Конспект по самопознанию на тему Татулық бірлік бастауы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Мектебі: Үстірт орта мектебі

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Татулық - бірлік бастауы

Сыныбы: 9 «б» сынып

Пән мұғалімі: Н.Уразниязова

Мақсаты: Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру;

- Адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;

- Адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- Бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін дамыта түсу мақсатында оқулықта берілген Е.Бағаевтың өлең жолдарынан қайталай отырып, шаттық шеңберін ұйымдастырады.

Е.Бағаев

Тәуелсіздіктің тағдырын бізге тапсырып,

Бабалар кеткен ұрпаққа тілеп жақсылық,

Бақытқа елді жетелейтұғын ынтымақ,

Бақытсыздықтан құтқара алмас басылық,

Қаншама қымбат дүние бар тарих - дүкенде,

Сабыр ет, халқым, күн жақын орнар құт елге.

Егемендігім ерттелген кезде тұлпардай,

Жұртым деп жүрген ерлердің ісі бітер ме!

Көбейе берсін алашым деген нар ұлдар,

Болашақ ұрпақ алдында жүгің ауырлар,

Бағына кіріп бауырмалдықтың,

Шырқайық бірліктің әнін,

Тіршіліктің әнін бауырлар!

Әңгімелесу

Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында татулықтың адам өміріндегі маңызына оқушылар назарын аудартады:

Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?

Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде боласыз?

Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңіз?

Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді?

Кез келген мәселені сабырмен шеше аласыз ба?

«Татулық - достық кілті» дегенді қалай түсінесіз?

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушылардың татулықты сақтауда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының маңызды екенін, өмірде бірлік, ұйымшылдық, төзімділік ұғымдарының қажеттілігін түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Құстар торға қалай түсті?» деген үнді аңызын оқуды ұсынады.

Өзара түсіністіктің адам өмірінде зор маңызы барын түсіндіреді.

Құстар торға қалай түсті?

(Үнді аңызы)

Дәйексөз

Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген:

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» - деген халық мақалын оқушылардың өз ой-пікірлерін ортаға салу үшін мұғалім талдауға ұсынады.

Назар аударайық

Н.Назарбаев

Сұхбаттасқан адамының жан дүниесін тануға деген құлшыныс, оның ой сезіміне деген құлықтылық, әсіресе сырласының жүрек түкпіріндегі мұң-сырға ортақтасуға бейім тұру - әрбір қазақтың қарапайым қарым-қатынасынан бастап барша болмысына дейін айқын көрініс тауып отырады.

Сонымен бірге, тек өзімдікі дұрыс деп өндіршектейтін бірмойын да емес, өзгенің талғам-танымы көңілге қонбай жатса да, түсіністікпен қарауға бейім. өзгенің дүниетанымын, құндылықтарды тануын сергек сезімталдықпен түсіну қазақ болмысының ең бір аяулы қасиеті. Мұның өзі, қазіргідей қарқынды өмір ахуалына бейімделе білудің қажеттілігі туындап отырған заманда айрықша мәнді.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың «Назар аударыңызда» айтылған ойларды жалғастыруы үшін оқулықта берілген А.Хамзаұлының «Бала жетектеген әйел» атты шағын әңгімесін оқып, талдау арқылы әрі қарай дамытады.

Бала жетектеген әйел

(Қаз-қалпында)

А.Хамзаұлы

Жаңа ақпарат

Оқушылардың жауаптарын түйіндеу мақсатында оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқу ұсынылады. Жаңа ақпарат оқушыларға адамдардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы, бір-біріне қамқорлық танытуын ұғынуына көмектеседі.

Мұғалім жаңа ақпараттағы «Адамдар арасында татулық шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеуден көрінеді», - деген сөйлемді түсіндіруде адамның адамгершілік қасиеттеріне баса назар аудартады.

Жағдаятты талдау

Мәтінді оқыңыз. Сұраққа жауап беріңіз.

Мәтінде берілген ойларды оқушылар жағдаяттарды талдау барысында күнделікті өмірмен байланыстырып, сабақтастыра түседі. Мұғалім жағдаятты талдауда басқа ұлт өкілдерімен жарасымды қарым-қатынас жасауға үйоенуге, нәтижесінде жеке тұлғалық білігінің қалыптасуына көмектеседі. Адамдардың бір-бірімен ауызбіршілікті, тату болу, ынтымақта өмір сүру және ынтымақты сақтау мен нығайтуды, оның қадірін түсіне білуді үйренеді. Сабақ барысында айтылған ойларды өмірде кездесетін оқиғалармен ұштастыру мақсатында мұғалім балалардың жағдаяттармен жұмыс істеуіне бағыт береді.

Ә.Әбдібайқызы

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Жаңа ақпарат

Оқулықта берілген «жаңа ақпаратты» талдау барысында оқушылардың шығармашылық жұмысын орындауда алған білімдерін түйіндейді. Жаңа ақпарат сабақтың мақсат-міндеттерін айқындай түсу үшін қолданылады.

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрып, Ә.Ысқақтың сөзіне жазылған, А.Махамбетованың «Бақытты болыңдар, адамдар!» атты әнін бірге орындауға шақырады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтумен қорытындылауға болады.

Бақытты болыңдар, адамдар!

Сөзін жазған Ә.Ысқақ

Әнін азған А.Махамбетова


© 2010-2022