Конспект семинара Билингвальды оқыту әдісінің тиімділігі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Талғар ауданы Туздыбастау ауылы

МЖДШОБ № 31 жалпы білім беретін орта мектебі


Тақырыбы:

Билингвальды оқытудағы CLIL әдісінің тиімділігі


Дайындаған: Ұйғыр тілі мен әдебиеті және тарих пәні

мұғалімі Курбанова Альфиям

Конспект семинара Билингвальды оқыту әдісінің тиімділігі


2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Билингвальды оқытудағы CLIL әдісінің тиімділігі

Мақсаты: Көптілді білім беру жағдайында пәндерді билингвальді

оқытудағы ерекшеліктерді айқындау.

Міндеттері:

- көптілді білім беруде пәндерді билингвальді оқытудағы

ерекшеліктер мен таныстыру;

  • көптілді және билингвальді білім беру қолданылатын терминдер тұралы түсінік беру;

  • көптілді және билингвальді білім беру қағидалары мен таныстыру;

  • көптілді және билингвальді білім беруде пән мен тілді кіріктіру арқылы пән мазмұнын игеру жолдары мен таныстыру;

  • көптілді және билингвальді білім беруде оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдары тұралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже:

  • Көптілді білім беруде пәндерді билингвальді оқытудағы ерекшеліктер мен танысады;

  • Көптілді және билингвальді білім беруде оқушылар тілдік дағдылары дамыйды.

  • Көптілді және билингвальді білім беру қолданылатын терминдер тұралы түсінік алады

  • Көптілді және билингвальді білім беруде пән мен тілді кіріктіру арқылы пән мазмұнын игеру жолдарын үйренеді

  • Көптілді және билингвальді білім беру қағидалары мен танысады

Семинардың барысы:

І. Ұйымдастыру:

  • Топқа бөлу.

  • Психологиялық ахуал (24 тиләк ейтиш)

  • Билингвизм - қостілділік, дербес екі тілде бірдей ойлап, жаза білетін жеке тұлға.

  • Полилингвизм - екі немесе одан көп тілді үйрену.

  • Монолингвизм - бір тілді қолдану

  • Стереотип - тәртіп, ой, мәлім бір ұлттың келбеті, мәдениет, әлуметтік категориясына қатысты қалыптасып қалған жеңілдетілген ой, болжамдар

  • Көптілділік - нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.

  • Билингвтің сипаттамасы (лат. bi-екеу, лат. lingua-тіл) - екі немесе оданда көп тілде сөйлей алатын тұлға.

  • Құзыреттілік - білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуде қолдана алу қабілеттілігі аталады.

  • Полимәдениетті тұлға деген - көпұлтты , көпмәдениетті ортада өмір сүруді білетін, өз ұлтының мәдениетін, әдет - ғұрпын білетін, басқа ұлттардың мәдениетін құрметтейтін тұлға.

  • Анығырақ айтсақ көп ұлтты және көпмәдениетті ортада өзін нәтижесі және белсенді сезіне отырып қызмет атқара алатын өзге мәдениетке, бейбітшілік пен келісімді өмір сүре алатын бәсеке қабілетті маман қалыптастыру үшін көптілді білім өте қажет.

  • Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Ана тілінен басқа шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді. Сондықтан, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілдіңді құрметте» демекші жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылығы мен талпынысын арттыруымыз керек және де сол арқылы Отанға деген патриоттық сезімі жұдырықтай жүректерінде оттай лаулап тұратын тұлға тәрбиелеуді - басты міндетіміз деп білуіміз керек.

І тапсырма

6 ойлау шляпасы

  • Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

  • Қызыл (от) - ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

  • Қара (тұман) - негативті ойлау, мысалы: "бұл орындалмайды, себебі...."

  • Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

  • Жасыл (дала) - жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

  • Көк (аспан) - жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

СLIL- \Content and language integrated learning \ Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі. Үш тілде оқыту - заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

ІІ тапсырма:

Кіріктірілген сабақ не үшін керек? (менің ойым)

ІІІ тапсырма:

Концептуалдық кесте


Саластыру

Артықшылығы

Айырмашылығы

Кіріктірілген сабақ

Қалыптасқан сабақ

ІV. CLIL - әдісі бойынша сабақ құрылымы

Рефлексия

Конспект семинара Билингвальды оқыту әдісінің тиімділігі

Конспект семинара Билингвальды оқыту әдісінің тиімділігі


© 2010-2022