Разработка урока А. Байтұрсынов Аққу, шортан һәм шаян

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары /6-сынып/

Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлы. «Аққу, шортан һәм шаян» мысалы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен таныса отырып, «Аққу, шортан һәм шаян» мысалының идеялық мазмұнын ашу білуіне ықпал ету.

Сабақтың міндеттері:оқушы мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады; мысалдың мазмұнын өмірмен байланыстырады, ойларын еркін,нақты жеткізе білуге талпынады; пікірін дәлелдей білуге үйренеді; лексикалық сөздік қоры толығады; топпен,жеке және жұппен жұмыс істеу дағдысы артады,бірлікке, достық қарым-қатынасқа талпынады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары (топтастыру,INSERT,екі түрлі түсініктеме күнделігі), «Өкілдер» әдісі,сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу.

Көрнекілігі: ақынның портреті, мысалдың иллюстрациясы,маркерлер,ақ қағаздар.

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық дайындық.

Оқушылар өз есімінің бастапқы не соңғы әрпінен басталатын сөзбен өзін сипаттайды(Менің атым- Зарина. Мен адалдықты жақсы көремін ./1 минут/

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша тест сұрақтарына жауап беру./3 минут/

3.Жаңа сабақ.

I.Қызығушылықты ояту.

1.Ой қозғау.Топ мүшелері аққу, шортан, шаянның суреттері арқылы оларды сипаттайды( 1-топ аққуды, 2-топ шортанды, 3-топ шаянды). Топтастыру әдісі арқылы оқушы қағазға жазады, көршісімен ой бөліседі. Әр топтың көшбасшысы орындалған тапсырманың нәтижесін жинақтап,постер қорғайды. /7 минут/

2.Мұғалімнің сөзі: -Балалар, сендер орыс әдебиетінен өздерің сипаттаған аққу, шортан, шаян туралы қандай шығарманы білесіңдер?Ол шығарма авторы кім?Ал қазақ халқының көрнекті ақыны , тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы бұл мысалды қазақ тіліне аударған . Қазір біз ақын шығармалары туралы оқып, «Аққу ,шортан һәм шаян» мысалына тоқталамыз.

II.Мағынаны тану.

1.Топпен жұмыс. Мәтін бірнеше бөліктерге бөлінеді. А.Әр топ А.Байтұрсынұлы туралы мәтіндегі өзіне тиесілі бөлікті оқиды.Таныс емес сөздерді сөздіктен қарап,аудармасын жазады/тіл білімі, қайраткер, мысалшы, тұтқынға алыну,жүк, һәм, аққу, шортан, шаян, тартады, бірлік, ынтымақсыз/.

Ә. Әр топ мәтін бойынша 5-6 сұрақтан дайындайды. Топ ішінде бір-біріне сұрақтарды қояды. Жауаптарын тыңдайды, талқылайды. Содан кейін топ оқушылары басқа топтармен араласады.Өз тобында оқыған бөлігінің мазмұны туралы әңгімелейді./ «Өкілдер» әдісі/- 15 минут

Б. INSERT стратегиясы бойынша өз ойын қорытындылайды./ 5 минут/

V білемін

+жаңалық

-түсініксіз ақпарат

? мені таңғалдырады

А.Байтұрсынұлы -ақын

Ғылыми еңбектер жазған

«Ұлтшыл» деп атаған

Күй шығарған

В.Әдебиет теориясынан мысалдың ережесімен танысады. «Аққу ,шортан һәм шаян» мысалын түпнұсқада және А.Байтұрсынұлының аудармасын мәнерлеп оқиды. Мысал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап дайындайды/ әр топ 2 сұраққа жауап береді/.5 минут/

-Аққу, шортан және шаян қандай істі қолға алды?

-Жүкті олар қалай тартты?

-Неге жүк орнынан қозғалмады?

-Мысалдан қандай ғибрат аламыз?

-Мысал қандай болуға үйретеді?

-Мысалдың түйіні қандай жолдарда берілген? Топтар жауаптарын талқылайды.

III.Ой толғаныс сатысы.

1.Оқулық бойынша блиц-турнир сұрақтарына жауап беру./1 минут/

2.Екі түрлі түсініктеме күнделігі.Оқушылар дәптер бетін вертикаль сызықпен бөледі, күнделікті толтырады.

Мәтіндегі қатты әсер еткен үзінділер

Сол үзінді туралы менің пікірім

Тапсырма орындалып болған соң, жұпта, топта талқыланады./5минут/

4 Рефлексия.

1.Сендердің ойларыңда не сақталып қалды?2.А.Байтұрсынұлы туралы қандай жаңа мәлімет алдыңдар?3.Мысалдың кейіпкерлерінің әрекетін қалай бағалайсыңдар? 4 Не қиындық тудырды? /1-2 минут/

5.Бағалау

6.Үйге тапсырма: мысалды мәнерлеп оқу, мазмұны бойынша өз ойын білдіру,А.Байтұрсынұлы туралы қысқаша әңгімелеу.

3


© 2010-2022