Тәлім алушылар онкүндігін қорытындылау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Мектеп директоры _________А.К.Катранова

«____» ___________2016ж




Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 орта мектебінде 15-25 ақпан аралығындағы өтілген

"Ең үздік тәлім алушы" онкүндігін

корытындылауға арналған

іс-шара жоспары


Орындағандар: Б.Ә.Сакенова

А.К.Куджанова

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар! Бүгінгі "Ең үздік тәлім алушы" онкүндігінің қорытындылау мерекесіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші . Мұхтар Әуезов «Халықты халықпен теңестіретін-білім» деп, атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсіп-өнуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім- ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады. Ал сол білімді шәкірт санасына себуші ол - ұстаз.

1-жүргізуші: Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» дегендей, жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

2-жүргізуші: 15-25 ақпан аралығында деңгейлеп оқыту бағдарламасын меңгеру мақсатында "Тәлім алушылар" онкүндігі өтті. Осы онкүндікте мектебімізде 20 жуық ұстаздар жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданып сабақтар өткізді. Осы ұстаздарға алғысымызды білдіре отырып, сол күндерді есімізге түсіріп өтейік.

"Бауырсақ" ертегісі

1-жүргізуші: Оқытудың жаңа технологияларын толық меңгергеруге тырысқан, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білуге тырысқан тәлім алушыларымызды ортаға шақырамыз.

Тәлім алушы

Тәлімгері

1.

Шәймерден Е

Сакенова Б.

2

Құрманғалиева А

Қожанова А.

3

Қарасаева Бижамал

Манапова Ұлан

4

Букаускайте Н. Н

Раджабова С. В

5

Шарипова Динагүл

Керимханова Г.

6

Исмайлова Лейла

Жапарова Қ

7

Қарымсақова Гүлнар

Әбдіқожаева

8

Ботабеков Т

Асылова М

9

Медалимова Г.

Амирова Г.

10

Жданова Ғ

Шыныкулова С.

11

Умирова А.

Қожанова А.

12

Тойшыманова Г.

Абдукаримова К.

13

Зодиева Н.

Лямина Л.М.

14

Нурхамит А.

Егембердиева Ф.

15

Тоқабек А.

Тураманова М.

16

Отызбаева Ж.

Сакенова Б.

17

Муналбаева Б.

Керимханова Г

18

Сатенова Н

Қауынбаева Г

2-жүргізуші: Құрметті тәлім алушылар, осы сыйлықтар арқылы топқа бөлінеміз.

1-жүргізуші: Құрметті тәлім алушылар. "Ең үздік тәлім алушы" онкүндігінде ой өрісі жоғары дамыған, зерделі , ізденімпаз, жаңашылдыққа жаны құмар, оқытудың жаңа технологияларын тәлімгерден үйрене отырып, сабақта қолдандыңыздар. Олай болса бүгін енді сіздер өмірде кездесетін педагогикалық ситуацияны шешіп, рөлдік ойындармен көрсетулеріңізді сұраймын.

(Конверттерді таңдап алады)

1.

2.

3.

2- жүргізуші: Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс - тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген.

1- жүргізуші: Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек. Сонау ХХ ғасырдың басында Ж. Аймауытов: «Сабақ беру - жай үйреншікті нәрсе емес, ол - жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деп айтқанындай, "Ең үздік тәлім алушы" онкүндігінде үйренген әдіс-тәсілдеріңізді жарнамалауды сұраймыз. Ендеше, кезекті "Жаңа технологияны жарнамалау" кезеңіне береміз.

2- жүргізуші: Қазіргі жаһандану заманындағы оқытудың мақсаты - ана тілін құрметтеу, еліміздің тарихын жетік білу, әдет - ғұрпымыздың, салт - дәстүріміздің сан қырлылығын игеру. Шешендік өнердің алуан түрлі сипаттары арқылы оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру мақсатында еңбек етеміз.

1- жүргізуші: Олай болса келесі тапсырмамыз "Ән шырқайық ! "(Әр топ конверттегі әндерден таңдайды. Караоки арқылы ән шырқалады.)

2- жүргізуші: Құрметті әріптестер. бүгінгі сіздермен өткізген коучинг жайында "Ыстық микрофон " арқылы өз лебіздеріңізді білдерсеңіздер.

1- жүргізуші: «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң - қарсы алдыңда, айналсаң - артыңда тұрғандай,» - деп Сократ айтқандай, болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай, білім мазмұнына жаңаша қарау - басты міндеттердің бірі.

2- жүргізуші: Заман талабына сай бүгінгі мұғалім - нәзік психолог, шебер ұйымдастырушы, еңбекқор, өзіне талап қоя білетін ізденімпаз ғалым, кәсіби шеберлік деңгейі жоғары, даралық сапалары жетілген жетік маман болуы керек.

1- жүргізуші: " Мұғалім өмір бойы үйренуші, ол ізденуді тоқтатқан күні ұстаз болудан да қалады" дегендей

"Ең үздік тәлім алушы" онкүндігінің қорытындылау үшін мектеп директоры Катранова Айман Қамшыгерқызына сөз

береміз.

Келесі сөз басшылық деңгейді бітіріп келген оқу әдістемелік ісінің меңгерушісі Унақбаева Алмагүл Акашқызына беріледі.

Келесі сөз кезегі бірінші деңгей мұғалімдері Сакенова Б. Ә мен Куджанова А. беріледі.

Хор «7 модуль».














© 2010-2022