Конспект Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау

Сабақтың мақсаты: етістіктің райлары бойынша өткенді қайталап, есте сақтау.

Сабақтың міндеті:

1.Етістік райлары бойынша алған білімдерін жинақтап, тиянақтайды, топта жұмыс жасай біледі.

2.Етістікті талдау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады.

3.Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, патриоттық тәрбие алады.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, салыстыру, топтастыру, жұптық жұмыс

Көрнекілік: интер.тақта , слайдтар ,видео клип .

Сабақтың түрі: интеллектуалды-ойын сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі - 3мин

Оқушылармен амандасу;

Тізім бойынша түгендеу;

Сабақ мақсатымен таныстыру;

Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа атау беру(Атамекен, Отан, Астана)

Үй тапсырмасын тексеру (Сәттілік дөңгелегі) - 7мин

1.Шартты райдың жұрнақтары?

2.Айттым етістігі қандай шақты білдіреді?

3. Етістіктің райлары дегеніміз не?

4. Бір жаққа (көбіне екінші жаққа) қаратылып, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін рай түрі қандай?

5.Сұраймын деген етістік қандай райды білдіреді?

6.Бұйрық райлы етістік бірінші жақта қалай жіктеледі?

7.Шартты райлы етістігі бар мақал.

8.Қалау райдың жасалу жолдары?

9.Шартты рай қалай жіктеледі?

10.Бұйрық райлы етістікке мақал.

11.Келер шақтың түрлері?

12. "Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады" мақалдағы етістік райы?

13. Нақ осы шақ қалай жасалады?

14. "Ата-анаңа ауыр сөз айтпа" етістік қандай райды білдіреді?

2-кезең Топтастыру стратегиясы

Тапсырмасы: рай бойынша білетіндерін ватманға жазып , түсінік беру.

Топтық жұмыс - 7мин

Ашық рай

Бұйрық рай

Рай

Шартты рай

Қалау рай


3-кезең Жұптық жұмыс

Видео «Көк тудың желбірегені» авторы: Ибрагим Ескендіров.

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков

Тапсырма: Өлеңнің мәтіні жазылған парақтар таратып ,мәтіннен бірінші топ 1-шумақ, екінші топ 2-шумақ, үшінші топ 3-шумақты дәптерлеріне жазып , морфологиялық талдау жасайды. Әркім қасында отырған оқушының жұмысын тексереді, бір-бірінің жұмысына баға береді. Кейін тақтада жазылған дұрыс жауабымен салыстырады.

- 10мин

4-кезең

Проблемалық сұрақ: «Патриот деген кім?»

Тапсырма: Етістік райларын қолданып, шағын эссе немесе өлең жазу. Топтық жұмыс - 8мин

5-кезең

Болжау бәйтерегі: «Егер райлар болмаса?»

Тапсырмасы: Өмірде райлардың қажеттілігін түсініп, оқушылар тақтаға шығып өз ойларын жазады. - 5мин

Қорытынды - 3мин

Үйге тапсырма: 164-жаттығу, 106-бет сынақ тапсырмалары

Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан балалардың жұмысын, білімін бағалау.

Рефлексия. Өткізілген сабақ бойынша оқушылардың ойы. Түрлі-түсті қағаздар таратылады. Өз ойларын, ұсыныстарын жазып, қағаздарын тақтаға іледі. 2мин


© 2010-2022