Дарынды оқушылармен жұмыс Дарындар

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дарынды бала тәрбиесі қоғамдағыДарынды оқушылармен жұмыс Дарындар

үлкен жауапкершілік

Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы-

ШҚО,Семей қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық

дарынды балаларға арналған мамандандырылған

қазақ-түрік лицейі», педагог-психолог

Тәуелсіз еліміздің өсіп өркендеуі, экономикасының дамуы, әл-ауқатының артуы ел Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай осы мемлекеттің іргетасын құрайтын жастардың білімділігі, мәдениетінің жоғарылығы, саяси саналылығы, өмірдің күрделі белестеріне сүрінбей аяқ басуы.

Жас ұрпақтың алдына қойылатын мақсат пен мүдде ұлттың және жалпы азаматтық құндылықтарды бойына сіңіре білген рухани бай, салауатты өмір салтын ұстанатын әрі өз Отанының нағыз ұлтжанды азаматын тәрбиелеу - өзекті мәселе.

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп ұлы Абай атамыз айтқандай жеке адамның дамуы мен тәрбиесінде педагогтар мен психологтардың және олардың берер тәрбиесінің білікті, көреген, өнегелі болуы шарт.

Ахмет Байтұрсынұлы «Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл- сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын іздеуі керек, баланың ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық болуы керек» дейді.

А. Байтұрсынұлының бұл пікірі дәл бүгінгі, ертеңгі күннің талап-мақсатымен үндес, өмір бойы өшпейтін, ескірмейтін өсиет. Тәрбие - тұлғаны қоғамдық мәдени және өндірістік өмірге белсене қатысуды мақсат ететін дайындық үдерісі. Заман талабына сай баланың жеке басын қалыптастыру, оның көкірек көзін оятып, ата-анадан қалған және осы кезеңдегі халқымыздың асыл мұрасын баланың жас кезеңінен ойына ұялатып, бойына сіңіру, адамгершілік, ізеттік, эстетикалық сезім әрекеттерін қалыптастыруды талап етеді. Ол үшін ең алдымен тәрбиеші педагог өзі жан-жақты білуі, шығармашылықпен еңбектенетін, ізденімпаз, озық тәжірибені бойына түйіндеген, көреген сезімтал, балаға жүрек жылуын төге білетін, оның ішкі дүниесін, жай сезімін көре білетін осы замандағы қоғамдық талап деңгейінде болуға тиісті.

Қоғамдағы білім беру саласындағы ізгілендіру мен демократияландыру процестері мектептегі тәрбие мазмұнын жаңартуды және сынып жетекшілеріне қойылатын талап деңгейін өзгертуді қажет етеді. Тәрбие ісінде қордаланған, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге бағытталған «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы» дер кезінде қабылданған құжат деп білемін. Қоғам өзгерген сайын тәрбие мазмұны да өзгеріп, оны ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері, әдістері сан алуан болып отыр.

Тәжірибе тұжырымдамасындағы аса қажетті тұсы 12 бағыты нақтыланған жаңа мазмұнда енгізілген бағыттары «Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру», «Әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру», «Комуникативті мәдениетті қалыптастыру», «Интеллектуалды мәдениетті дамыту». Осы негізгі енгізілген бағыттар бойынша тәрбие үрдісін ұйымдастырудың таңдаулы тәжірибелерін зерделеу, зерттеу, анықтау және кең тарату сынды жұмыстарды жетілдіру арқылы дарынды ұрпақты тәрбиелеудің мәні артады.

Біздің осы оқу-тәрбие үдерісінде жоспарлау арқылы жұмыс жасау дарынды жеткіншектерге арналған білім беру мекемелері ауқымды тәрбие беруде өз жетістіктері мен жемістерін беріп келеді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты халыққа жолдауы бүкіл халықтың жарқын болашаққа жетелеп, нұрлы күндерге бастағандай. Бұл басымдықтарын айқындаған Қазақстан халқына Жолдауында осы ғасырдың экономикалық және әлеуметтік дамуының жетекші факторы «адамдардың өздері, олардың еркі, күш-қайраты, табандылығы мен білімі» десе, қоғам дамуының негізгі қағидаты, бірінші кезекте, білім деңгейімен айқындалатын ұлттың бәсекеге қабілеттілігі болады деп атап өткен болатын.

«Келешек - бүгіннен басталатынын» ескерсек, онда білім беру саласындағы заман талабына сай қажетті амал-тәсілдерді, методиканы жетік меңгергеніміз жөн. ХХІғасыр оқушысының еншісіне аз үлес тиіп тұрған жоқ. Бүгінде қоғамнан ойып тұрып орын алу үшін де бірнеше тілді меңгерген, коммуникативті қасиеті дамыған, үнемі өзін-өзі дамытумен айналысатын, техниканың құлағында ойнайтын, ойлау қабілеті ұшқыр азамат болуымен қатар ұлттық құндылықты түсінітін, оны дамытатын жан болуы керек. Ал ондай тәрбиені кім береді? Әрине, біз береміз. Сондықтан біз де, бәсекеге лайықты болуымыз керек.

Қорытындылай келе, дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің, бәрінің кілті - мыңды жығатын білімде бола отырып, оны дамытуды педагогтардың дұрыс үйлестіре білуі басты мәселелердің бірі ретінде алға шығады.

Біз сенімдіміз, мектебіміз тәрбиелеп отырған дарынды да талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.



© 2010-2022