Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ сайысына

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бізде үлкен мүмкіндік Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ сайысына

Өмір деген -қилы-сырлы бір кезең,

Бұл өмірге сен де, мен де келіп ем.

Іңгәлаған сәби болып туылып,

Барлығы да қара жерге көмілген.

О, халайық, бізге үлкен мүмкіндік,

Мүмкіндікте жасаңыздар көп тірлік.

Жаман менен жақсыны айыра алмай,

Қалмаңыздар бұл өмірде өкініп.

Қазағымның жастары қандай еді?!

Қыздарының саусақтары балдай еді.

Жігіттері нағыз батыр, ер жүректер,

Ешқашан да артқы орында қалмап еді.

Қазіргінің жастары тайталасқан,

Шылым тартып бір-бірімен жарысқан.

Сужүректер ішімдікке салынып,

Өзін-өзі өлтіруден қалыспан.

Есірткімен, шылымменен не өмір?!

Жүрмейсің бе көтерісіп көп көңіл.

Өміріңмен өз-өзіңді құртқанша,

Сүрген артық достарыңмен сау өмір.

Жоламаңдар ешқашан харамдарға,

Керексің ғой барлық жақын жарандарға.

Күні-түні білім іздеп, еңбек қылып,

Түссеңдерші намаз оқып, адал жолға.

Ысқақ Аружан

Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта

мектептің 9-сынып оқушысы

Аққұм ауылы

Жалағаш ауданы

Қызылорда облысы

© 2010-2022