Ашық сабақ Аққулар ұйықтағанда

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Аққулар ұйықтағандаАшық сабақ Аққулар ұйықтағандаАшық сабақ Аққулар ұйықтағандаАшық сабақ Аққулар ұйықтағандаАшық сабақ Аққулар ұйықтағандаАшық сабақ Аққулар ұйықтағандаАшық сабақ Аққулар ұйықтағандаАшық сабақ Аққулар ұйықтағандаАшық сабақ Аққулар ұйықтағандаАшық сабақ Аққулар ұйықтағанда


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министрлігі


№63 негізгі орта мектеп










Пән мұғалімі: Н. Абилдабекова







Шымкент

Пәні: әдебиет сыныбы: 8ә

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Мақсаты:

Білімділік: Мұқағали әлемі туралы кеңінен мағлұмат беру, ақын

шығармаларының идеялық, көркемдік мазмұнын ашу,

поэмадағы аққу сұлулығын ашу, көркемдік

ерекшелігіне тоқталу, поэманың тақырыбы мен

идеясын ашу.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу,

табиғат пен адам арасындағы заңдылықтарды сақтай

білуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Әдеби-теориялық білімдерін дамыту, өз пікірлерін еркін

айта білуге және дәлелді түрде жеткізе білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ, жаңалықты қолдану сабағы.

Сабақтың әдісі: СТО әдістері, ой туындату, сыртқы сезімдерді

қатыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Портреті, жиналмалы кітапша, шығармалар жинағы,

интерактивті тақта, мәнерлеп оқу.

Пәнаралық байланыс: биология, ән-әуез

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

ІІІ. Сабақты бекіту.

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа назар аудару. Жаңа

сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.!!.

Үй тапсырмасын сұрау.

І. Қызығушылықты ояту.

Мұғалім сөзі: Ақынның «Пай, пай, өмір» өлеңін оқып, ары қарай оқушылар «Үш бақытым», «Қайырлы түн» өлеңдерін жатқа айтады.

Оқыған шығармалардың аты мен авторы оқушылардын сұралады.

ІІ. Білгенге маржан.

Сыныпты үш топқа бөліп тапсырмалар береміз.

1-топқа: Мұқағали кім? 2-топ: Шығармалары, 3-топ: Ақын өлеңдеріне жазылған өлеңдер.

1-топтың «М. Мақатаевтың өмірбаяны» тақырыбындағы рефератына шолу. Сұрақтар: интерактивті тақтада. Кесте.

  1. М. Мақатаев қай жылы, қайда туылды?

  2. Ақын еңбек жолын қайда бастады?

  3. Әке-шешесі туралы мәлімет. Әкесі мен шешесіне арналған өлең.

  4. Ақынның балалық шағы

  5. Ақынның өмірбаяны туралы өлеңін жатқа айт.

  6. Топтастыру.

Аты -жөні

Туған жылы, айы, күні

Туған жері

Әкесі

Анасы

Жары

Балалары

Мұқағали Мақатаев

1931 жылы 9 ақпан

Алматы облысы, Нарынкөл ауданы, Қарасаз ауылы

Сүлеймен

Нағима

Ләсима (Лашын)

Жұлдыз,

Айбар,

Алмагүл,

Шолпан.

Жинақтары

Атағы

Үлгі тұтқаны

Өмірден өткен жылы

Тірісінде жарық көрген

Өмірден өткеннен кейін


ІІ жинағы, І таңдамалысы

ІІ томдық,

ІІІ томдық

Ғасыр ақыны

Қазақтың қара өлеңі және Абай

1976 жыл

2-топтың «М. Мақатаев жырларындағы салт-дәстүр» рефератына шолу.

Сұрақтар.

  1. Ақынның алғашқы өлеңдері.

  2. Мұқағали өлеңдерінің ерекшелігі, тақырыбы, кесте.

  3. Қандай драммалық туындылары бар?

  4. Ақынның поэма-толғаулары.

  5. Ғасыр ақынының бір өлеңін жатқа айт.

  6. Топтастыру.

3-топ: Ақынның өлеңдеріне жазылған әндері туралы айтып береді.

Сұрақ:

  1. Ақынның қандай өлеңдеріне ән жазылды?

  2. Ақын өлеңіне жазылған бір әнді орындап бер.

  3. Топтастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Суреттер сыры.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім сөзі.

  1. «Хикая пирамидасы» арқылы оқушылардың поэманы оқыған-оқымағандарын тексеру.

Шығарма аты: «Аққулар ұйықтағанда».


Басты кейіпкердің аты


Кейіпкерді суреттейтін екі сөз


Мекенді суреттейтін үш сөз



Оқиғаны суреттейтін төрт сөз


  1. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбына шолу жасаудан бұрын биология пәні мұғалімі Д. Таутайға сөз береміз.

  2. «Аққу» күйін тыңдаймыз.

Оқушыларға поэманың мазмұнын түсіндіремін, өлеңнен үзіндіні бір оқушы айтып өтеді.

Поэманың тақырыбына арқау болған бұл-Сұлулық, Махаббат, Зұлымдық.

Ақын табиғат сұлулығын керемет суреттейді.

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!-дейді.

Поэманың сюжеті.

Сюжеттің басталуы Табиғаттың сұлулығы, аққудың сұлулығы

Сюжеттің байланысуы Баланың ауруы. Тәуіп шалдың айтқаны

Сюжеттің дамуы Ананың шешімі. Күйзелген әке

Шарықтау шегі Аққуды өлтіруі. Жылқышы қарттың сөзі

Сюжеттік шешім Бала өлімі. Жынданған ана. Қасиет...Қасірет...


Сол тамаша табиғаттың бір бөлшегі киелі аққу құсының сұлулығы.

Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,

Айдын көлдің иесі жол алғанда.

Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау,

Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да.

деп аққудың әдемілігі, тәкаппарлығы, тазалығы шебер суреттелген.

Поэмадағы сюжеттің бұл басталуы болса, байланысуын Ананың балаға деген махаббаты, баланың қатты ауырып жатуы, тәуіп шалдың оны аққдың қанымен аластау керек деп кетуі.

Шарасыз қалған ана, күйзелген әке, ауру бала, киелі аққу.

Сюжеттің дамуы, Күйзелген әке қасиетті аққды атып алудан бас тартты.

Ал, ананың балаға деген махаббаты қолына мылтық алуға мәжбүр етті. Ана зұлымдық жасауға еріксіз бел байлады.

Балам өлсе, бақыттың керегң не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

деп ана атқа қонып, қолына мылтық алды.

Шарықтау шегі. Ананың таң ата айдын көлге келіп, аққуларды көріп не қыларын біле алмай, жабығуы. Үзінді оқу.

Ана алдына жақындаған аққуды атып қалады. «Жетім көлдің» басы ию-қию болады. Жылқы баққан қарт кісі. Ол әйелден кеп не болғанын сұрады. Әйел болған жайды айтады. Қарт аққуды атарда ырым жасап тым құрса саусағыңды қанаттың ба? Оңбайды дегенді білемін дейді.

Сюжеттік шешім. Ананың үйіне оралуы баласының өлуі. Ананың жындануы. Көз алдында өлі аққу. «Жетім көл»,

Қасиет... Қасірет...

Қасірет... Қасиет...

ІҮ. Дәптермен жұмыс.

  1. Оқулықта берілген сөзмаржанды жазу.

  2. Поэмадағы табиғат әсемдігін, құс төресі - аққудың сұлулығын тауып, көркемдегіш құралдарға талдау

Теңеу

Жаңбардың тамшысындай, қарақшыдай, шашымдай ма ең...

Эпитет

Тәкаппар құс, мөлтілдеген көз жасы, ақ қанатын сабалап...

Метефора

Ақ айдын, ақ мүсінін тербейтұғын,

Тауың анау - шымылдық салбыраған...

Ү . Сабақ бекіту.


  1. Ананың аққуды атқанына қалай қарайсыңдар?

Жақтаушы Даттаушы

Аққуды атуға болмайды. Ана махаббаты құдреті


  1. Сыныпты үш топқа бөліп сұрақтар беріп, жауап алу.

І топ. «Аққу»

  1. Аққудың әсемдігін білдіретін сөз.

  2. Поэмадан оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген жерді тап.

  3. Киелі тағы қандай құстарды білесің?

ІІ топ. «Табиғат»

  1. Поэмада «Жетім көл» сұлулығы қалай суреттеледі?

  2. Табиғаттағы тыныштық салтанатын тағы қай көріністен байқаймыз?

  3. Жылқышы қарт сияқты табиғат жанашырлары бар ма?

ІІІ топ. «Ана»

  1. Ана аққуды неге атпақ болды?

  2. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға беріңдер.

  3. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкініші.

  4. Мұқағалиға арнау. Өлеңдерді жатқа айту.

ІІІ. Мұғалім сөзі.

Сонымен, ақиық ақын, ғасыр ақыны Мұқағали ағамыз өзі жырлағандай Табиғат, жанымды алса, алшы менің,

Бір түйір жерге түскен тамшың едім.

Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,

Артында қалсын жерім, қалсын елім.

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,

Кім білсін қай күні сен қырқарыңды?!

Мқғағали жоғалса,, қайтер дейсің,

Жоғалтпасаң болғаны ұрпағыңды.

деген екен.

Енді сол туған жердің, туған елдің иесі - сендер, біздер, яғни Мұқағалидың ұрпақтарымыз. Сол ақын сүйіп өткен табиғат «Саржайлауды» әнге қосып, сабақты аяқтаймыз.

ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Аққу және ақын» еркін шығарма жазу.








© 2010-2022