Сценарий Тіл халықтың жаны

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тіл халықтың жаны»

Кештің мақсаты: Адам үшін ең қажетті қасиеттің бірі өз ана тіілін қадірлеу, қастерлеу. Ана тіліңді Отаныңдай, туған халқындай, ата-бабасындай сүйіп, қадірлеуге тәрбиелеу.

Кештің көрнектілігі: Кітаптар, плакаттар.

Кештің бағдарламасы:

Кешті екі жүргізуші бастайды.

1-жүргізуші - __________________________________________

2-жүргізуші - __________________________________________

1-жур.: Ана тілім жүрегісің анамның,

Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығынды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

2-жүр.: Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас.

Ана сүтін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

Тілін білмеген адам қанатсыз құспен тең, демекші бүгінгі тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл - ұлттың жаны» атты кешімізді бастауга рұқсат етіңіздер.

1-жүр.: Қазақ тілі өзінің даласындай кең пішілген жайдарлы да жалпақ тіл. Даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады.

2-жүр.: Қ.Жұмаділов ағамыз «Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің» дегендей оқушыларымыздың орындауында мынадай өлең шумақтарын тамашалайық:

1-оқушы: _______________________________________________

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.

2-оқушы: ________________________________________________

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл басудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

3-оқушы: _________________________________________________

Тілім менің өмірдегі тілегім,

Тілімменен тарихымды білемін.

Сан ғасырлар қалыптасқан тілімді,

Қадірлеп те, қастерлеп те жүремін.

4-оқушы: _________________________________________________

Қазақ тілі - дана тілі, асыл тіл

Қазақ тілі - баба тілі, ғасыр тіл.

Қазағымның қуанышын сен жырлап,

Елдігімнің дәрежесін асыр тіл.

5-оқушы: _________________________________________________

Қазақ тілім - сөз байлығың молынан,

Тусын мәңгі ай мен күнің оңыңнан.

Өз тілім деп тебіренген ерлердің,

Ерейікші бүгінгі күн соңынан.

1-жур.: Ақ көңіл ағызайын әннің майын,

Жас дәурен шалқып жатқан айдындай, - деп _________________________________________ орындауындағы «_______________________________» әнін ұсынамыз.

2-жүр.: Жасыратын жок, кешегі Кеңестік дәуірде халқымыздың ұлттық рух, дәстүр салтының өңі қашып, өзегі талғаны ақиқат.

Тілімізге келеміз тұракталмай,

Ана сүтін жүреміз-ау түк ақтамай.

Жиындарды бастасақ басқа тілде,

Бабалардан тұрады сұрақ қалай.

1-жүр.:Шешен билеріміз халық тарихын, әдеп-ғұрпын, салт-санасын жете білген, ел ақсақалдарының атақты шешендерінің жастарға берер ақылы өсиет болып қалған.

Асан Қайғы, Жиренше,

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Жәнібек пен Қойлыбай,

Сыйлап өткен ғажап тіл.

Ата-анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

2-жүр.: Адам үшін ең қажетті қасиеттің бірі өз ана тілін қадірлеу. Қазақ тілі дүние жүзілік тілдердің ішіндегі ең бай деп оқушыларымыздың орындауында мынадай өлең шумақтарын ұсынамыз.

1-оқушы: _______________________________________________

Әр адамда өз анасынан басқа,

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері - түп қазағымның, айбынның,

Туған тілі - сатылмайтын байлығың.

Туған дәстүр, салт-санасы тірегің,

Қадамыңы шуақ шашар үнемі,

Және туған тарихы.

2-оқушы: ________________________________________________

Қуан анам!

Ұзағынан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп,

Ақ сүтіңмен байға біткен тіліңді,

Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.

3-оқушы: _________________________________________________

Ана тілім қымбат қой алтыныңнан,

Не пайда алтыныңның жарқылынан.

Өз тілі мен дінін қастерлеген,

Бабалар мен айналдым салтыңызды.

4-оқушы: _________________________________________________

Тілім, дінім самғасын, шарықтасын,

Самғаудан еш уақыт жалықпасын.

Өз алдында өмірден теңдік алған,

Ана тілім көгімде қалықтасын.

1-жүр.: Ей, туған тіл,

Ей, әсем тіл.

Ата-ананың бол тілі деп, - мына көріністі ұсынамыз.

Немересі рөлінде: - ____________________________

Әжесі рөлінде: - ________________________________

Немересі: Әже, ана тілі жаында айтыңызшы өзге тілдерден айырмасы қандай?

Әжесі: Айналайын, тілді тек қарым-қатынас құралы десек қатты қателесеміз. Тіл - айтса сөз жеткізгісіз құдыретке ие. Француз каролі V Карл: «Ағылшын тілі - дипломатияның, неміс тілі - соғыстың, итальян тілі - сүюдің, ал француз тілі - достықтың тілі деп баға берген. Ал қазақ тілі - арман мен мұңның, қайғы мен қуаныштың, сүю мен күюдің, іңкәрләк пен құштарлықтың, сағыныштың бар қуатын өзіне дарытқан нұрлы тіл ғой. Қазақ тіліменен сурет салуға, тас жаруға, текемет оюға болады. Бәрінің бастау негізі - Халықтың қазына - қайнарында, ақыл-парасатында жатыр». Айналайын, омырау сүті - ана тілін тек өгейсіте көрмеңдерші.

Немересі: Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас кой. Әже, мен ана тілімді қастерлеймін, сол тіліммен дүниеге келген соң, сол тіліммен дүниеден кетемін.

2-жүр.: туғанда дүние есігін ашады өлең деп _____________________

___________________________ орындауындағы «Біз бейбітшілік ел Ұраны» әнін ұсынамыз.

1-жүр.: Ғ.Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де болашағынан да қол үзеді» дейді, А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың сөзі де жоғалады» дейді.

2-жүр.: «Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды» деп Мұхтар Әуезов айтқан екен. Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Оны білмеу өзімізге сын. Ендеше, ойланайық, достар!







© 2010-2022