«Өнер алды – қызыл тіл »

Сабақтың тақырыбы: « Өнер алды – қызыл тіл »Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тіл туралы заңның қабылданғанынан мағлұмат беру және ана тілінің қоғамдағы алатын орны туралы айтып жеткізу. Қазіргі қоғамдағы тіліміздің дәрежесін көтеру;2. Дамытушылық: Оқушыларды тілдік норманы сақтай отырып дұрыс , анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізуге тәрбиелеу.3. Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін құрметтеуге шақыру және ана тілімізде ойлауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Тәрбие сағатыСабақтың өту әдісі: Сайыс...
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үшағаш негізгі орта мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі



« Өнер алды – қызыл тіл »

Тәрбие сағаты

7 сынып













Сынып жетекшісі: Дагисова А.Б



2014 - 2015 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: « Өнер алды - қызыл тіл »

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға тіл туралы заңның қабылданғанынан мағлұмат беру және ана тілінің қоғамдағы алатын орны туралы айтып жеткізу. Қазіргі қоғамдағы тіліміздің дәрежесін көтеру;

2. Дамытушылық: Оқушыларды тілдік норманы сақтай отырып дұрыс , анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізуге тәрбиелеу.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін құрметтеуге шақыру және ана тілімізде ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Сабақтың өту әдісі: Сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,плакат,буклет,нақыл сөздер, слайд

Сабақтың барысы:

Кіріспе:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар және оқушылар.

Армысыздар,ардақты халқым менің

Бөлісейік бұл күннің алтын кенін

Тілді сүйер қауымға басымды иіп,

Сәлемдесіп жүздесу салтым менің.

Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,

Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?

Жаңа күш,жаңа қуат тілеуменен

Өзіңе басымды ием, көрерменім

Қош келіпсіз, ақ жанарлы құрбылар,

Жүздерінен мейірім меннұр тамар.

Алдарында жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар,

Бар өнерді енді ортаға салайық.

Бұл кештен үлкен сабақ алайық

6дан қабыл алғай сәлемді

Мерекесі тіліміздің құтты болсын, Халайық!

Мектебімізде 12-22 қыркүйек аралығында «Тіл мәртебесі, ел мәртебесі» атты Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған тіл апталығы өтіп жатыр.

Оқушылар қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, ана тіліміз - қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Респу бликасының «Тіл туралы » заңы күшіне енді. Болашағымызды баянды етер қаруымыз - тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік. Бүгінгі «Өнер алды-қызыл тіл» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 20 - шы қаңтардағы жарлығына сәйкес «20 - қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді.Сайыстын кезеңдерімен таныстырып өтейін

1 - кезең Поэзия минуты(әр топ дайындап келген тіл туралы өлеңдерің жатқа айтады)

2 - кезең Бәйге( әр топқа 5 сұрақ қойылады)

3 - кезең Тіл өнері( мақал - мәтелдердердің жалғасын табу керек)

4 - кезең Полиглот(әр топқа жұмбақ жасырылады,жауабын 3 тілде, яғни қазақша,орысша және ағылшынша жауап беру керек)

5 - кезең Жорға( жеті жұмбақ)

6 - кезең Құпия хаттарға жауап беру

Білім сайысына 2 топ қатысады «Алғырлар» және «Жас қырандар»

Өнердің нәр берді шапағаты,

Әркімнің өнерге бар махаббаты.

Талпынып екі топ шықшы, кәне

Қонақтар қошеметпен қол соғады дей келе сайысымызға кезек берейік

1 - кезең Поэзия минуты(әр топ дайындап келген тіл туралы өлеңдерің жатқа айтады)

2 - кезең Бәйге( әр топқа 5 сұрақ қойылады)

«Алғырлар» тобына

1.ҚР тілдер мерекесі қашан?(22 қыркүйек)

2.ҚР Президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев)

3.ҚР Тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж)

4.Сиыр пірі( Зеңгібаба)

5.Жыл басы не? (тышқан)

«Жас қырандар» тобына

1.ҚР Ұлттық валютасы(теңге)

2.ҚР рәміздеріне нелер жатады?( елтаңба, ту,әнұран

3.ҚР Ата Заңы қашан қабылданды?(1995 жыл)

4.Түйе пірі(Ойсылқара)

5. 12 ай - ол (жыл)

3 - кезең Тіл өнері( мақал - мәтелдердердің жалғасын табу керек)

«Алғырлар» тобына

1.Тіл- адам ойының.... (айнасы)

2.Аңдамай сөйлеген...(ауырмай өледі)

3.Ойнап сөйлесең де ... (ойлап сөйле)

4.Айтылған сөз ... оқпен тең (атылған)

5.Халық мәңгі ...( тіл мәңгі)

«Жас қырандар» тобына

1.Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ)

2.Өнер алды - .... (қызыл тіл)

3.Сөз тапқанға... (қолқа жоқ)

4.Ел тірегі-.... (тіл)

5.Тіл жетпейтін .... (түкпір жоқ)

4 - кезең Полиглот(әр топқа жұмбақ жасырылады,жауабын 3 тілде, яғни қазақша,орысша және ағылшынша жауап беру керек)

«Алғырлар» тобына

  1. Қабат,қабат қаптама,

Ақылын болса, аттама ( кітап - книга - book)

  1. Мұрты бар,иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп - шығар сапары жоқ (мысық - кошка - cat)

  1. Ертеңменен тұрдым,

Екі аяққа жол түстім (шалбар - брюки -

  1. Бұл кірді жейді

Кір мұны жейді (Сабын - мыло -

  1. Көрдім деп айта алмайды

Көргенін қайталайды (Айна - зерколо -

«Жас қырандар» тобына

  1. Ақ сарайды талқандап,

Шықты біреу талтандап (балапан - цыпленок -

  1. Қылышпен шауып

Турай алмадым

Бір шайқап қалып

Жинай алмадым ( су - вода - water)

  1. Тепсең жаны кіреді

Айдағанға жүреді (доп - мяч - ball

  1. Тірідей жейтін балықты

Мұздақтан көрдім тон киген

Тұмсығы қара алыпты ( Аю - медведь - bear)

  1. Он екі белбеулі

Ән-күйі кернеулі ( домбыра - домбыра

5 - кезең Жорға( жеті жұмбақ)

«Алғырлартобына
Жеті жұтты ата: ( құрғақшылық,ашаршылық, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)

Жеті қазына: ( сұлу әйел, ер жігіт, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы, ақыл,білім)

Алты игілікті ата: ( денсаулық, қазына,дос, әйел, білім , бала)

«Жас қырандар» тобына

Жеті күн:

Жеті Әулиені ата( Мекке, Мәдина, Бұхар, Шам, Құддыс, Кәллам)

Алты асқарды ата:( ақыл,білім,жомарттық,әділдік,шыншылдық,кең пейіл)

6 - кезең Құпия хаттарға жауап беру

«Алғырлар» тобына

Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші,көзбе - көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?

«Жас қырандар» тобына

Құрметті достар!

Менің бір досым бар.Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде уй ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып мақтанады.Мен онысын ұнатпаймын,бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба?

Қорытынды

Мұғалім: Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!дей келе сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Мұғалім: Ата- бабамыздың асыл аманатын, үкілі үмітін ақтайық.Сонда ғана болашағымыз жарқын, тіліміздің мәртебесі биік болмақ! «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамыздың тарихын ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт.«Ана тілінт қадірлеу-әр азаматтың перзенттік парызы» демекші, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмытпай ұрпақтан ұрпаққа жеткізу-мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз... Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын. Тілімізді қастерлеп, биік тұғырынан түсірмейік, ағайын!

© 2010-2022