Текст на тему Егер де мен әкім болсам

Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Опорный орта мектебі

5 «ә» сынып оқушысы

Болатқызы Сая

Егер де мен әкім болсам.....

Адам баласының армандары көп болады. "Армансыз адам-қанатсыз құспен тең" деген мақал бар емес пе. Сол сияқты менің де балалық арманым бар. Ол "әкім" болу. Егер де мен әкім болсам, ең бірінші ауылымды көркейту қамына кірісер едім. Айналаның бәрін көгалдандырып, көп қабатты аурухана салдыртар едім. Себебі, біздің ауруханада мамандар аз, дәрі-дәрмекте жетіспейді ме, әйтеуір қалаға кетіп жатамыз. Мектептің ішін көркейтіп, спорт, шеберхана, бейнелеу өнері, музыкаға қажетті құрал жабдықтарды алдыртамын. Кішкене іні-сіңлілерім, басқа да балалар көңіл көтеріп ойнайтын "балалар әлемін" салдыртамын. Ең бастысы газ, судың жағдайын қалыпқа келтірер едім. Өйткені әке-шешеміз кейде, әсіресе, қыстың күні ақшаларын төлеуге қиналып кетеді. Осындай көптеген халықтың жағдайларын жақсарту мақсатында еңбек етер едім. Негізі "әкім" болу қиын шаруа. Бірақ қиындықты жеңіп, бар күшіміз бен жұмыс жасасақ, үлкен жетістіктерге жетер едік деп ойлаймын.

© 2010-2022