік үлестірмелер Сабақ типі:аралас сабақ Сабақ әдісі:...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Функцияның ең кіші және ең үлкен мәндері

Сабақтың мақсаты:Берілген аралықтағы функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмімен танысу,оны есеп шығаруға қолдана білу дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылығы:Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табуда туындының қолдана табуға дамыту

Тәрбиелігі:Оқушыларды ұжыммен жұмыс жасай білуге және өз білімін тиімді пайдалана отырып,нақтылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі:кесте ,деңгейлік үлестірмелер

Сабақ типі:аралас сабақ

Сабақ әдісі:түсіндірме-көрнекілікті әдіс

Білім беру технологиясы:Ж.Қараевтың « Үш өлшемді әдістемелік жүйе» оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгендеу

ә)Оқушыларды жаңа материалды меңгеруге дайындау

II.Үй тапсырмасын тексеру

А) Үй есебінің шығарылу дәрежесі мен сапасын анықтау

Ә)Үй тапсырмасын нәтижелеу

III.Сабақтың мақсатымен таныстыру

IV.Жаңа материалды түсіндіру

1.Функцияның берілген кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмімен таныстыру

А.Функцияның туындысын табу

Ә.Функция туындысын нөлге теңестіріп,теңдеуді шешіп,сындық нүктелерін табу

Б.Осы кесіндіге тиісті сындық нүктелерін анықтау

В.Кесіндінің шеткі нүктелердегі және осы аралыққа тиісті сындық нүктелеріндегі функцияның мәнін есептеу

Г.Функцияның табылған мәндерін салыстырып,ең үлкен және ең кіші мәндерін анықтау

V.Материалды түсінгендігін тексеру

1.Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін есептеу алгоритмін тұжырымдаңдар

2.Функцияның ең үлкен мәні максимум нүктесіндегі функцияның мәніне тең болуы міндетті ме?

3. Алгоритмді қолданып, бірнеше мысалдар талдау

VI.Бекіту

1.Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға есептер шығарту

Тақтада шығарылатын есептер №249,251,253

Орындарында шығарылатын есептер №250,252,254

2. Деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып

А. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Ә.Дарынды балалармен жұмыс

3.Бекіту сүрақтары арқылы оқушылар білімін бағалау

4.Сабақты қорытындылау

VII.Үйге тапсырма беру §22,№255,256 есептер



© 2010-2022