Сабақ жоспары Қалау рай 7 - сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Қалау рай 7 - сыныпСабақ жоспары Қалау рай 7 - сыныпСабақ жоспары Қалау рай 7 - сыныпСабақ жоспары Қалау рай 7 - сынып

Күні

17.03.2014

Сыныбы

7 - сынып

Сабақтың

тақырыбы

Қалау рай.

Ресурстар

Қазақ тілі Алматы «Атамұра» баспасы 2012 , АКТ, бағалау парақшасы, постер, түрлі-түсті қарындаштар т.б.

Жалпы мақсаттары

Қалау райдың жасалу жолдарын меңгерту, сауатты талдауға дағдыландыру.

Оқыту нәтижесі.

Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.

Тапсырмалар

1. Атамекен тапсырмасы 4. Дастарқан тапсырмасы

2. Қара шаңырақ 5. Бұлақ тапсырмасы.

3. Құран тапсырмасы 6. Топтастыру стратегиясы.

Әдіс - тәсілдер

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту, өрмекшінің торы әдісі, рефлекция, аялдама әдісі.

Сабақтың жүру барысы:

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

2 мин





2 мин

















8 мин
































10 мин




4 мин
























4 мин





































7 мин





































2 мин






1 мин




5 мин

І.Ұйымдастыру.

Сергіту сәті.

«Қара жорға» әуеніне билейді.

Оқушыларды «Фишбоун» стратегиясымен

4 топқа бөлемін.

1.Ұлттық ойын. Алтыбақан тобы

2.Ұлттық киім. Сәукеле тобы

3.Ұлттық тағам. Бауырсақ тобы

4.Ұлттық аспап. Домбыра тобы

Бағалау критерийі түсіндіріледі.

Сабақ жоспары Қалау рай 7 - сыныпөте жақсы

Сабақ жоспары Қалау рай 7 - сыныпжақсы

Сабақ жоспары Қалау рай 7 - сыныпорташа

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Адам болам десеңіз...»,

«Егер мен миллионер болсам...» тақырыбында шағын диалог құру.

«Өрмекшінің торы» әдісі.

Мұғалім тоқыма жіпті қарсы оқушыға лақтыру барысында өткен тақырыптардан сұрақ қояды. Одан әрі оқушылар жіпті бір - бірлеріне беріп, сұрақтарға жауап береді.Сұраққа жауап бере алмаған оқушы өрмекшінің торына түседі.

  1. Етістікке сипаттама беріңіз.

  2. Мағыналық түрлері, нақты мысал келтіріңіз.

  3. Есімше, көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.

  4. Етістік категорияларын атаңыз.

  5. Үш шақтың бірінде қолданылатын рай түрі.

  6. Шақ түрлері.

  7. Шақ түрлеріне мысал.

  8. Іс - әрекеттің орындалуын талап ететін қай рай?

  9. -са, -се жұрнағы жалғанған сөз үнемі істің шартын білдіре бере ме?

  10. Шартты райлы етістікке жұрнақ жалғана ма?Онда қандай мағына пайда болады?

Оқушыларды сөзбен, қол шапалақтаумен формативті бағалаймын.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту.

«Ой түрткі»

  • Қазақ халқы нені қасиет тұтады?

  • Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата?

«Атамекенге саяхат»

1.«Атамекен» тапсырмасы.

1.Қалау рай туралы мәлімет жинау. Мысалмен дәлелдеу.

2.Қалау райдың жасалу жолдары.

3.қалау райдың жасалу үлгісі.

4.Қосымша мәлімет қарастыру.(Орхон - Енисей ескерткіштеріндегі қалау рай)

2.«Қара шаңырақ» тапсырмасы

  • Біздің қара шаңырағымыз...

  • Қазақтар қалай құрметтеген?

Мәтіннен қалау райлы етістікті тауып, қай жақта тұрғанын ажырат.

1.Ақыры қызылтопырақ еліне қарай жүріп бара жатып, жолшыбай Нұрмағамбет паңның ауылына соқтық. Қымыз ішкіміз келді.Паңды көргіміз келді. (С.С)

2.- Қарағым, - деді ол кітапханашы қызға жылы шыраймен сөз қатып, - кітаптарыңды жақсылап сақтағайсың. (М.Ә)

3.Сөзімді менің айтқан білгізгейсің,

Уәде алпыс күнге түйгізгейсің.

Гауһар түйме, жалғанда ақ бешпент бар,

Үстіне келісімін кигізгейсің.

(«Айман - Шолпан» жырынан)

4.Жаңадан көп түрлі

Машина бергейсің.

Жаңадан көп сырлы

Үйлерге кіргейсің

Жаңа жыл! (Х.Ерғалиев)

3. «Құран» тапсырмасы

  • Құран қандай кітап?

  • Құранда неше сүре бар?

Төмендегі қалау райлы етістіктерді жіктеңіздер.

1.Көргісі келеді.

2.Орындағым келді.

3.Жазғайсың.

4.Оқысам игі еді.

4. «Дастарқан» тапсырмасы.

  • Ненің байлығы, ненің нышаны болған?

  • Дастарқанды не үшін қадір тұтқан?

Сөздердің ішінен артығын табу.

1.Алтыбақан тобы

  • Білсемші

  • Жүргейсің

  • Сөйлейік

  • Отыр

  • Тыңдағым келді

2.Сәукеле тобы

  • Алсам игі еді

  • Бітсе

  • Келіңдер

  • Барғай едім

  • Кеткіміз келген

3.Бауырсақ тобы

  • Барғаймыз

  • Оқығысы келді

  • Мақтанба

  • Айтсақ игі еді

  • Сөйлегіңіз келер.

4.Домбыра тобы

  • Жүргіз

  • Жазайын

  • Көрсем игі еді

  • Күлме

  • Тұр.

5. «Бұлақ» тапсырмасы.

  • Қазақ «Бұлақ көрсең көзін аш», - деп не үшін бағалаған?

1.Сурет бойынша әңгіме жазу. Қалау райлы сөздің астын сызу.

2.Мәтін бойынша бес жолды өлең құрастыру. Батырлардың қару - жарағы - нағыз киелі әрі қасиетті заттар. Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Ағыбай сынды батырлардың қылышы мен найзасы, сауыты мен дулығасы, ер - тұрманы, садағы мен шоқпарлары ғасырдан - ғасырға жеткізіліп келе жатқан көне мұралар.Сол мұраларды ұрпағымызға жоғалтпай, сақтап жеткізейік.

«Синквейн» әдісі

Зат есім

Сын есім

Етістік

Мағыналы сөйлем

Соңғы сөз синоним.

3. Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі - ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны ...... (базарлық) деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

Аталған салт - дәстүрден шағын көрініс көрсетіңіз.

4. Қуанышты хабар жеткізуші адамға сыйлық беру дәстүрі ......... (сүйінші) деп аталады.

3.Бос уақытымды қалай өткізгім келеді?

4.Сыныптас достарыма не тілегім келеді?

ІV.Сабақты бекіту:

Топтастыру стратегиясы.

Қалау рай

V.Үйге тапсырма:

Сыныптас достарыма не тілегім келеді?

Кім болғым келеді? Қалаған тақырыбына шағын шығарма жазу.

VІ.Бағалау:

Рефлекция: «Бес саусақ» әдісі.

1.Бүгін сабақ қызықты өтті.Себебі, .....

2.Бүгін көп нәрсе үйрендім. Себебі, ....

3.Маған қиын болды. Себебі, .....

4.Сабақ қызықсыз өтті. Өйткені, ....

5.Маған бәрі ұнады немесе ұнамады.

Оқушылар интерактивті тақтаға қарап, би қимылдарын жасайды.

Суреттерді құрастырып, өз тобын құрады.


Оқушылар тыңдайды, сабаққа араласып отыруға талпыныс жасайды.


Оқушылар үй жұмысын оқиды.

Шартты райлы сөздерді табады.

Оқушылар өрмекшінің торына түспеуге тырысып, сұрақтарға жауап беруге тырысады.







Оқушылар сыни тұрғыда ойланып сұраққа жауап береді.

Оқушылар берілген тақырып бойынша топ болып ақылдасып, талқылайды, постерге жазады. Бір оқушы қорғайды. Басқа топ оқушылары келіп тыңдайды.

Балалар сұраққа жауап береді. Бірілген мәтінді талдайды. Шағын топтан бір оқушы қорғайды.





Оқушылар сұраққа жауап береді. Тапсырманы орындайды.

Оқушылар сыни тұрғыда ойланып, сұраққа жауап береді.

АКТ мен жұмыс жасайды. Қалау райды табады.







Оқушылар ізденіп, берілген уақытқа сәйкес әңгіме жазады, өлең шығарады, шағын қойылым қояды.





Көп нүктенің орнына салт - дәстүрді табады. Топ болып қорғайды.



Бүгінгі сабақ бойынша түсінгендерін қорытындылап жазады.

Дәптерлеріне, күнделікке жазады.

Бағаларын қойдырады. Әр тапсырма сайын оқушы өз - өзін бағалайды.

Жиынтық бағалау жүргізіледі.





© 2010-2022