Конспект урока по казахскому языку на тему Іс қағаздары. Визит карточкалары

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары. Визит карточкалары

.Сабақтың мақсаты:

Визит карточкалары туралы жалпы түсінік беру, мәтінімен жұмыс жүргізуге мүмкіндік бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы сөздік қорын молайту.

Сөйлемнің жасалу жолдарына көңіл бөле отырып, ҰБТ-ге дайындықта жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың теориялық білімді бекітуіне ой дәлелдігін қалыптастыруда тіл дамыту.

Аударма мен жұмыс жүйелілігін қалыптастыруға жол ашу, таза және сауатты жазуға тәрбиелеу..

Көрнекіліктер: сызбалар, оқулық,грамматикалық кесте, тапсырмалар.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы

Әдіс-тәсілдері: ой тастау, ізденіс, аудару,

Формалары: жекелей, топтық, ұжымдық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуы, дайындығы тексеріліп, мәтін мазмұнын ашар түйін сөз оқушылардың таңдауына ұсынылады.

- Іс қағаздарын жаза білеміз бе?

- Оларды қалай толтыру қажет?

2.Сабақ мақсатымен таныстыру;

Балалар, бүгін біз Іс қағаздарын жазу туралы мәтінмен жұмыс жүргіземіз. Түбірге қосымшалардың жалғауы ережесіе сүйене отырып, мәлімет аламыз.Жұмыс жүргізе отырып, мына мақсаттармен таныс болыңдар....

3.Үй тапсырмасын тексеру: \Мамандық таңдау - жауапты іс\ тақырыбына шығарма жазу

4.Жаңа сабақты түсіндіру: .

Мұғалімнің міндеті

Оқушының міндеті

- мәтінді жеке жұмыс ретінде бір оқушыға тапсыру..

-күрделі бастауыш пен баяндауыштың жасалуы

- ойды толықтыру беріледі.

- кластер арқылы әңгімелеу

- мәтінге қажетті сөздермен жұмыс

- оқушы мәнерлеп оқып, аудармасын баяндайды.

- жұппен екі оқушы тапсырманы жарыса орындайды.

- топпен жұмыста оқушылар ережені жаттауға тырысулары керек

-дәптерге жаттығу жұмысын жазады

- әңгіме жүргізіп, сөздерден сөйлем жасайды.

5.Жаңа білімді жинақтау:

Мәтінге сұрақ қою арқылы сөйлеу әрекетін дамыту.

түрлі тапсырма жұмыстарын орындау

6.Сабақты қорыту және бағалау.

Берілген тапсырмалармен жұмыс \оқулықпен , кластермен жұмыс\

7.Үй тапсырмасын түсіндіру: Іс қағаздарын жазуға дағдылану



© 2010-2022