Конспект по казахский на тему Өз мүмкіндігімізді таниық

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары №1


Мектеп №4 Мерзiмі: 29.09.2015ж. Мұғалiм: Изимова Акмарал Боранбаевна

Сынып: 6 «Ә» Оқушылар саны: 27 Тақырып: Өз мүмкіндігімізді таниық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: адалдық, шыншылдық,еңбекқорлық.


Мақсаты: Оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға өз мүмкіндіктерін тануда шыншылдық қасиеті туралы түсінік беру;

  • Оқушының өз ісіне адалдық қасиетінің дамытуына ықпал ету;

  • Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi: 5 «Т»-ұстанымын еске түсіру:

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тазалық

4.Тыныштық

5.Татулық

1.Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Оқушылар алған әсерлері туралы айтады.

1.Үй тапсырмасын тексеру: 4-сабақ,14-бет. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты повестінен үзіндіні оқып, мазмұндау.

Сұрақтар:

Қожа өз қателіктерін түзетуге қалай кірісті?

Қожаның өз мінез-құлқы туралы ойлауына не мәжбүр етті?

Қожаның ойының өзгеруіне не себеп болды?

Сендер өз өмірлеріңде Қожаның мінез-құлқына ұқсайтын балаларды кездестірген кездерің болды ма?

Оларға сендер қандай ақыл айтар едіңдер?

Ескерту

2.Дәйексөз: «Нағыз адамдық - өз ойың мен ісіңді жақсылыққа бағыттай алу»

Халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасайды.

Дәйексөзді оқушыларға хормен 3 рет қайталатып оқыту.

Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру.

3.Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат) Суға кеткен тиындар

Сүт сатумен айналысатын шаһар тұрғыны соңғы кездері сүтке су қосып сатуды ойлап шығарыпты. Күндердің күнінде, әлгі сатушы көрші қаланың базарынан табыспен үйіне кемеде қайтып келе жатады. Жолда көзі ілініп кеткен саудагер ояна келсе, тиын салатын әмияны орнында жоқ. Іздей бастаса, әмияны желкенге шығып алған мақұлық маймылдың қолында екен. Маймылға жалына кеткен саудагер қолын созып әмиянын сұрайды, бірақ маймылдың берер түрі жоқ. Ішінен тиындарды шаша бастайды: мақұлық бірін саудагерге лақтырса, бірін суға лақтырып ойнайды. Құдды бір табыстың тең жартысы суға тиесілі екендігінен хабардар еткен сияқты.

Сұрақтар:

  1. Сүт сатушы не ойлады?

  2. Кемеде қандай жағдай орын алды?

  3. Саудагердің әрекеті дұрыс па?Не себепті?

  4. Саудагердің бойында қандай қасиеттерді дамыту керек деп ойлайсыңдар?

5.Саудагердің ішкі жан-дүниесінің өзгеруіне бірінші себеп не болу керек?

6.Адамдардың өтірік айтуы неге әкеліп соқтырады? 7.Саудагерге сендер қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?

8.Өздеріңіз саудагердің қандай болғанын қалар едіңіз?

4.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Түрлі-түсті қағаздармен 4 (төрт) топқа бөлу.

Әр топқа:

І топ - табандылыққа «табандыға - талап көп» тақырыбына - әңгіме құрастыру;

ІІ топ - еңбекқорлыққа «еңбек - бәрін жеңбек» тақырыбына - эссе жазу;

ІІІ топ - төзімділікке - «төзімдінің шырағы жанар» тақырыбына - мақал-мәтелдер айту;

ІV топ - талаптылыққа «талаптыға нұр жауар» деген мақалға сүйене отырып, шағын диалог - көрініс көрсету тапсырылады.

5.Топпен ән айту.

«Өмір-өзен» («Заман» тобы)

  1. Асып-тасып, төгілетін,
    Алқынып ұшатын көңіл-ай,
    Өзгерместей көрінетін,
    Баянсыз бес күндік өмір-ай.
    Тасқын болып, тасып тұрған
    Жастық шақ алдады таңдамай.
    Әлденеге асықтырған
    Желігі басылмас жалған-ай.
    Қайырмасы:
    Өмір-өзен ағады, әттең,
    Өкініштің алауы
    Жанымды жеп барады.
    Өмір-өзен ағады, әттең,
    Менің жаным жаралы.
    Қай жағада қалады?

    2. Дүниеге алданады
    Қомағай көзіміз тоймаған.
    Бірақ соның бар ма мәні,
    Тек оңаша үнсіз ойланам.
    Өткізермін өмірімді
    Шабытты оздырып сағатқа,
    Жүректегі сенімімді
    Сөндіре көрмеші, Жаратқан.

Конспект по казахский на тему Өз мүмкіндігімізді таниық

6.Үй тапсырмасы: 5-сабақ,21-бет.Р.Островскаяның ұлы - Н.Островскийдің балалық шағы туралы әңгімесін мазмұндау.

7.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi:

Классикалық музыка әуенімен:

Бүгінгі алған білімдеріңізді жүректеріңізде сақтаңыздар.

Сабақ аяқталды, назарларыңызға рахмет!




© 2010-2022