Қыран тағдырлы ақын

Тақырыбы: « Қыран тағдырлы ақын»Мақсаты : Ақын шығармашылығы, өмірі, өлеңдері жайлы мәлімет беру.Мұқағалидың ақындық талантын танытып, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын ояту.Ақын рухына тағзым жасап, құрмет көрсету.Көрнекілігі: Ақын портреті ,слайдтар, қанатты сөздер, таңдамалы шығармалар жинағы, ақын туралы лебіздер. Кеш барысы: 1) Жүргізуші:Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта Адам!Ар ма, өмір, бар әлемді бауырына алып жайқалған,Әлем – д...
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Қыран тағдырлы ақын»

Мақсаты : Ақын шығармашылығы, өмірі, өлеңдері жайлы мәлімет беру.Мұқағалидың ақындық талантын танытып, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын ояту.Ақын рухына тағзым жасап, құрмет көрсету.

Көрнекілігі: Ақын портреті ,слайдтар, қанатты сөздер, таңдамалы шығармалар жинағы, ақын туралы лебіздер.

Кеш барысы:

1) Жүргізуші:

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,

Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта Адам!

Ар ма, өмір, бар әлемді бауырына алып жайқалған,

Әлем - дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар.

  1. Жүргізуші:

Анамыз жер, сол анадан жартылдық, туыстық,

Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық.

Армысың сен, арамызда жалғыз перзент-Тыныштық,

Отырардай опат болған қала жоқ па жарандар!

Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, адамдар!

  1. Жүргізуші:

Қош келіпсіздер, өлең сүйер, жыр сүйер қауым! Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтарымен таныстырамыз.

1.Ауылдық клуб үйінің меңгерушісі -А.Нұрғалиева

2. Ауылдық кітапхана меңгерушісі-Г.Бектібаева

3.Орыс тілі пәнінің мұғалімі-С.Өтепова

Қуат алып Абайдың тіл- күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

2- жүргізуші:

Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,-деп Абайды үлгі тұтып сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап,өзі қазақ поэзиясында Абай салған соны соқпақ жолды жалғастырған М.Мақатав қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді.Қазақтың қарапайым қара өлеңінің құпиясын ашу тау тұлғалы ақынның табиғи талантының құдіретінен болса керек. Ақынға арнау оқитын - Б.Бөршеков.Аудандық, мектепшілік мүшәйра жеңімпазы .Ортаға қошеметтеп шақырамыз.

  1. Жүргізуші:

Бүгін- Мұқағалидың туған күні.Бүкіл қазақ елі дарынды ақынның , қазақ әдебиетінде жарқыраған жұлдызының туған күнін атап өтуде.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық .

« Арыз жазып кетейін» оқитын 6-сынып оқушысы.

  1. Жүргізуші:

Қарсы алмаса

Құрсын ,қарсы алмағын

Ән салып бер ,

Әніңмен жан салмаған,

Жаңғыртып жасыл тау жөнелсін бір.

Жатсын ұйып, жапанда дел-сал далам. Адамдар жүрегінен сая іздеген Мұқағали жырларыа барлау жасап балдай тәтті сөз шәрбатын сіңірген ұлы сазгер Н.Тілендиевтің әніне жазылған «Саржайлауым» әнін қабыл алыңыздар.

  1. «Мұқағали туғанда» оқитын 7- сынып оқушысы. «Мұқағали жырлары -ел-жұртының қасаңданып бара жатқан жан әлемін сәуле шуағымен әрлендіріп,қуат береркүші болып отырғаны шындық» деп Фариза ақын айтқандай ақын өлеңдері әр жүрекке нұр құяды.

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді ,деуі мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер -тұрманы.

Иә, естеліктер де жазылуда. Лебіздер де айтылуда .Сөз кезегін ауылдық клуб үйінің меңгерушісі- Ағайша апайға береміз.

Рахмет,Жарқынбек пен Дәулеттің орындауында Мұқағалидың сөзіне жазылған «Сенің көзің»әніне кезек береміз.

2)Рахмет! Әуелеген әсем ән жүректі толқытып,тебіреніп көрермендерді ыстық сезімге бөледі. Керемет жыр тудырған Мұқағали ақынның өмірі шығармашылығы жайында естелікке кезек береміз.Келесі сөз кезегін ауылдық кітапхана меңгерушісі Бектібаева Гүлшат апайға береміз.Рахмет, әем әнге кезек берсек. 11 сынып оқушысы Смағұлова Ақботаның орындауындағы М.Мақатаевтің сөзіне жазылған«Бақыт» әніне береміз.

1) Талай түскен ақын жаны талқыға,

Сөйтіп жүріп сыр ақтарған халқына.

Мұқағали тек қана ақын болатын,

Сауысқандар аталғанда « Қаршыға»

Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығында көре алмай,

От боп жанып өтіп кеткен ақынға,

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай,- деп Мұқағали ақынның көзі тірісінде лайықты құрмет көре алмаса да арқалы, аруақты жырлары арқылы мәңгілік өмір сүреді.Мұқағалимен тағдырлас орыстың ұлы ақыны С.Есенинге кезінде ақынның өзі:

Әй, Сергей, Сергей,Сергей,

Түстім-ау сергелдеңге менде сендей

Аулаққа тым аулаққа кеттім білем,

Жаны ашып ақыл берген елге сенбей,- деп жазса, әйгілі орыс ақыны С.Есенин жайлы да айта кетуді жөн көрдік.№111 ора мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Өтепова Сыргүлі апайға сөз кезегін береміз.

  1. Рахмет, 5-сынып оқушысын « Сергей Есенинге» өлеңімен ортаға шақырамыз.

  1. Ақынның « Жырсыз өткен күндер-мен үшін өлі күндер » деп өзі айтқандай жыр жазбай , күнделік жазған сәттеріне шолу жасаймыз.

  2. Мұқағали ақынның көзі тірісінде лайықты құрмет көре алмаса да арқалы, аруақты жырлары арқылы мәңгілік өмір сүреді.Келесі кезекте ақынның жүріп өткен өмір жолына байланысты түсірілген видео фильмге кезек береміз.

1)Міне, балалар,біз бүгін Мұқағали жайлы біраз мәліметтер алдық.Бүгінгі кешіміз де өз мәресіне жетіп келеді. Екеуі бірге:

Мезгілдің таза аппақ ақ таңында,

Ол туды аппақ жалын ақтаруға.

Сөзі жерде, баршаның жүрегінде,

Өзі көкте, жәннаттың бақтарында.

2)Артында халық мәңгілік сусындайтын шырын- шәрбәт жырлары тұрғанда Ақын мәңгі тірі деп есептейміз. Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып тұрып ақпанда

Есіңе мені алғайсың,-деп ақын өзі айтқандай, ақынды еске алу(.Барлық көрермендер ,қатысушы оқушылар хормен « Есіңе мені алғайсың» әнін орындайды)

1)Құрметті көрермендер, бүгінгі кешіміз аяқталып келеді .Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

М.Жақанова

№111 орта мектеп мұғалімі

Қызылорда облысы,

Қармақшы ауданы.





© 2010-2022