• Преподавателю
  • Другое
  • Баяндама ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Баяндама ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Татиева Зауреш Орынбасаровна


«Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ


Семей қаласы



«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ол біліктілік сол білімді іске асыру дағдысы».

А. Байтұрсынов

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс- әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Білім Туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым- қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс- әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс- тәсілдерді дер кезінде қабылдап дұрыс пайдалана білуі керек.

Сонымен қатар мектептегі оқу- тәрбие жүйесі, мұғалім- оқушы арасындағы қарым- қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс- әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»- депатап көрсетті.

Осы тұрғыдан келгенде сабақтарда инновациялық технологияларды, әсіресе интерактивті тақтаны жиі қолданамыз. Инновация терминінің өзі ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққын «жаңашылдықты енгізу» деген мағынаны білдіреді. «Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық іс- тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру. Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі. Новация дегеніміз- бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу - мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық,мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағтталған. Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір - бірімен тікелей пән ретінде байланысты.Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты. Білім беру жүйесіндегі инновация - білім мақсатында жаңашылықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді. Инновациялық процестің дамуына екі фактор ықпал етеді.Объективті фактор - инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін жағдай жасау. Субъективті фактор - инновациялық процестің субъектісімен байланысты, ол инновациялық процестердің субъектілері педагог, ғалымдар, мұғалімдер мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкері болып табылады. Педагогикалық инновацияларды классификациялау нәтижесінде біз әдістемелік инновацияларды көбірек қолданамыз.

Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі ізденуіне, ұтымды әдіс - тәсілдерді қолдануына, сондай - ақ оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Жаңа педагогикалық технологиялар оқышының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Ақпараттық технология оқушылар үшін объектінің қасиетін жақсы түсінуге, оны тану процесіне белсенді қосылуға, оның параметрлері мен функциялау шарттарын өздігінен өзгертуге мүмкіндік ашады.Осыған сәйкес, ақпараттық технология объекті функциялаудың құрылысы мен мазмұнын оқушыларға түсіндіруде оң әсер беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың ақыл - ойының дамуына да оң әсер беретіні өте маңызды. Ақпараттық технологияны қолдану оқу үрдісінде оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін шұғыл және әділ анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық.

Білім беру кеңістігін интеграциялау үшін, жаңашылдыққа үйренуге мүмкіндік болуы үшін, оқытудың ақпараттық- коммуникациялық технологияларын пайдалану аясында оқытудың жаңа түрі - интерактивтік оқыту технологиясын қолдануға болады.

Интерактивтік оқыту - бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын - ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысында қызығушылықтарын арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың тиімділігі сол, сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір - біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой- өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым - қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуын жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым- қатынас жасауды үйренеді.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

Алған білімді жүйелеу;

Өзін- өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру.

Оқушыларға оқу материалдарымен өздігімен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын қабылдау және оқушыларды ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Инновациялық білім беру- іскеріліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану- оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан- жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығ мол, дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Қорыта айтқанда, оқытудың инновациялық технологиялары мұғалімге түсетін салмақты жеңілдетіп, оқушының жауапкершілігін шыңдап, өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып үйреніп, ортақ бір шешімге келе білуге дағдыландырады. Елді өсіретін де, өшіретін де білім. Сондықтан да, қазіргі инновациялық технологиялар ұстаздың да, оқушының да іс- әрекетін шығармашылық сипатта шыңдай түсетіні сөзсіз.







© 2010-2022