Алпамыс батыр жырының маңызы. 6 сынып ҚМЖ

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

«Алпамыс батыр» жырының маңызы

Мақсаты:

«Алпамыс батыр» жырының композициялық құрылысы жайлы толық мэлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

А) Талдау барысында өз ойларын толық жеткізеді.

В) Пікірлерін ашық айта біледі.

С) Топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады, қорытады.

Кезең

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Кіріспе.

5 мин

Ұйымдастыру бөлімі

«Менің хоббиім» тренинг

Топқа бөлу. /Алпамыс, Қобыланды/

Оқушылар бір біріне өздерінің хоббиін айтады.

Оқушылар Қобыланды, Алпамыс деп бөлінеді.

Тұсаукесер.

7 мин

Үй тапсырмасын тексеру. Жырға жоспар құрып келу.

Үй тапсырмасын оқушылар өзара тексеріп, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

Негізгі бөлім.

7 мин




7 мин



1. «Жұптық әңгіме» әдісі бойынша әр оқушыны жұпқа бөліп, сұрақтар беріледі.

  • Жырда ерлік, батырлық, адамгершілік жөніндегі халық аңсары қалай бейнеленген?

  • Алпамыстың ерліктері жырда қалай суреттеледі?

  • Алпамыс батыр мен Ұлтанға салыстырмалы мінездеме беріңдер.

  • Алпамыс пен Қобыландының айырмашылығын және ұқсастығын табу.

«Смайлик» арқылы бағалау. Бағалау критерийі.

1. Егер сұраққа жауап бермесе 2 балл

2. Егер сұраққа толық емес жауап берсе, 3 балл

3. Егер сұраққа толық жауап беріп, бірақ емле қателері болса 4 балл.

4. Жауап толық болып, емле қате жоқ болса 5 балл.

2. «Детальдарын қосу» әдісі.

І топ. «Біреуімізден ұл, біреуімізден қыз туса, арманымыз қалмас еді-ау».

ІІ топ. «Кәмбал серкенің маған күніге біреуін бер, сені мұратқа жеткіземін».

Бағалау парағы. Топтық бағалау.

Сергіту сәті. «Қара жорға»

3. «Сұрақты тап» әдісі бойынша екі топ бір-біріне 2 төмен дәрежелі, 1 жоғары дәрежелі сұрақтар қояды.

Стикер арқылы бағалау.

Егер сұрақты дұрыс қоймай, өздеріне қойылған сұраққа жауап бермесе 2 ұпай

Егер сұрақты дұрыс қойып, бірақ өздеріне қойылған сұраққа жауап бермесе 3 ұпай

Төменгі дәрежелі сұраққа жауап беріп, жоғары дәрежелі сұраққа жауап бермесе 4 ұпай

Барлығына жауап беріп, сұрақты дұрыс қойса 5 ұпай

4. Жадыны дамытуға арналған ойын. Интербелсенді тақтада жырдан үзінді көрсетіледі. «Оқы. Есте сақта. Жаз.» әдісімен жұмыстанады.

Менің атым Шашты Әзиз,

Қыламын десең ықылас,

Жарылқады жаратқан,

Ей, бейшара, көзіңді аш!

Ұлыңның аты - Алпамыс,

Қызыңның аты - Қарлығаш.

Өзара бағалау.

  1. Егер тапсырманың жауабында 6-дан жоғары қате болса, 2 балл

  2. 4-5 қате болса, 3 балл

  3. 1-3 қате болса, 4 балл

  4. Ешқандайда қате болмаса, 5 балл

Жұптық жұмыс жүргізу арқылы сұрақтарға жауап береді.



Бұл әдіс бойынша оқушылар сөйлемді толықтырып жауап беру қажет.




Оқушылар берілген үзіндіні оқып, есінде сақтайды да, кері дәптерлеріне жазады.

6 мин

Қорытынды бағалау.

Үйге тапсырма. «Туады ерлер ел үшін» эссе жазу

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды

Рефлексия

Білемін, Білдім, Білгім келеді


© 2010-2022