Сабақ жоспары Менің мекен-жайым 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің мекен- жайымСынып: 7 сыныпМақсат- міндеттері: 1. Білімділік Оқушының білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрдебілімалуға баулу. Тұйық етістіктің септелуін түсіндіру;2. Дамытушылық Тіл мәдениетін дамыту, көркем cөйлеуге баулу. Грамматикалық тақырып арқылы сауатты жазуға үйрету. Тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту; 3. Тәрбиелік Оқушының өз қаласына деген сезімін оятып, сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақОқыту технологиясы: Білім бе...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Менің мекен- жайым 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Менің мекен- жайым

Сынып: 7 сынып

Мақсат- міндеттері:

  1. Білімділік

Оқушының білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу. Тұйық етістіктің септелуін түсіндіру;

  1. Дамытушылық

Тіл мәдениетін дамыту, көркем cөйлеуге баулу. Грамматикалық тақырып арқылы сауатты жазуға үйрету. Тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту;

  1. Тәрбиелік

Оқушының өз қаласына деген сезімін оятып, сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту технологиясы: Білім беруді ізгілендіру технологиясы бойынша сабақтың тиімділігі негізінде дамыта оқыту

Әдіс- тәсілдері: Топпен оқыту тәсілі. Эвристикалық (сұрақ- жауап). Мұғалім- топ, оқушы-оқушы, оқушы-топ режимі

Пәнаралық қатынас: шет тілдері

Көрнекілік: интербелсенді тақта, оқулық, сызбалар, суреттер

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Сабақтың мақсатын ашу. Ойтүрткі

Көгінде күн нұрын теккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем.

  • Балалар, бұл кімнің өлеңі?

  • Ө.Тұрманжановтікі

  • Өлең қалай аталады?

  • «Туған өлкем» деп аталады.

  • Біздің туған өлкеміз қалай аталады?

  • Павлодар өңірі деп аталады. 1 слайд Павлодар қаласының суреті

  • ........, сен қаламыздың қай көшесінде тұрасың?

  • ......., сен қандай үйде тұрасың?

  • Балалар, сабақтың тақырыбы қалай аталады деп ойлайсыңдар?

  • Мақсаты не?

в) Өткен сабақты еске түсіріп, үй жұмысын тексеру. 2 слайдқа жазады

(Оқущылар алдын-ала екі топқа бөлінеді)

М: Балалар, екі топтан бір-бір бала шығып тақырыпқа байланысты етістіктер жазсын!

Етістіктер: өмірге келу, туу, тәрбиелеу, өсу, жақсы көру, оқу, білу, еңбектену, достасу т.б.

1 бала құрамына қарай дара, күрделіге , 1 бала жасалу жолына қарай негізгі, туындыға бөледі

М: Енді сұрақ- жауаптарымызды тексерейік

3 слайд әр елдің суреттері

Бірінші топтан шетелдік қонақтар (қалаулары бойынша) шығып, өздерін таныстырады. Екінші топтан газет, журнал редакциясынан келген журналистер сұрақ қояды.

Қонақтардың келген жерлері:

Англия

Татарстан

Франция

Әзербайжан

Украина

2. Жаңа тақырып слайд Павлодар қаласы

Екі топқа бір мәтін екі бөлініп беріледі.

1 топ

Павлодар облысы 1938 жылы құрылған. Ол Қазақстанның солтүстік-шығысында, Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Павлодар, Екібастұз, Ақсу деген қалалары бар. Халқы көп ұлтты. Павлодар облысы- Қазақстан Республикасының ауыр индустрия және энергетика орталықтарының бірі. Облыста алюминий, трактор, химия, мұнай, ферроқорытпа, кеме, автомобиль жөндеу зауыттары, көмір разрез- дері, жылу электр станциялары жұмыс істейді.

Кейінгі жылдары облыстық диагностика орталығы, қаланың Мәшһүр Жүсіп атындағы Орталық мешіті, Благовещенск кафедралық соборы, әсем де ғажайып Жағажай, қалалық ипподром, хоккей корты бар «Астана»спорттық-сауықтыру кешені салынды.

Тапсырмалар

а) оқу, аудару

ә) бөлімге ат қою

б) етістіктерді табу, тұйық етістікке келтіру

в) қарсы топқа сұрақтар даярлау

2 топ

Қазіргі уақытта қала құрылысшылары Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын ойдағыдай іске асыруда, көптеген павлодарлықтар жаңа пәтер иелеріне айналды.

Қалада өнеркәсіп өте жақсы дамып келеді. Электролиз зауыты салынып жатыр, «Кастинг» ЖШС-нде болат құятын және құбыр шығаратын өндіріс игерілуде, талшық-оптикалық кабель шығаратын республикада бірден-бір орталығы болып табылатын «Казэнергокабель» акционерлік қоғамы да жұмыс атқаруда. Қалада шағын және орта бизнес дамып, жаңа жұмыс орындары ашылды.

Павлодарлықтардың келешектегі дамуының кепілі, бас байлығы, әрине, оның тұрғындары, туған қаласын әсем де қазіргі заманғы қалалар қатарында көру үшін аяңбай еңбек етуде.

Тапсырмалар

а) оқу, аудару

ә) бөлімге ат қою

б) етістіктерді табу, тұйық етістікке келтіру

в) қарсы топқа сұрақтар даярлау

Сөздік

спорттық-сауықтыру кешені- спортивно-оздоровительный комплекс

ойдағыдай іске асыруда- успешно претворяют в жизнь

тұрғын үй бағдарламасын- жилищняя программа

болат құятын өндіріс- сталелитное производство

құбыр шығаратын өндіріс- трубопрокатное производство

талшық-оптикалық кабель- волоконно-оптическое кабели

Тексеру

3.Грамматика 5 слайд Сызба «Тұйық етістіктің септелуі»

Септіктерді еске түсіру

Тұйық етістіктің септелуі

Тұйық етістіктің септелуі

Септіктер

сұрақтары

мысалдар

Атау

не істеу?

Ілік

не істеудің?

Барыс

не істеуге?

Табыс

не істеуді?

Жатыс

не істеуде?

шығыс

не істеуден?

көмектес

не істеумен?

Жаттықтыру

Екі топтан бір баладан мәтіндегі 2 етістікті кезекпен септейді

5. Ойын «Кім көп мақал біледі?» Отан, туған жер туралы мақал- мәтелдер

6. Рефлексия

Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз?____________________________________

Нені үйренгіңіз келеді?__________________________________________

Жаңадан бір нәрсе ала алдыңыз ба? ________________________________

Сабақ көңіліңізден шықты ма?_____________________________________

Шықса несімен?________________________________________________

Шықпаса несімен? ______________________________________________

Қызықты да,тартымды не ұсынар едіңіз?____________________________

Бағалау парағын толтыру . Әр топқа жеке-жеке беріледі.

Оқушының аты-жөні

өзінің бағалауы


өз тобының

бағалауы

өзге топтың

бағалауы

Мұғалімнің

бағалауы









































Үй жұмысы 1.Тұйық етістіктің септелуі 2. «Өз қаламды мақтан етемін, өйткені ...» деген ойды жалғастырыңдар.

Қоштасу




© 2010-2022