Ертегілер «Ер Төстік» ертегісі оның тақырыбы

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі,сыныбы, пәні

26.09. 5-сынып қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Ертегілер «Ер Төстік» ертегісі оның тақырыбы

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға ертегілер туралы түсінік беріледі

Нәтижесі

Оқушылар ертегілер туралы біледі

Сілтеме

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2.Оқыту әдістемесі.«Қазақ әдебиеті»5-сынып

Көрнекілігі

Оқулық,тақта, бор.

Сабақтың әдіс-тәсілі

Топпен жұмыс,жұптық жұмыс

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, өмірмен байланыс

Кезең-дер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйым

дас-

тыру

кезеңі

Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеп,сабаққа дайындығын тексеру.Топқа бөлу.

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді, «Санамақ» ойыны арқылы топқа бөлінеді.

Білу

Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау.

- Ертегілерде нелер баяндалады?

- Ертегілер бізге қалай жеткен?

- Ертегілердің қанша түрі бар?

- Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.

- Ертегілер ауызша айтылып,ел есінде ғасырлар бойы сақталып,ұрпақтан-ұрпаққа ауысып,біздің дәуірімізге жеткен.

- Ертегілердің үш түрі бар. Олар:

1. Хайуанаттар туралы ертегілер

2. Қиял - ғажайып ертегілер

3. Шыншыл ертегілер

Түсіну

Ертегілер туралы түсініктерін бақылау. Ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру. Ертегілер тақырыбынан алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Әр топқа тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша жауаптар дайындайды.

Қолдану

Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады.

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады.Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.

Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді,адам табиғаттың асау сырларын біліп, қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер астына түсіп,асыл қазынасын алып,пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Сондықтан да ертегілерде халық қиялы, арманы, даналығы ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар. Ертегілердің үш түрі бар. Олар:

1. Хайуанаттар туралы ертегілер

2. Қиял - ғажайып ертегілер

3. Шыншыл ертегілер

Хайуанаттар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер иесі болып суреттеледі де, сол арқылы сұм, қиянатшыл, дөрекі, қу мінез құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштікті, батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді.

Ал қиял - ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты дәумен, жалмауызбен, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол ғажайып оқиғаларды ақыл, айла - тәсілін асырып, жеңіп отырады. Осы жолда оларға Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ, Самрұқ құс, Қарлығаш сияқты ізгі ниетті жандар болысады, ақылды ат,алып құстар жәрдемдеседі.

Әр топ тапсырмаларды орындайды.Оқушылар ертегілер туралы білімдерін ортаға салады.




І топ

Ер Төстіктің көмекшілеріне сипаттама жасаңдар

ІІ топ

Ертегіден халық тұрмысына, сенім - нанымына байланысты әдет - ғұрып, салт - сана көріністерін тауып, әңгімелеңдер.

ІІІ топ

Ертегінің ұнаған жері туралы шығарма жазыңдар.

ІҮ топ

Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.

Сергіту сәтін орындату

Орындарынан тұрып, әр топ бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Талдау

Әр топ өз ойларын айтады.

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жауаптарын дайындайды.

Жинақ

тау

Өтілген тақырып бойынша өзіндік пайым жасауға бағыттау

Бүгінгі сабақта не білдік? Өз білімдерімен не үйренгендігі жайлы түсініктеріне талдау жасайды.

Бағалау

Өзін -өзі бағалау, критерий арқылы бағалау.

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар туралы түсініктерін жинақтайды,бағалайды.

Кері байл.

Не білдім,нені меңгердім?

Нені білгенін,нені үйренгені туралы айтады.

Келесі тапсыр-ма

Ертегілер

«Ер Төстік » ертегісін оқу. Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.




© 2010-2022