Презентация по казахскому языку на тему Сын есім

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Аяулы аналар»
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аяулы аналар, апайлар!
Көктемнің алғашқы 8 - наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана - жүрек. Ана - тірек, тіректі құрметте!
Ана - шыңың, шыңына сағынып жет!
Ана - күнің, күніңе табынып өт!
Иә, шынында да, Ана - құдірет. Бар игі жақсылықтың бастауы - аяулы аналар!
Құрметті қонақтар! «Қарлығаш» тобы бүлдіршіндерімен өткізілгелі отырған «Аяулы - анашым!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
- Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
Ән: «Апатайым - анашым!»
- Қанекей балалар аналарымызға тақпақ айтып берейік.
Ақсезім:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Марғұлан:
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
Аян:
Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін:
Аян:
Қуанышы баланың
Бізді өсірген анашым.
Дамир:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
- Ал, бәріміз бірге аналарымызды құттықтайық!
Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»
Ақерке:
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған!
Іңкәр:
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған!
Саян:
Сөздеріңді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым!
Рамазан:
Анам менің«Айым»дейді
Мен мұңайсам «Уайым»жейді.
Айберген:
Анам менің «Күнім»дейді
Мен қуансам күлімдейді.
Қарақат:
«Жаным» дейсің мені
Жаратушым бір сенсің.
- Зайни, Ақсезім, Гүлсезімнің орындауындағы «Кел, билейік!» әнін тамашалаңыздар.
Зайни:
Таң қалғандай ғалам
Кім ең сұлу адам
Ол - менің аннам.
Кәусар:
«Боташым» дер саған
Кім сүйікті адам
Ол - менің анам
Гүлсезім:
Айналайын, анашым
Көкте нұр боп жанасың.
Нұркелді:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.
Әйгерім:
Анамызды сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.
Ақберен:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген анашым!
-«Қуыршақ» әнімен Кәусар, Қарақат, Ақерке, Іңкәр, Әйгерім шығады. Қошеметтеп, қол соғып отырыңыздар, құрметті аналар!
- Міне, керемет, жігіттер!
Арландай, тарландай, біздің жігіттер!
Би: «Жігіттер»
- Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ана деген - теңдесі жоқ жақсы адам - дей отырып кезек ата - аналармен ойынға беріледі.
Ойын:«Сөз құра»
Шарты: Сіздерге әріптер беріледі, екі топ мен айтқан сқзді жарыса отырып құрау қажет. Бірінші орындаған топ жеңімпаз болады. Ойынға 6 адам қатысады.
А Н А
Ә Н Е
Ә К Е
- Тобымыздың бүлдіршіні Сапарғали Гүлсезімнің анасымен бірге дайындаған көрінісін көріңіздер!
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - Аналар!
Ана деп бас иеді бүкіл халық!- дей келе аналармен бірге ойын.
Шарты: Ойынға 3 адам керек. Берілген сөзіне қарай, әнді ыңылдап түсіндіру. Шешімін көрермендер түсіндіреді.
- Құрметті аналар! Бүлдіршіндеріміз апайларымен бірге дайындаған кішкене жүрегіндегі жылы лебіздерін сіздерге тарту етеді.
- Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз - дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе алып келсін.
Сөз ата - аналарға беріледі.

Ана - гүл, ана - өмір шуағы

  • Жанара 77

  • 19 қараша 2013

  • 47623

  • 0

  • 0

Тәрбие сағаты: «Ана - гүл, ана - өмір шуағы"
Тақырыбы: «Ана - гүл, ана - өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

На правах рекламы

Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана - гүл, ана - өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып - деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 - наурыз мерекесі келіп жетті.
2жүрг: Сіздер ер - азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім - шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
1 жүрг:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2жүрг:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Балалардың тақпақтары
Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
Презентация бейнефильм
Ән шашу:
1 жүрг. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын - демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдардың орындауында «Су тасушы қыз»
әнін қабыл алыңыздар.
2жүрг: «Бала тілі - бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер - деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ән шашу
1жүрг: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
Омар:
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже

Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным - дейді.
5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.
2жүрг: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата - анасымен бақытты - деп, ортаға балаларды шақырайық.
Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді
хормен: Ойлап тапқан балалар!
Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
хормен: Ойлап тапқан аналар!
Ән шашу:
1жүрг: Жаңбырменен жер көгереді
Батаменен ел көгереді - деп барлық аналарға, әжелерге Мақсат бата
беремін деп отыр.
Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт - ашып қақпасын
Мәңгі - бақи жаппасын
Бәле - жала отбасын
Іздесе де таппасын
Әумин!
Ән шашу:
1 жүрг: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
2 жүрг: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз - деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған мамаларына деген сыйлықтарын тапсырады
Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір - бірлеп таратады.





© 2010-2022