Ашық сабақ Шешендік сөздер

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Шешендік сөздер»

Сыныбы: 11 «А»

Күні: 15.02.2016ж

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгісі - шешендік өнер туралы білімдерін толықтыру;

ә) дамытушылық: тақырып аясында ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту;

б) тәрбиелік: топтық жұмыс арқылы оқушыларды ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу,сауатты әрі әдемі сөйлеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар,

постер,түрлі-түсті қарындаштар, стикер, «Тілек ағашы»

Сабақтың түрі : аралас

Сабақтың әдіс- тәсілдері : топтық жұмыс, сұрақ - жауап, түсіндіру,түртіп алу стратегиясы

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу

Әнұран орындау

оқушыларды түгелдеу

«Шаттық шеңбері» сабақта білім шыңына жету үшін шеңберге тұрып,

бір - бірімізге игі тілектер айтамыз.

ІІ. Оқушыларды топқа бөлу: Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар,оқылық!», А.Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңдерінің әр жолы жазылған кеспе қағаздар арқылы екі топқа бөлу


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Шешендік өнер туралы жалпы мәлімет беріп, оқушылар шешендік сөздердің негізгі тақырыптарын дәптер-леріне түртіп отырады

«Мәтінмен жұмыс» : әр топқа тақырып бойынша мәтін беріледі,оқушылар оқып аударады

1 топ: Шешендік өнер

Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би, Аяз биден басталады. Шешендік өнердің кеңінен дамып, биіктеген кезеңі - ХV-XVIII ғ.ғ. Бұл кезең - қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиетінің туындыларынан, ертегі, аңыз-әңгімелерден кездестіреміз.

кеңінен - широко

күрес жылдары - годы борьбы

туынды - произведение

басқыншылар - воины

2 топ: Шешендік өнер

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры - шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі - шешендік сөздер ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнерге ерте заманда-ақ үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған.

даналық - мудрость

сын - критика

жеке пән - отдельный предмет

падиша - король

«Әңгімені жалғастыр» кеспе қағазда «Балабидің жұмбағы» әңгімесінің жартысы берілген, өз ойлары бойынша аяқтайды

Балаби қартайған шағында халқын жинап:

  • Жерден ауыр не?

  • Судан терең не?

  • Оттан ыстық не?

  • Көктен биік не? - деп төрт сұрақ берген екен. Алайда шешуін ешкім айта алмапты.Сонда Балаби өзі айтқан сұрақтарын өзі былай шешкен екен...

Сәйкестендіру стратегиясы: әр топқа дұрыс жауап жазылған қағаздар беріледі, оларды сәйкестендіріп,постерге жабыстырады, мұғалімнің көмегімен дұрыстығын тексереді:

Жерден ауыр дегенім- ақыл, білім

Судан терең дегенім - оқу, ғылым

Оттан ыстық дегенім - адамның өмірі

Көктен биік дегенім - тәкаппардың көңілі

Топтастыру стратегиясы: «Шешендік өнер дегеніміз не?» деген сұраққа кеспе қағазда берілген зат есімдерден тиістісін постерге жазу

ғимарат,тапқырлық,ой,шешім,үй,сана,мағына,мұра,күлкі,әлем,даналық,әдебиет,мән,оқырман,белгі,ата-баба, шешен,мұхит,дау,сезім

Сөздің мағынасын ашу: екі топқа берілген кеспе қағазда «көтерді» сөзінің бірнеше мағыналық түрлері берілген

білімін көтерді - көңіл көтерді -

қиындықты көтерді - сөзін көтерді -

аяғын көтерді - айғай-шу көтерді -

танауын көтерді -


Топтастыру стратегиясы: «Шешендік қандай өнер ?» деген сұраққа кеспе қағазда берілген сын есімдерден тиістісін постерге жазу:

құнды,әдемі,ерекше,биік,түзу,асыл,дөңгелек,өшпес,мәнсіз,арзан,қысқы,қымбат,заманауи,саяси,жазбаша,қисық,дәмді,тарихи,тұзды,ежелгі.

ІҮ.Сабақты қорытындылау: Оқушылардың сабақта алған білімдерін сұрақ - жауап арқылы пысықтау

Ү. Оқушыларды бағалау: әр топ біліміне қарай бағаланады

ҮІ. Үйге тапсырма: 91 бет, «Жетес шешен» мәтінін оқу,аудару,мазмұндау

Кері байланыс: бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін стикерге жазып, «Тілек ағашына» іледі.



© 2010-2022