Урок на тему Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қармақшы аграрлы - техникалық колледж




Урок на тему Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы

Кездесу кеші






2015-2016 оқу жылы

«Бекітемін»

Директордың оқу өндірістік

жұмыстары жөніндегі орынбасары:

______________ Ж. Сейталиев

Өткізілген күні: ______

Тобы: _____

Тақырыбы: Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы

Мақсаты: Қыз баланың тәрбиесіне көңіл бөлу, халқымыздың салт -дәстүрін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуге үйрету. Қыздарды имандылыққа, әдеп, үлкенді сыйлау, үй-ішілік қарым қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта,нақыл сөздер мен мақал мәтелдер.

«Қызың өссе, қызы жақсымен, ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол»

«Қызыңды бөтен үйге қондырма, ұлыңды бөтен үйден тоңдырма»

«Ұл ұяты -әкеге, қыз ұяты -шешеге»

«Қыздың сырын білгің келсе, құрбысымен тілдес»

«Баланың әкеден оздым деуі-өздігі

Қыздың шешеден оздым деуі -көргенсіздігі»

«Қыздан қыздың несі артық, мінез,қылық,ісі артық»

Формасы: Кездесу, пікір алысу


Барысы:


Құрметті ұстаздар мен студенттер!

Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт -қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.

Кел шәкірттерім, ел салтын еске салайық,

Аналар бұл, сый -құрметке лайық

Аналар өткен жолы өнеге,

Әдет -ғұрпын халқымыздың сақтайық

Халқымыз қыз баланы ардақтайды. Оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсірген. Барлық халық қыздарды өмірдің жалғасы, болашақ ана, өмірлік жар, ол-еңбекқор, ол- қоғам қайраткері деп бағалаған.

Қазақтың «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» деген мақалы бетке айта салмай, айтайын деген ойды жанамалай жеткізуі.Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді.Өзге елден, өзге жерден келін болып босаға аттап келген келіннің білмеген жерлерін енелері көңілдерін қалдырмай отырып тәрбиелеген. Бұл ұлттық тәрбиенің жетістігі.

Аналарымыз мектепте оқымай - ақ, жоғары білім алмай - ақ ұлттық салт - дәстүрге, тәрбиеге аса мұқияттылықпен қараған.

Сұрақ: Қазақ қызы қандай болу керек?

Қыздарына үлгі -өнеге көрсете алмаған елдің іргесінен ырыс кетеді., тұнығы лайланады, ұрпағы жүнжіп, жүдейді. Бұрындары бір қыздың намысы үшін рулы ел атқа қонған. Сандығының кілті жоқ қазақ жомарттығын алдымен қызына жасаған. «Ұл -түтін, қыз - күтім» деп, қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, төрден орын беріп әлпештеген. Жақсы тәрбиенің уызына жарыған қыздан көргенді ана шығады.

Сендерді өмірге әкелген аналарың ана болып туыла салды ма, жоқ әлде өмір заңдылығына бағынды ма?

Сұрақ: Өмір заңдылығы дегенімізді қалай түсінесіздер? Бүгін кісілердің ақыл кеңесін тыңдаймыз.

Сұрақ: Сәнді болу үшін қандай болу керек?

« Мода» - латынның «ереже» сөзінен алынған. Бұл өмір мен мәдениеттің қандайда бір саласында белгілі бір талғамның қысқа, уақытша үстемдік құруы. Сән барлық нәрседе: мүсінде, бетте, киімде өмір сүріп, тіршілік етеді. Киімге байланысты сән 15 жыл тұрады, содан соң өзгереді. Шашқа байланысты сән одан да ұзағырақ сақталады.

«Имидж» сөзі ағылшын сөзінен аударғанда «бейне» дегенді білдіреді. Көбінесе адамның сыртқы түрінің тартымдылығы ескеріледі.

Бозғылт, көгілдір інжу түстес реңдер теледидардан неғұрлым қолайлы көрінеді. Көк түс те жақсы. Қызыл түс адамның көңіл күйін көтереді, бірақ көпшілік алдында қызыл түсті киім киіп шығып сөйлеу мүлдем сыйымсыз. Қараторы адамдарға шоколад түстес киімдер жараспайды. Әйелдер үшін де, еркектерге де Браун бозғылт түсті ұсынады.

Әйелдердің ешқашан көпшілік алдында қысқа жең киіммен шықпағаны жөн. Себебі ол адамдарды түр-тұрпатсыз етіп көрсетеді.

Киім адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Киімге қарай қарсы алады.

Сұрақ: Қазіргі отбасындағы қыз бала тәрбиесі қандай ?

Иә, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың басынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Темекі тарту, жеңіл жүріс, ортада өзін өзі ұстау, этиканы білмеу ашық киім кию, бейбас сөздер айту.

Болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі өнерлі етіп, тәрбиелеу де қазіргі отбасының ролі зор.

Қызды тыйып ұстау - тірсектен қағып, еңсесін езу емес. Қыз баланың ақылды да, инабатты, өнерлі де өнегелі болып толысуына ата-аналармен бірге ағайын -туған, ауыл аймағы, ел жұрты да жауапты екен. Тыю деген сол. Атам қазақ «астың дәмін кіргізетін тұздан айналайын, елдің дәмін кіргізетін қыздан айналайын» деген.

Ата бабаларымыз қыздары есейгенде оларға талап қойып, өздеріне өмірлік тірек, мәңгілік бақыт болатын сарқылмас ақыл - білім, мол үлгі - тағылым

алуға, өшпейтін, өлмейтін өнер табуға тәрбиелеген.

Үйге сыртыңмен кірме! Мұның себебі түсінікті. Үй ішінде адам болады. Ол адамдар сенің әкең -анаң, өз бауырларың болуы мүмкін. Кейде бөтен адамдар болып қалады. Қалай да сырттан кіргенде кісілерге жүзіңмен қарап кірген дұрыс. Бұл халықтық этика. Күнделікті тұрмыста жалпыға бірдей айтылатын тәрбиелік кеңестердің есебіне жету қиын.

Бүйіріңді таянба! Таяққа сүйенбе! Аһылап, уклеме, күрсінбе.

Мұндай себепсіз таяққа сүйену, бүйір таяну- сүйенішімнен айырылдым, жалғыз қалдым деген ұғым береді.

Қызға қырық үйден тыйым.




  1. Жарыса сөйлеуге тыйым

  2. Жалғыз қыдыруға тыйым

  3. Жыртықтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге тыйым

  4. Жөнсіз ұрынуға тыйым

  5. Өтірік, өсекке тыйым

  6. Суық жүріс, қылыққа тыйым

  7. Кісіге қарап есінеп, керілуге тыйым

  8. Талтайып отыруға тыйым

  9. Шалқайып жатуға тыйым

  10. Тамақты обырлана асауға тыйым

  11. Ұрлық-қарлыққа тыйым

  12. ашық-шашық жүруге тыйым

  13. Бұраңдап, қылымсуға тыйым

  14. Қызыл іңірде жатуға тыйым

  15. Түске дейін ұйықтауға тыйым

  16. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруғатыйым

  17. Салт -дәстүрден аттауға тыйым

  18. Елді босқа балағаттауға

  19. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға тыйым

  20. Ішімдік пен темекі шегуге тыйым

  21. Ұрыс -керіске тыйым

  22. Беттен алып, төске шабуға тыйым

  23. Рақымсыздықпен қатігесдікке тыйым

  24. Түнде суға жалғыз баруға тыйым

  25. Әдепсіз сөзден, тарс-тұрс жүріске тыйым

  26. Адаммен жануарларды тебуге, қорлап -жәбірлеуге тыйым

  27. Тәкаппарлық пен сайқымазаққа тыйым

  28. Шектен тыс жасанып, сылануға тыйым

  29. Қызғаншақтық пен күншілдікке тыйым

  30. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым

  31. Алдап -арбауға тыйым

  32. Көрсе қызарлыққа тыйым

  33. Нәпсіқұмарлыққа тыйым

Халқымыз қыздарына мынадай он түрлі талап қойған:

  1. Әдепті;

  2. Ар-ұжданы пәк, парасатты болу;

  3. Кеңпейіл, кешірімді болу;

  4. Мейірімді, шапағатты болу;

  5. Ақыл -парасатты болу;

  6. Сабырлы, салмақты болу;

  7. адал, ақ жарқын болу;

  8. Моральді, мұратты болу;

  9. Өжет, батыл болу;

  10. Ұят, намысты болу;

Қорытынды:

Құрметті бойжеткен қыздар қазақ қызына тән қасиеттерді жоғалтпай, үлкенге құрмет, кішіге-ізет көрсете білейік. Қазақ қызы осындай болу керек деп кешімізді аяқтаймыз.










© 2010-2022