• Преподавателю
  • Другое
  • «Ұстаздарға мың тағзым» атты музыкалық кеш Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Би: Фанфар: 2 – жүргізуші ортаға шығады. І жү

«Ұстаздарға мың тағзым» атты музыкалық кеш Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Би: Фанфар: 2 – жүргізуші ортаға шығады. І жү

«Ұстаздарға мың тағзым»атты музыкалық кеш Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.Би: Фанфар: 2 – жүргізуші ортаға шығады. І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, Өздеріңнен бастау алар бар арман.ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы. Өмірді алға қарай өрлететін, С...
Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұстаздарға мың тағзым» атты музыкалық кеш
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Би:

Фанфар: 2 - жүргізуші ортаға шығады.

І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз!

Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі - Ұстаз.

ІІ жүргізуші:«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер

« ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізуші:Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші: Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде еңбегі зор.

І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған

«Ұстаздарға мың тағзым» атты мерекелік кешімізді ашу үшін сөз мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына беріледі.

Ән: _____________________________________________қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән - мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

І жүргізуші: Иә, ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі - бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

ІІ жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдосова Клара Ідірісқызына беріледі.

Ән: _____________________________________________қабыл алыңыздар.


І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! - деп келесі мерекелік құттықтау сөзді «Нұр Отан» партиясы «Нұрлыкент» бастауыш партия ұйымының төрағасы Манатов Чектібай Байдоллаұлына береміз.

Би: _____________________________________________қабыл алыңыздар.


ІІ жүргізуші: Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың - деп келесі мерекелік құттықтау сөзді директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Иманбаев Медет Жексенбекұлына береміз.

Ән: _____________________________________________қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Ұстаздық ету - уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау - деген екен ғұлама ағаларымыз.


ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, __________________
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепшілік «Жас Ұлан» ұйымының Ұлан басшысы Болысбай Әлиасқар мен көмекшісі __________________________________________береміз.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.

І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

Ән: _____________________________________________қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші: Ұстаз күні ұмытылмас ешқашан,
Қадірлі де құрметті ғой әрқашан.
Жүрсін адам ұстаздарын аялап,
Жүрсін адам ұстаздарын мадақтап.

Би: _____________________________________________қабыл алыңыздар.


І жүргізуші: Хан бол, мейлі қара бол,
Дарын бол, мейлің дара бол.
Өтетін бәрі алдыңнан,
Ұстаздар - бейне сара жол.
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тірегі.

ІІ жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !

І жүргізуші: Құрметті ұстаздар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаздарға мың тағзым» атты мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз.
ІІ жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!



© 2010-2022