Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы

Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы анықтама   Азиев Кудрят Нариманович                                 Кіріспе Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:







Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы анықтама



Азиев Кудрят Нариманович

































Кіріспе

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі ол өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді.

№5 Шонжы орта мектебікоммуналдық мекемесінде АКТ ны пайдалану туралы

Мақсаты:

«Мектебімізде сабақтарында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, өз бетінше ізденімпаздықпен жан - жақты білім жинақтау қабілеттерін дамыту, өз жұмыстарына өзіндік сыни көзбен баға беруге дағдыландыру. Ақпараттық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және жүйелеу; оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабилетін дамыту, өз білімін өмірде пайдалауыны білу; ақпараттық құралдар мен жұмыс істеу, логикалық ойлау, жан - жақты білім алу, есте сақтау қабилетін дамыту»

Күтілетін нәтиже:

  • Устаздар мен оқушылар жан-жақты білім алады;

  • Сабақтар түрленеді;

  • Оқыту процессі қызығарлық болады;

  • Оқыту процессінде көрнекіліктер өзгереді (бейнероликтар, фильмдер, таныстырылымдар, электронды тест, электронды карточкалар, интербелсенді тақтаның барлық мүмкіндігін пайдалану т.с.б.)

  • Оқушылар өз бетінше, жан-жақты білім алуға үйренеді;

  • Бәсекеге қабілетті ұстаз, бәсекеге қабілетті оқушылар саны көбійеді.

АКТны пайдалану теориялық және тәжірибелік білімдердің

біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор білім беру үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады.

Технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады.

Технологиялық білім мектепте АКТ-ні қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.

Мектептегі технологияларға мыналар жатады:

- Теледидар бағдарламалары;

- Сандық теледидар;

- Интернет

- Ұялы телефон, планшет, смартфон;

- Ұтқыр қондырғылар;

- Компьютер/ноутбук

- интербелсенді тақта т.б

Біз мектепте АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын, білімге деген ынтасын, ізденімпаздық қасиетін, құзыреттілігін артатына, жан-жақты ізденімпаздықпен өз бетінше білім алуына сендік.

Сол мақсатта біз тәжірибемізде интербелсенді тақта, электронды оқулық, ғаламтор, ұялы телефон жүйесін пайдаланып көрдік.

Ескі әдісті салыстырғанда оқушыларға шынымен де АКТ-ны пайдалану өте тиімді екен. Мысалы ретінде айтсам интербелсенді тақтаның барлық мүмкіндіктерін пайдалансақ, оқушының қызығушылығын артырады. Тақта арқылы картамен жұмыс кезінде Қорықтар тақырыбын өткен кезде «саяхат сабағы» әр аялдамаға белгілер қою, ол жердегі флора, фауна суреттерін алып қою, белгілеу т.с.с мүмкіндіктерін пайдалануға болады.

Интербелсенді тақта мүмкіндігін пайдаланып, ойын арқылы оқытуға болады. Өз тәжірибемде пазыл жинау, яғни картаны кесіп, алмастырып, қайтадан жинау.

Электронды оқулықпен жұмыстың жасаудың мүмкіндіктері көп. Электронды оқулықтарындағығы тапсырмаларды орындау, тест жұмыстары, картамен жұмыс, бейнефильмдерді көру арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуға ынтасын, қызығушылығын байқадым.

Мен «PINACLE», «VIDEOSTUDIO» бағдарламалары арқылы 8 сыныпта өтілген «Қорықтар» тақырыбына әр түрлі анимацияларды, эффектларды пайдаланып, бейнеролик жасадым. Бейнероликты микрофон арқылы қорықтар туралы мағлуматты дауыс ретінде енгіздім.

Ғаламтормен жұмыс - тақырыпқа байланысты материалдарды тауып, оларды топпен талқылау жүргізу оқушылардың жан-жақты өз бетінше сыни тұрғыдан ойлап, білім алуға, диалогтік қабілетін арттыруға дағдыландырады екен.

Мектебімізде ғаламтор тек қана бір компьютерде болғандықтан оқушылар ұялы телефон арқылы «Opera Mini», «Opera Mobile» Java бағдарламасы арқылы «Google» іздеу сайтынан «Википедиядан» мағлұматтарды алып, талдау жұмысы жүргізді.

Тұтастың бөлшектерін қалай бөлуге болады деген сияқты нақты тақырып бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен тұратын жеті түрлі wiki беттерін жасадым. Ақпарат дұрыс, дұрыс емес немесе жартылай аяқталмаған болуы мүмкін еді және де бұл оқушылар үшін бастапқы материал болатын.

Wiki беттерінде топ ішінде талқылауға түрткі болатын «бастапқы материалдың» белгілі бір мөлшері болды. Әртүрлі топ үшін түрлі мөлшердегі материалды таңдауыма барлық оқушылар үшін тапсырмалар спектрін қамтамасыз ету себеп болды. Ал бір топқа ең қиын тапсырма берілді, оларға ешқандай материал берілмей, тек таза парақ пен атауы берілді.

Оқушыларды wiki-ді пайдалануға тартуды қамтамасыз ету

Бұл оқушылар тобы үшін сабақта wiki-ді пайдалану жаңалық болды. Біз алдыңғы сабақта «Википедия» деген не екенін түсінуге бірнеше минут қана бөлдік, бірақ тақырып толық ашылған жоқ. Оқушыларды тарту және оларды әрекеттерге қатыстыру үшін, оларда біреудің жұмысын өзгертуге және оны өзінің түсінігімен ауыстыруға жеткілікті сенімділігі болуы тиіс.

Жұмыстың бұл түрін пайдалануға үйренген сынып, кейін бір-бірінің жұмысын емін-еркін түзете және жақсарта алу мүмкіндігіне ие болды. Менің ойымша бұл олардың wiki-ді дұрыс пайдалануын дамытуға көмектесті.

Осы уақытта менің байқағаным оқушылар бір - біріне көмектескенде сөйлеу мәдениетінің дамуына, серіктесінің оймен санасып, құнды екенін түсінді.

Сабақтың ұйымдастыру, қорыту кездерінде рефлективтік бейне роликтер көру арқылы, сабақтың тақырыбын анықтау, пысықтау, электронды тест, элкетронды карточкалар арқылы қорытынды шығару, өте қолайлы және тиімді болды.

АКТ-ны енгізу кезінде менің тәсілдеріме көптеген өзгерістер пайда болғанын байқадым:

Кеше

Бүгін

  • Кітапта қанша бар болса, сонша және мүғалім қанша айтса, сонша білу

  • Мұғалім оқушыға білім береді

  • Оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы шектеулі

  • Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады және мұғалімге ғана оқуға болады

  • Нені білуді және нені еске сақтауды шешу

  • Мұғалім оқушыларды ақпаратты бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі

  • Оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі

  • Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және тексеру кезінде пікір алмасады

Сабақтарда ақпараттық комуникативтік технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, өз бетінше жан-жақты білім алуға бағыт-бағдар беруді мақсат қойдық. Ол үшін ұстаз өзі жан-жақты біліміні жетілдіруі керек.

Мектепте АКТны пайдалану арқасында, мектеп мұғалімдерінің сабақ жоспарлары республикалық gylym-bilim.kz/?s=%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D0%B5%D0%B2+%D0%BA%D1%83%D0%B4%D1%80%D1%8F%D1%82 сайтында жарияланып, сертификаттар алынып жатыр, cdo.kz/ru/default/profile сайтында республикалық интеллектуалдық олимпиадаларға мұғалімдер, оқушылар, мектеп командасы қатысып сертификаттар мен дипломдар алынып жатыр. География пәні мұғалімі К.Н.Азиев gylym-bilim.kz ұстаздарға арналған ғылым-білім интернет ресурсымен 05.12.2014-20.12.2014ж аралығында ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық оқытушылар конкурсына қатысып 1-орынға ие болды, gylym-bilim.kz ұстаздарға арналған ғылым-білім интернет ресурсымен бірлікте белсенді жұмыс атқарғаны үшін Кудрят Азиев АЛҒЫС ХАТпен марапатталды

Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы

Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы



Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы

Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы

Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы

Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы

Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы



Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы

Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы

Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралыМектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы

© 2010-2022