Кірме сөз ашық сабақ

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Басқа тілден енген сөздер туралы түсінік беру;

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, жүйелі сөйлей білуге баулу;

3. Тәрбиелік: Тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылар бойындағы адамгершілік құндылықтарды жетілдіру.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың түрі: Топтық жұмыс

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Топқа бөліну: 1,2,3,4 деп санау арқылы бөліну.

Сергіту сәті: «Қызыл өрік» әні бойынша.5 минут

ІV.Өткенді қайталау.

Әр топтан балалар бір-біріне «Доп лақтыру» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.

1.«Қыздың жиған жүгіндей» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

2.Жақсы сөзінің антонимі

3. «Ит тұмсығы өтпейтін жер» деген тұрақты тіркес қандай мағынаны білдіреді?

4. Табу деген не ? т.б.

5. Атасының аты Көрпебай болса келіні көрпені қалай деп атаған ? 7 минут

Жаңа тақырып: Кірме сөздер.

Бүінгі сабағымыздың мақсаты қандай болады ? Нені меңгеруіміз керек ?

1-топ: Монғол тілдер тобы.

2-топ: Орыс тілі тобы

3-топ: Араб-парсы тілдер тобы

4-топ: Қазақ тілі тобы

4 топтың жетекшілерін сайлап, бағалау парағын беру.

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кірме деген сөз «жергілікті» немесе «тұрғылықты» емес деген ұғымды білдіреді. Жер бетінде бірде бір басқа тілден енбеген сөз жоқ десек қателеспейміз. Себебі кез келғен халық басқа халықпен аралас- құралас болады, көрші тұрады. Сол себепті бір тілден екінші тілге міндетті түрде сөздер ауысады, кіреді. Қазақ тіліне арап, парсы, монғол тілдері енген көп сөздер бүгінде қазақ тілінің өз сөзіне айналып кетті, тіпті айырмайдай да қаламыз. Мысалы: Қаскелең, Шамалған деген жер атаулары монғолдың батырларының аты екен, өкінішке орай әлі өзгерте алмай келеміз. Сол сияқты, Тарбағатай, Нарынқол, ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, т.б. сөздер осылай кірген екен. Ал, ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келе жатқандықтан орыс тілінен де көптеген сөздер тілімізге енген. Жәшік, кереует, бәтеңке, кәмпит, тәрелке,т.б. ал, орыс тілінен кірген көптеген сөзер өзгеріссіз сол қалпында айтылады. Телефон, телеграф т.б. Орыс тіліне шет тілдерінен кірген футбол, баскетбол, волейбол деген сөздер орыс тілі арқылы бізге енді.

Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды: самолет - ұшақ, вертолет - тік ұшақ, коллектив - ұжым т.б.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Әр топтың оқушыларына кірме сөздер жазылған парақтар беріледі.

1-топ: Монғол тілінен енген сөздер:

А) Ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т.б.

Ә) жер-су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т.б.

2. Орыс тілінен енген сөздер:

А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т.б.

Ә) Кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т.б.

3.Араб, парсы тілінен енген сөздер: Адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, әліпби т.б

4. Орыс тіліне шет тілдерінен кірген сөздер: футбол, баскетбол, волейбол, телефон, телеграф.

Үйден Тарбағатай, Зайсан, Алтай тауының шығу тарихын біліп келуге берілген.

Тарихымен 3 оқушы таныстырып шығады.Ауызша түсіндіреді.

VІІ. Жаттығу жұмысы.

Дәптермен жұмыс: Берілген сөздердің ішіндегі 5 сөзге сөйлем құрату.

1. Монғол тілінен енген сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т.б.

Ә) жер-су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т.б.

2. Орыс тілінен енген сөздер:

А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т.б.

Ә) кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т.б.

3.Араб, парсы тілінен енген сөздер: Адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, әліпби т.б

Тақтамен жұмыс: Сөз құрамына талдау жасату. 3 оқушыны шығарып, талдау жасату.

1.Кәмпитті бес-бестен бөлдік. Түбірі-кәмпит, ті- Табыс септігінің жалғауы т.б.

2. Мен Тарбағатайдан келдім.

172 - жаттығуды топпен орындату. Осы сөздердің синонимін табыңдар.

1-топ: пұл, шайыр

2-топ: сарбаз, ғибрат

3-топ: ғұлама, пешене

4-топқа: пән, аймақ.

Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдері

Пұл- ақша, қаржы

Пешене, жазмыш, тағдыр

Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдері

Ғибрат, үлгі, өнеге

Сарбаз, жасақшы, қол,әскер (15 минут)

«Кім тапқыр ?» ойыны.

  • Ағаштарды жарамын,

  • Гүлге келіп қонамын. (Ара)

  • Ұйықтап жатып көремін,

  • Мезгілді де білемін. (Түс)

2. «Н» - дан басталса, тыныс белгісі.

«Б» - дан басталса етістік.

(нүкте-бүкте)

3. «К» - ден бастасаң - қалаңмын,

«Ж» - дан бастасаң тағаммын.

(кент-жент)

4. Соңғы әріпі «С» болса,

Синоним сөзі момынның

«С»- ны алып тастасаң ,

Жабайы пиязы жерімнің.

(жуас-жуа)

5. Бастапқы әріпі «Ж» болса,

Антоним «Бар» сөзіне.

«Ж»-ны алып тастасаң,

Дәл тиер көзіңе.

(жоқ - оқ)

6. Қалай оқысаң да, ұлтым өзгермейді.

(қазақ)

(Синоним) (Антоним)

Шолақ - қысқа Бар - жоқ

Мүсін - нұсқа Аш - тоқ

Әдемі - сұлу Қисық - түзу

Ыстық - жылу Жөндеу - бұзу

Мықты - берік Қараңғы - жарық,

Ажар - көрік. Семіз - арық.

Топтық жұмыс. Мағынаны тану. 4 топ бір-бірін тексереді.

Семантикалық карта

Мысалдар

Тура мағына

Омоним

Синоим

Жаңа сөздер

Көп мағыналы сөздер

Ауыспалы мағына

Табу

Дисфемизм

Эвфемизм

Күннің көзі


+


Кеден

+


Әдемі, көрікті, сұлу

+


Ара

+


Ерке бала



+

Зейнеткер

+


Боқмұрын


+

Сөзуар



+

Шығармашылық тапсырма: Жеке жұмыс.

  1. топқа сурет бойынша мәтін құрастыру берілген.

4 сөйлем.

1.Табу сөздерді қатыстырып, мәтін құрастыру.

2-топ: Көнерген сөздерді қатыстырып, мәтін құрастыру.

3-топ: Жаңа сөздерді қатыстырып, мәтін құрау.

4-топ: Кірме сөздер мен көнерген сөздерді қатыстырып, мәтін құрастыру.

Үш шапалақ, бас бармақпен бағалау.

Қорытындылау:

1-топ: «Қазақ тілі» модель қорғау.

2- топ: «Ең биік мұнара» (кірме сөздер)

3- топ: Кірме сөз деген не ? Топтастыру.

4-топ: Салыстыру. (Кірме сөз бен жаңа сөздер)

Үш шапалақ, бас бармақпен бағалау.

Блоб ағашына сабақтан қандай әсер алдыңдар ?

Не білдіңдер ?

Стикерді Блоб ағашына жапсырыңдар.

Үйге тапсырма:

Бағалау.

Топ жетекшілерінің бағасын тыңдау. Мұғалімнің қорытынды бағасы.





© 2010-2022