• Преподавателю
  • Другое
  • Конспект по технологи Технология пәнінде оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі

Конспект по технологи Технология пәнінде оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы.

№247 қазақ орта мектебінің технология пән мұғалімі

Алимова Жанат Сағдиқызы.

Технология пәнінде оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі

Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну- оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек.

Кері байланыс жасау мұғалімнің келесі күнге жоспар жасауына үлкен көмегін тигізеді.

Мысалы , мен «бисермен жұмыс» тақырыбындағы сабағымды өткен материалды еске түсіру мақсатында доп лақтыру арқылы сұрақтар беріп ,кері байланыс әдісінен бастадым.

Оқушылармен амандасып,.барлығын шеңберге тұрғызып өткен сабаққа байланысты ,доп лақтыру арқылы сұрақтар беріліп,жауап тыңдалды. . Шеңбер - пайдалы әдіс.Бұндай жағдайда барлығымен сөйлесу ыңғайлы.Оқушылар мұндай жағдайда өздерін жаман ұстамайды. Доктор Кристианна Алгердің пайымдауынша дұрыс қойылған сұрақ сыныптың сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыра алады. Онда айқындық сұрақтар беріліп,олардың өткен сабақтағы не үйренгендерінен хабардар болдым. Мысалы.бисермен жұмыс жасауда ең оңайы не болды ?

Ең қиыны не болды? Әділдік сұрақтар берілді Сіз шын мәнінде бұйымды қызығып жасадыңыз ба ? Нақтылық сұрақтарында бисер мен стеклярустің айырмашылығы қандай екендігі анықталды . Бисер қандай өндіріспен байланысты ? Гүл тоқуға арналған қандай әдіс-тәсілдер бар ? деген сұрақтарға допты қағып алып кезекпен жауап беріп жатты.Сергіту сәтінде оқушылар батыл болу үшін мынадай сөздер айтты . 1.Бүгін күн тамаша! 2. Мен өзімді жақсы сезінудемін. 3.Менің көңіл -күйім керемет жақсы ! 4. Мен өзіме сенімдімін .5.Барлығы қолымнан келеді .6.Мен жұмыс істеуге дайынмын.Міне сабақта осындай кері байланыс жасау арқылы балалардың сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтап бастауға болады. Сонымен бірге келесі сабаққа дайындықта не үйретуге болатынын айқындаймын.Оқушылар бұл кезеңде бисермен тоқуды үйренгендерін айта отырып,кездескен қиыншылықтарын ашып айтты.Көлемі бірдей бисерлер таңдау керектігін,сым таңдауда жіңішке,үзілмейтін сым таңдау керектігін де ескерілетіндігінде айтып жатты.

Кері байланыс жасаудың бір тиімділігі оқушылар өздері ізденіп, өздерін-өздері бағалай алады. Оқушыларға ойын арқылы да кері байланыс жүргіздім. «Қатемді тап» ойыны арқылы қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.

Тапсырманы орындауда келтіріген кері байланыс оқушыларға өз тәжірибелерін одан әрі жетілдіруге көмектесті.Мұнда өткен сабақта жасалған ,көрмеге қойылған жап -жақсы жұмыстарын көрсеттім.Оқушылар бір - бірінің жұмыстарын бағалады Мен кейбір оқушылардың жіберген қателіктерін қайта қарастырып , өз жұмысын жөндеуге көмектестім.Соңында оқушылар өз жұмыстарына кері байланыс жүргізгенде ,бір-бірінің жұмысын көріп өздерінің жұмыстарына баға береді.

Сабақтың соңында тақырыпқа кері байланыс жасау арқылы.,балалардың бүгінгі сабақтан не үйренгендерін анықтау мақсатында сұрақтар беремін. Мысалы «Құрақ құрау» тақырыбындағы сабағымда мынадай :

«1.Құрақ құрау үшін қандай мата пайдаландың?

2. Бұл матаның тиімділігі қандай?

3. Қандай тігіспен тіктіңдер?» деген сұрақтар беру арқылы осы сабақты қаншалықты үйренгендерін анықтадым.

Сонымен бірге кей сабақтарымда бүгінгі сабаққа қаншалықты назар аударғандарын, үйренгендерін білу мақсатында , мынадай парақшалар тарату арқылы кері байланыс жасаймын.

Бүгінгі сабақта.

1 Алдымен.........................................

2 Алдымен...................................... одан соң............................

3 Алдымен........................ Одан соң...................одан кейін...............

4 Алдымен................................ одан кейін......................., сондай-ақ

Сабақты қорытындылау мақсатында жасалған кері байланыс та, өте ұтымды шықты. Соның бір дәлелі ретінде «стиль, сән, костюм туралы түсінік» тақырыбындағы сабағымда

оқушыларға берілген таратпалар арқылы балалар бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендерін білуге болады. Онда оқушылар әр стильдің түріне байланысты сурет карточканы өз тұсына қалташаға салады.Тақырыпқа қатысы бар түйінді сөздерді іледі. Міне, осылай оқушы бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды.,ал мен оқушының бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендігін анықтай аламын. Тағы бір сабақтарда пайдаланған әдістерімнің бірі « қорытындылаушы» әдісі .Бұл рөлді алған оқушы сабақта өтілген тапсырмалар мен ережелерге шолу жасап кері байланыс жасап қорытындылайды.

Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың түрлері көптеп саналады. Бірақ ,сол әдістерді әр сабағымда тиімді, ұтымды пайдалануға тырысамын .Оқушыны жалықтырмайтындай, әдісті өздігінен сұранып тұратындай жүйелі қолдану керектігін ескеремін. Кері байланыс жасау арқылы оқытудың нәтижелері жүйелі түрде жинаталып бағаланады.

Қорыта келгенде, «кері байланыс» әдісі оқушыны кез келген ортада ойын ашық та айшықты жеткізе алатын, өздігінен қорытынды шығарып, кез келген дүниенің маңызы мен ерекшелігін іздейтін тұлға ретінде қалыптастыратын бірден-бір әдістің түрі. Осы әдісті қолдану барысында көздеген мақсаттарымызға қол жеткізіп, болашақта зор жетістіктерге қол жеткізе беретінімізге сенімдімін













© 2010-2022