Ұлттық ойындар

Қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, оқушылардың тілдік қорын кеңейтіп, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды, сөздерді, дұрыс айта білу, сауатты жазуға үйрету.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, есте сақтау қасиеттерін дамыту. Жазба жұмыстары арқылы оқушылардың тыңдау, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлттық ойындар.





Сабақтың мақсаты:

1 Қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, оқушылардың тілдік қорын кеңейтіп, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды, сөздерді, дұрыс айта білу, сауатты жазуға үйрету.

2 Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, есте сақтау қасиеттерін дамыту. Жазба жұмыстары арқылы оқушылардың тыңдау,

сөйлеу дағдыларын дамыту.

3 Халық дәстүрін сыйлау, оларға қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тірек-сызбалар, флипчаттар, асықтар, слайдтар, маркерлер, стикерлер, бейнеклип

Пәнаралық байланыс:

Тарих,әдебиет,дене шынықтыру

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тіл дамыту

- Біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Біз Қазақстанда тұрамыз.

- Қазақстан қандай ел?

- Егеменді, тәуелсіз ел.

- Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?

- Мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

3 «Сандықтың ішінде не?» ойыны.

Оқушылар сандықтан заттарды алады. Бұл не?

- Бұл асық.

- Асық неге керек?

- Ойнауға.

- Қазақтың ұлттық ойындары немен байланысты болды?

- Төрт түлік малмен.

- Олар ойынға мал сүйегін пайдаланды (асық, тобық)

- Дұрыс. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ұлттык ойындар.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

4 Фонетикалық жұмыс.

- Талапай-ау, талапай,

Табылды ойын, алақай!

Бүк асықпен - бүкті,

Шік асықпен - шікті

Тәйкеменен - тәйкені

Алшыменен - алшыны

Бір - біріне атамыз!

Қызығына батамыз!

Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтамыз. Алақай - қ, бүк - ү, тәйке - ә, бүкті - і, қызығы - ғ

Осы дыбыстармен сөздер құраңдар

қ ү ә і ғ

қызыл күн әже ілгіш ғалым

Қазақстан үй әріп кілем аға

қазақ үшінші дәрігер іні Ғалия

5 Жаңа сабақ

Сынып үш топқа бөлінген. Кім қандай жыл мезгілін ұнатады?

1 топ Көктем

2 топ Жаз

3 топ Қыс

6 Мәтіндермен жұмыс.

1 топ «Қыз қуу» «Инсерт» стратегиясы

Мәтіндермен жұмыс жүргізгенде қазақтың күйлері орындалып тұрады.

Сөздік жұмыс

Қыз қуу- догони девушку

Қызық - интересная

Жігіт - парень

Қуады - догоняет

Жету керек - должен догнать

Сүйеді - целует

Қамшымен соғады - бьет плетью

Белгілі қашықтық - определенное расстояние

Мұғалім мәтінді оқиды.

Қыз қуу

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы-қыз қуу.Қыз бен жігіт атқа мініп, бірін-бірі қуады.Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір

қашықтыққа шабады.Жігіт қызға жету керек.Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді.Ал егер жігіт қызға жетпесе,қыз жігітті қамшымен соғады.

Мәтін бойынша « Миға шабуыл» стратегиясы

Оқушылар мәтінді оқып шығады

1.Қыз қуу қаңдай ойын ?

2.Қызбен жігіт қандай қашықтыққа шабады?

3.Қызды қуып жеткенде жігіт не істейді?

4.Жігіт қуып жетпесе қыз не істейді ? Әр оқушы дауыстап толық жауап беруі тиіс.

Жүргізуші жеңімпазды анықтайды. Білгірлерді анықтаңыздар. Баршаңызға рахмет!

7 Тірек сызба жасату

Ұлттық ойындарҰлттық ойындарЖету керек Ат

Ұлттық ойындарҰлттық ойындарҰлттық ойындарҰлттық ойындарҚыз бен жігіт Қыз қуу Сүйеді

Ұлттық ойындарБелгілі қашықтық Қамшымен соғады

8 «Мәтін бөліктері»топтық ойын

2 Топ«ханталапай» мәтіні бойынша

Сөздікпен жұмыс

Боялуы керек- нужно покрасить

Кезек- очередь

Ұпай- очко

Қос уыс- пригорошня

Ортаға үйіру- сбросить в середину

Шашылған- разбросанные

Тимей калса- если не попадет

Алшы түскенде- в положении «алшы»

Мұғалім асықтың «әлше» «бүк» «шік» «тәуке» түскенін түсіндіреді

а Оқушылар мәтінді мұқият оқып шығады

ә Әр топ өз бетімен мәтінді аударады (7 минут)

б Мұғалімнің үстелінде 3 парақ жатады.

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Соңғы бөлім

Оқушылар аударып, болғаннан кейін, әр топтан бір оқушы мұғалімнің үстелінен бір парақ алады да, орнына отырып, әрі қарай дайындалады.

Содан кейін мәтін бөлектерін аударады «Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін сөз алады (Қателерін түзетеді, толықтырады).

5 Ойыннан соң мұғалім дұрыс аударған топты бағалайды.

7 «Ханталапай» ойынын көрсету, асықтармен ойнау

3 топ «Көкпар»мәтіні

9 Көкпар

Көкпарға жігіттер қатысады.Көкпаршылар сызыққа тұрады.

Лақты 50-60 адым жерге тастайды. Белгі бергенде олар шаба

ж.өнеледі. Ең алғыры іліп алып қашады. Басқалары оны қуып,

лақты тартып алуы керек. Көкпарды көмбеге бірінші әкелген

адам өзіне лақты алады.

«Миға шабуыл» стратегиясы

Сұрақтар:

Көкпарға кімдер қатысады ?

Көкпаршылар неге тұрады?

Лақты неше адым жерге тастайды?

Ең алғыры не істейді?

Көкпарды бірінші әкелген адам не істейді?

10. Венн диаграммасын толтыру

Тоғызқұмалақ Шахмат Қыз қуу Көкпар Асық ойыны Ақсүйек

Ұлттық ойындарҰлттық ойындарҰлттық ойындар


11. Зерттеушілік әңгіме

Ұлттық ойындар нені тәрбиелейді? Мысал келтіріп, әңгімеле.

12. Кластер жасау

төзімділікті мықтылықты

Ұлттық ойындарҰлттық ойындаржылдамдықты Ұлттық ойындар сергектікті

Ұлттық ойындарҰлттық ойындарҰлттық ойындарҰлттық ойындар

мергендікті денсаулықты

Үй жұмысы: жаңа сөздерді жаттау, «Ұлттық ойындар» презентация, бейнеклип жасау.








1-сурет.

Ұлттық ойындар

2-сурет.

Ұлттық ойындар

3-сурет.

Ұлттық ойындар

4-сурет. Бисермен жұмыс.

Ұлттық ойындар

5-сурет.

Ұлттық ойындар

© 2010-2022