Қазақ тілі Сан есім

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі Сан есімҚазақ тілі Сан есімҚазақ тілі Сан есім1. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып оқыңыз.

Жігітке...өнер де аз.

1.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып оқыңыз.

Елгезек ... айтқызбайды

1. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып оқыңыз.

Елдің көзі...

1.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып оқыңыз.

Жігіттің...сөйлегені өлгені.

1.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып оқыңыз.

Қызға ...үйден тыю.





Сабақтың тақырыбы:Сан есім

Сабақтың мақсаты:

б)Оқушыларға сан есім туралы жалпы мағлұмат беру,сан есімнің сандық қасиетін ашу.

д)Оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту,еркін сөйлеуге баулу,ойларын дәл, нақты айтуға дағдыландыру.

т)мақал -мәтелдер мен шешендік сөздерді негізге ала отырып,оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру.Отанды сүюге,оны бағалай білуге тәрбиелеу. Түрі:

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру

Көрнекілігі:интерактивті тақта,схема

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

(сәлемдесу ,түгендеу,сынып тазалығы)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.Сөз табы дегеніміз не?Қанша түрі бар?

2.Зат есім дегеніміз не?Құрамдық,мағыналық түрлері.

3.Сын есім дегеніміз не?

4.Құрамдық түрлері қанша?

5.Мағыналық түрлері қанша?

132-жаттығуды тексеру Сапалық,қатыстық сан есімдерді бөлек-бөлек жазу.

Қазақ тілі ата-анаң

Қуат алар Отан да одан

Дүниеде егбір асыл

Тең келмейді қатар оған,

Дұшпаың да бас иетін

Тілің ұлттық қасиетің

Қазақ тілі ата - анаң

Қуат алар Отан да одан

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған,

Дұшпаның да бас иетін

Тілің ұлттық қасиетің. (Расул)

Дұшпаның да бас иетін ұлттық

Қасиетіміздей саналатын

Тіліміз туралы сыр шертер

Тағы бір қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Ал, енді біз әрі қарай сөз таптарын жалғастырамыз.

Сандардың адам өмірінде айтулы орын алатын ұғымдар екені барлығымызғы белгілі. Адам өмірінде сандардың қатысы дүниеге келген күннің сандармен өрнектелуінен басталған болуы керек. Ендеше бүгінгі тіліміздегі сандық ұғымдарды сөз табымен толықтыруымызға болады. Ендеше бүгінгі заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп қанша? Неше? Нешеу? Нешінші деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейміз. Мысалы: Бірінші партада Жансая отырады. Бір көрген - біліс, екі көрген - таныс деген екен бұрынғылар.

Міне күнделікті өмірде осындай белгілі бір заттың мөлшерін, санын көрсететін мысалдарды жиілетіп тұрамыз. Бұдан былай өздерің қолданатын сөздерің қай сөз табы екенін біліп, сан есімдердің белсенді түрде қолданылатынын юайқайтын боласыңдар.

Сан есім құрылысына қарай:

Дара сан есім Күрделі сан есім

Бір, мың, мың-мыңдап, бір мың

миллион, жүз

Құрамына қарай:

Негізгі сан есім Туынды сан есім

он, бес, жүз, тоғыз алт(ы)ау, сексен(сегіз он),

он-оннан

Мағыналарына қарай

Мысал

Есептік сан есім

Бір сағат өтті

Реттік сан есім

Екінші үйде тұрады

Жинақтық сан есім

Бесеуі жолға шықты

Болжалдық сан есім

Жетпістей адам келді

Топтау сан есім

Бес-алтыдан бөлінді

Бөлшектік сан есім

Екінің бірі ән айтады.

Сан есімдер зат есімдермен тіркеседі. Кейде сан есім зат есімсіз - ақ жұмсала береді. Ондайда заттық мағынаны әрі сол заттың санын, мөлшерін білдіріп тұрады.

Деңгейлік тапсырма орындатылады (жеке-жеке)

1 - деңгей.

Төмендегі сан есімдердің цифрмен берілгендерін сөзбен, сөзбен жазылғандарын цифрмен жаз.

Мысалы: 30-40, он бес, екі жүз, 50 шақты, екі жүз елу, бес-бестен, 3-4.

2 - деңгей.

Дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек жаз.

Мысалы: он екі, мың, жиырма үш, алтау, тоқсан, екі жүз, жиырма бес.

Дара Күрделі

Мың, алтау, тоқсан Он екі, жиырма үш, екі жүз,

жиырма бес

3 - деңгей.

Сан есімі бар мақал - мәтел ойлап жаз.

Оқулықпен жұмыс

133 - жаттығу

Сан есімдерді мағынасына қарай талдаңыз. Тақтамен жұмыс.

Сан есімдер: үш, екінші, үшінші, бір.

Терме диктант

Күрделі сан есімдерді теріп жаз.

Бір,бесеуі, екінші, бес-бестен, екінің бірі, жетпістей, екі-үштен, он екі.

Шағын тест:

Сергіту сәті.

Жұмбақ шешу

Қорытындылау

Үйге тапсырма 134, 135 - жаттығу

Бағалау



© 2010-2022