Сыныптан тыс іс - шара: Денсаулық зор байлық

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Денсаулық - зор байлық»
Мақсаты: Кейбір жұқпалы аурулардын таралуынан сақтану, олардың алдын алу;

Жеке бастың гигиенасын сақтау;

Дене шынықтыру жаттығуларымен, спорт түрлерімен шұғылдану.
I. Кіріспе сөз. Қазіргі заманда көптеген етек алып отырған балалар арасында кездесетін жұқпалы аурулардың түрі көп.
Солардың бірі: сарыауру, туберкулез, қышыма қотыр, дизентерия (ішек - қарын аурулары) дифтерия (кул) (поратл) шошқа мойын (свинка) поратиті т. б. аурулар.
- Осы ауруларды болдырмауды бәріміздің басты міндетіміз.
Ол үшін не істеу керек?
- Таза жүру керек.
- Жеке бастың гигиенасын сақтау.
- Айналаны қоқыстардан тазартып, микробтардың таралуын болдырмау;
- Айналаны жасыл желектендіру;
- Дер кезінде дәрігерге қаралу, аурудың алдын - алу;
- Әртүрлі жеміс - жидектерді жуып жеу керек;
- Дене шынықтырумен шұғылдану керек;
- Жылы жүру керек;
- Кір қоқыстан аулақ жүру керек; т. б.
II. Әртүрлі жұқпалы аурулар мен таныстыру, одан қорғану жолдары (мағлұмат беру)
1. Туберкулез - созылмалы жұқпалы ауруы.
2. Дизентерия - ішек - қарын ауруы.
3. Сарыауру
4. Шошқа мойын ауруы
5. Қышыма (қотыр) және одан арылу жолдары.
III. Таза жүрем.
Таза киім киемін.
Тазалықты сүйемін.
Денем таза болса да
Түсем жие моншаға.
Кір - қожалақ жүрмеймін
Ауруды білмеймін
Таза жүрем әрдайым.
Жаңа жауған қардаймын.
Суық судың несі айып
Шынығайық қалайық
Кеңестері айтылған
Денсаулыққа лайық
Бұрын біздер ауырсақ.
Дәрігер қарар жанын сап.
Дәріханаға барамыз
Дәрі сатып аламыз.
Спортпен айналыс,
Сұлулық пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.
Денсаулықтан адамға не бар қымбат.
Ауру төнсе, кең дүние тар қылмақ.
Денсаулықтың қорғаушысы болам деп,
Дәрігерлер берген Отан алдында ант.
IV. Мақал - сөз мәйегі
Денсаулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің.
Дені саудың жаны сау.
Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
Денсаулықтың жақсысын,

Ақшаға да таппассың.

Денсаулық - зор байлық..
Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - ақ жаулық,
Үшінші байлық - он саулық.
V. Адамға керекті дәрумендер. Олардың адам өміріне пайдасы.
Дәрумендер шығады.
1. Дәрумендер атынан сөйлейін
Сөйлегенде бүй дейін,
Дәрумен деген не? Вита деген өмір ғой
Оны ұсынған физик қой,
Дерттен қорғар қалқам ғой.
А. Мен болмасам егер де
Көзің жақсы көрер ме
Жетіспесем ағзаңда
Бойың биік өсер ме?
В. Менсіз жүйке шаршайды.
Ашуланып саларсың кеп айқайды.
Қан азайып әлсірейді жүрегің,
Асқазаның ас қорыта алмайды.
С. Мен болмасам бойыңда
Тісің түсіп өспейді.
Ішкен асың бойыңа
Жөнімен тарап сіңбейді.
Д. Мен жетіспей қалғанда
Мешел болып өсерсің.
Қаңқау қисық болғанда
Өкінумен өтерсің.
VI. Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:
1. Қоршаған орта ластығы.
2. Дұрыс тамақтанбау.
3. Дене тәрбиесімен шұғылданбау.
4. Зиянды заттарды қабылдау.
5. Тазалықты сақтамау.
Денсаулыққа Дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
1. Дұрыс тамақтану.
2. Қоршаған орта тазалығы.
3. Дене шынықтыру.
4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдамау.
6. Жеке бастың тазалығын сақтау.
VII. Қорытынды.
Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыздар?
Денсаулық
Табиғи күш
Дене шынықтыру
Тамақ
Тазалық
1. Табиғи күш. Күн, таза ауа, су.
2. Дене шынықтырудың маңызы қандай? Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығу түрлері.
3. Тағам. Тағамның түрлерінің адам денсаулығына пайдасы мен зиянды жақтарын айту.
4. Тазалық. Бұл жеке бастың тазалығын сақтау.


© 2010-2022